Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

БАҚ елшілері еленді

БАҚ елшілері еленді

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елордада «National Geographic Qazaqstan» журналының елшілері анықталды. Бұл 1888 жылдан бері тарихы бар басылымның елімізде жарық көре бастағанына 10 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Жиынға оқушылар, студенттер, зерттеуші-ғалымдар, ғылымды насихаттаушылар, экологиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Осы мерейтойға орай елімізде алғаш рет «National Geographic Qazaqstan» елшілерін жариялауға арналған ашық кездесу өтті. Жиында сөз алған «Kazmedia holding» компаниясының басқарушы директоры – «National Geographic Qazaqstan» журналының бас редакторы Айбын Шағалақ елшілер көп кандидаттың ішінен іріктеліп алынғанын атап өтті. Оның айтуынша, осыдан он жыл бұрын, ақпан айында «National Geographic Qazaqstan» журналының алғашқы саны шыққан. Содан бері басылым елімізде қазақ тілінде тұрақты түрде таралып келеді. Бұл – әлемге танымал бренд. Қазақ тілі «National Geographic» «отбасының» 38-тілі ретінде қосылды. Бүгінде журнал әлемнің 60-тан аса елінде жарық көреді, ал ТМД аумағында тек елімізде ғана шығады.

«Журналдың жаһандық миссиясы – әлемнің ғажайыптарын таныту арқылы табиғатты қорғауға, планетамызды сақтауға адамдарды жұмылдыру. Ал Қазақстандағы миссиямыз – әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулерді қазақтілді оқырманға ана тілінде жеткізу. Он жыл ішінде біз тек журнал шығарумен шектелмей, ағартушылық бағытта да жұмыс істеп келеміз. Іс-шара – журналдың 10 жылдығына арналған алғашқы жобалардың бірі. Бұл жобаның тарихы 1888 жылдан басталады. Сол кезде АҚШ-та 33 ғалым бірігіп, бүгінгі «National Geographic» журналын құрған. Қазір осы дәстүр жалғасып, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген адамдар марапатталып келеді. Олардың қатарында Харрисон Форд сияқты танымал тұлғалар, ғалымдар, экологтер бар. Біз осы идеядан шабыт алып, еліміздегі қоғамға үлес қосып жүрген азаматтарды анықтадық. Әртүрлі саладан табиғатты қорғау, қайырымдылық, әлеуметтік мәселелермен айналысып жүрген адамдардың тізімін ұсындық. Нәтижесінде, халықаралық сарапшылар екі адамды таңдады», дейді А.Шағалақ.

Көптің ішінен суырылып шыққан екеудің біріншісі – Каспий итбалығын қорғаумен айналысып жүрген эколог Әсел Тасмағамбетова. Екіншісі – есту және сөйлеу қабілеті шектеулі адамдарға арнал­ған қазақша ым-ишара тілін дамыту жобасын жүзеге асырып жүрген Нұрзада Амангелді.

Н.Амангелді «Естімейтін пайдаланушылар үшін қазақ ым тіліндегі веб-ресурстардың виртуалды аудармашысын әзірлеу» және «Қазақ ым тілін автоматты түрде сурдоаудармалаудың жаңа үлгілері мен әдістерін әзірлеу» жобаларының же­текшісі. Бұл жобаларды табысты жүзеге асы­ру арқылы ол инклюзивті инновациялар саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Марапаттаудан соң модератор А.Шағалақ екі елшінің жұмыстарын қыс­­­қа­ша айтып өтті. Оның сөзіне қара­ғанда, осыдан 14 жыл бұрын Орталық Азия экологиялық зерттеулер институ­тын құрды. Содан соң Каспий итбалық­тары­ның популяциясын кешенді зерттеу бағдарламасын әзірлеп, Каспий теңізі­не алғашқы халықаралық экспедиция ұйымдастырып, Қазақстанда алғашқы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығын құрды. Қазір институт бірқатар бағытты қамтитын маңызды жобалармен айналысады.

Өз сөзінде осы институт жұмыстарын кеңінен таныстырған Ә.Тасмағамбетова жиналған жұртты Каспий теңізінің күрделі жағдайына назарын аударды. «Көпшілік Каспийді өзгермейтін, тұрақты теңіз ретінде қабылдайды. Алайда бұл кейінгі жылдары біз оның көз алдымызда қалай өзгеріп жатқанын анық көріп отырмыз. Егер су деңгейі әрі қарай төмендей берсе, Каспийдің бірегей аумақтары жойылуы мүмкін. Ең алаңдатарлығы – бұл өзгерістер жай ғана табиғи үдеріс емес, олар өте жылдам жүріп жатыр. Ал негізгі себептердің бірі – климаттың өзгеруі. Мұның нақты салдары бар, соның бірі – су деңгейінің төмендеуі мен экожүйенің бұзылуы. Егер бұл үрдіс тоқтамаса, Каспий кей бөліктерінің тартылып қалу қаупі бар. Сондықтан ғалымдар қазір теңіздің болашағына қатысты түрлі сценарийлерді қарастырып отыр», дейді Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының құрылтайшысы Ә.Тасмағамбетова.

Спикердің сөзіне сүйенсек, институт зерттеумен шектелмей, нақты практикалық шешімдерді ұсынып келеді. Соның ішінде 2019 жылдан бастап итбалықтарды зерттеу және қорғау – негізгі ғылыми жобаларының бірі. Мұнда бақылаумен шектелмей, оларды құтқару, емдеу, зерттеу жұмыстары да жүргізіледі.

Екінші «National Geographic Qazaqstan» елшісі атағын алған спикер Нұрзада Аман­гелді 2019 жылы докторантураға түс­кенде ым-ишара тілін тану тақырыбын таң­да­ғанын, бәрі сол сәттен басталғанын айтты.

«Алғашында бұл ғылыми мәселе сияқ­ты көрінді. Бірақ зерттей келе, оның үлкен әлеуметтік проблема екенін түсіндім. Алғашқы мақалаларымды жариялауға тырысқанда «тіл әлі стандартталмаған» деген себеппен кері қайтарды. Әрине, мұндай сәттер адамды тоқтатуы мүмкін. Бірақ керісінше, бұл мені алға жетеледі. Жалпы, кез келген нәтиже – табандылықтың жемісі. Қанша рет құласаң да, қайта тұра білу маңызды. Жұмысымызды өте қарапайым жағдайда бастадық. Қаражат та, қолдау да болмады. Бірақ қолымыздан келгенін жасай бердік. Бүгінде біз – 10-нан аса адамнан тұратын стартап-компаниямыз. Бірқатар ғылыми шешімдеріміз­ді нақты өнімге айналдыра бастадық. Солар­дың бірі – балаларға арналған мультфильм жобасы. Әсіресе есту қабілеті шек­теулі балаларға арналған танымдық контенттің жетіспейтінін көрдік. Сол олқы­лықтың орнын толтыруға тырыстық. Кейін интернаттардағы балалардың осы контентті қызыға қарағанын көрдік. Сонда жасаған жұмысымыздың босқа кетпегенін түсінесің», дейді ол.

Н.Амангелдінің айтуынша, шынайы импакт дегеніміз – еңбегіңнің қоғамға нақты өзгеріс әкелуі. 2020 жылдан бастап ым-ишара тілінің маңызын көтеріп келеді, нәтижесінде қазір бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қарастырыла бастады.

«National Geographic Qazaqstan» елшісі атағын алған екі спикер де сөз соңында аталған марапат ең алдымен жауап­кер­­шілік сезімін ұялататынын, бұл өз ке­зе­гінде отандық ғылымның дамуына, эко­­номиканың өсуіне, қоғам өмірінің жақ­саруына ғалым, маман ретінде үлес қосу­ға шабыттандыратынын атап өтті. Nazarbayev University-дің қолдауымен өт­кен іс-шара елшілер «National Geographic Qazaqstan» түсірген табиғат картинасын иеленумен жалғасып, соңы спикерлер мен қатысушылар арасындағы бейресми талқылаумен тәмамдалды.

Соңғы жаңалықтар

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі

Спорт • Бүгін, 13:40

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады

Мәдениет • Бүгін, 13:28

Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады

Қоғам • Бүгін, 13:12

Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Медицина • Бүгін, 13:02

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 12:57

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

Әлем • Бүгін, 12:52

Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді

Спорт • Бүгін, 12:42

Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған

Медицина • Бүгін, 12:37

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Парламент • Бүгін, 12:27

Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды

Президент • Бүгін, 12:15

Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті

Спорт • Бүгін, 12:10

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады

Әлем • Бүгін, 11:53

Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді

Қоғам • Бүгін, 11:47

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 19:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары