Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Бақтияр Адамжанның есімі барлық құрлықтағы жазғы афишаларда жарияланды

Бақтияр Адамжанның есімі барлық құрлықтағы жазғы афишаларда жарияланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жуырда ғана Австралиядағы «Дракула» балетінің қойылымдарында сәтті өнер көрсеткен «Астана Операның» жетекші солисі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан Сидней мемлекеттік театры мен Мельбурндегі Hamer Hall концерт залы сахналарында 11-16 тамыз аралығында өтетін Ballet International Gala VII гала-концертіне қатысуға дайындалуда, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Астана Операның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаз басталысымен Бақтияр Адамжанның гастрольдік қызметі жылдан жылға қарқын ала түсуде. Сонымен, 12 шілдеде ол Грузия астанасы Тбилисиде Л.Минкустың «Дон Кихот» балетіндегі па-де-демен өнер көрсетті, одан кейін Италияға аттанып, онда 21 шілдеде әйгілі Арена ди Верона сахнасында, ал 26 шілдеде Кальяридегі беделді алаңда «Дон Кихот» және А.Аданның «Корсар» балеттерінен нөмірлерді ұсынды. Ал 28 шілдеден 2 тамызға дейін Австралияның Брисбен қаласындағы Квинсленд орындаушылық өнер орталығында BIG Live продюсерлік компаниясының «Дракула» спектакліне қатысты. Осы ретте Бақтияр Адамжанның жуырда ғана Лондон мен Эдинбургте «Дракула» балетінің премьералық көрсетілімдерінде басты партияны орындағанын, өзінің шебер техникасымен бүкіл Тұманды Альбион елінің көрермендерін таңғалдырғанын атап өтуіміз керек. Екі алаңда да қойылымдар қалың көрермен жинады.

Бір аптадан кейін Бақтияр Адамжан Сидней мемлекеттік театры мен Мельбурндегі Hamer Hall концерт залы сахналарын бағындыратын болады. BIG Live продюсерлік компаниясы ұйымдастыратын Ballet International Gala әлемдік балет өнеріндегі айтулы оқиғалардың бірі саналатынын атап өтуіміз керек. Осының дәлелі ретінде Australian Arts Review басылымы: «Шымылдық жабылғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы есте қалатын ұмытылмас кеш» деп жазған еді. Жыл сайын гала-кештерде әлемдік балет өнерінің ең жарық жұлдыздары көрермен қауым көптен күткен классикалық әрі заманауи туындыларды ұсынады. «Астана Операның» жетекші солисі Бақтияр Адамжан Ballet International Gala-ға 2022 жылы өткен бірінші концертінен бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгінде ол BIG Live продюсерлік компаниясының шақырылған жетекші солисі атанған жалғыз қазақстандық балет әртісі болып табылады.

Бақтияр өзінің шет елдерде кеңінен сұранысқа ие болуын қазақстандық балеттің деңгейі өсуінің арқасында деп санайды. – Отандық балет деңгейінің көтерілуіне «Астана Операның» ашылуы зор ықпал етті деп есептеймін. Театрымыздың қазақстандық балет өнеріне зор серпін әкелуі қазіргі таңда өз нәтижесін беруде. Әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсетіп, сонымен қатар шетелдік театр басшыларымен, көркемдік жетекшілерімен, танымал бишілермен әріптестік, достық қарым-қатынас орнату арқылы жинаған тәжірибемді келешекте Қазақстанның балет өнерін дамытуға арнау жоспарымда бар. Осы ретте менің жолымды ешқашан кес-кестемей, өнерімді шыңдауға қолдау білдіріп отыратын театрымыздың басшылығына және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғысымды айтамын, – деп пікірімен бөлісті жетекші солист.

Жасыл құрлықтағы көрермендердің алдында отандасымызбен бірге Берлин мемлекеттік балетінің прима-балеринасы Яна Саленко, Мариинский театрының бірінші солисі Мария Хорева, Үлкен театр солисі Макар Михалкин, Берлин мемлекеттік балетінің премьері Мариан Вальтер және тағы басқа балет майталмандары өнер көрсетеді. Бақтиярды олармен әріптестік қана емес, сонымен қатар ұзақ жылғы достық қарым-қатынас байланыстырады.

– Алдағы Ballet International Gala-да менің бидегі жұбым австралиялық балерина Эбби Хансен болады. Екеуіміз Цезарь Пунидің «Эсмеральда» балетінен «Диана және Актеон» па-де-десін, сондай-ақ Арам Хачатурянның атақты «Спартак» балетінен адажионы ұсынамыз. Бұл біздің дуэтте алғашқы өнер көрсетуіміз емес, осыған дейін де талай гала-балеттерде бірге билегенбіз. Біз бір-біріміздің техникамызды жақсы білетіндіктен, сахнаға шығу үшін бізге бір-екі дайындық жеткілікті, – деп атап өтті Б.Адамжан.

Қазақстандық №1 балет әртісінің гастрольдік өнер көрсетулері мұнымен аяқталмайды. Осы күзде, нақтысын айтқанда 23 қыркүйекте отандасымызды Сеулде (Корея), 6-17 қазан аралығында қайтадан Мельбурнде (Австралия), 4 қарашада Каирде (Египет) күтеді. Осылайша, Бақтияр Адамжанның халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларға тұрақты түрде шақыру алуы отандық балет өнерінің әлемдік мәдени кеңістіктегі ықпалын күшейте түспек. Оның әрбір сахналық қадамы – еліміздің халықаралық деңгейдегі мәдени дипломатиясын жаңа белеске көтеруге қосылған салмақты үлес.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 20:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары