Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

Барлық қызметтер дайын болуы тиіс : ТЖМ, ІІМ және әкімдіктерге Бектеновтан тапсырма берілді

Барлық қызметтер дайын болуы тиіс : ТЖМ, ІІМ және әкімдіктерге Бектеновтан тапсырма берілді

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 9 сәуірде, ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Өрт қаупі бар кезең болса енді ғана басталып жатыр. Бірқатар өңірде табиғи қорықтар мен орман шаруашылықтарының аумағы жанды. Далалы жерлерде де өрт ошақтары күн сайын тіркеледі. Даладан басталған қызыл жалын орман қорына ауысуы мүмкін. Өрттер флора мен фаунаға айтарлықтай зиян келтіреді. Барлық қызметтер жедел әрекет етуге дайын болуы керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев орман және дала өңірлерінде профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Әкімдіктерден қорғаныс белдеулерін құру, аумақтарды тазалауды жеделдету, техниканы дайындыққа келтіру, ауыл шаруашылығы жабдықтарында ұшқын сөндіргіштердің бар-жоғын тексеру және су көздерін дайындау талап етілетіні атап өтілді.

Премьер-министр өрт қаупін азайту жөніндегі республикалық және өңірлік іс-шаралар жоспарларын сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Елді мекендердің аумақтарын құрғақ өсімдіктер мен қоқыстардан тазартудың, сондай-ақ минералды оқшаулау жолақтарын құрудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

ТЖМ деректері бойынша бұл жұмыс Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстарын қоса алғанда, бірқатар өңірде тиісті деңгейде жүргізілмейді. Сондай-ақ, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарында аумақтарды тазарту аяқталған жоқ, бұл елді мекендерге тікелей қауіп төндіреді. Экология министрлігінің мәліметінше, өрт қауіпті маусымға дайындықтың төмен деңгейі Ақтөбе және Қызылорда облыстарында байқалып отыр.

Сурет: primeminister.kz

Олжас Бектенов әкімдердің алдына осы жұмысты жандандыру жөнінде міндет қойып, проблемалық мәселелерді шешуді тікелей бақылауына алуды тапсырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.

Экология министрлігі – өңірлерді авиапатрульдеумен толыққанды қамтамасыз етсін. Өрт қаупі жоғары кезеңде тікұшақтардың кезекшілігіне қатысты келісімшарт жасауды тездету керек. Әуе кемелері су шашатын құрылғылармен жабдықталып, орман қорына жақын маңда шоғырлануға тиіс. Сондай-ақ өрттің пайда болу қаупі жоғары жерлерде қосымша бақылау бекеттері орналастырылсын. Ормандар мен даланы аэровизуалды шолып зерттеу үшін пилотсыз аппараттарды белсенді пайдалану қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің әуе кемелерін жұмылдыруы керек. Сонымен қатар Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық бөлімшелері де әуеден бақылау және өрт сөндіру жұмыстарына тартылып, өңірлер бойынша тікұшақтардың орналасуы қамтамасыз етілсін. Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірге табиғи өрттерге қарсы әрекет ету жөніндегі республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шараларын ұйымдастырып, өткізсін. Оқу-жаттығу барысында трансшекаралық өрттерді сөндіру және көрші мемлекеттердің қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін пысықтау қажет. Сондай-ақ оқу-жаттығуға "Ауыл құтқарушылары" өрт сөндіру бекеттерін де тарту керек. Қазіргі таңда олар барлық өңірлерде белсенді түрде құрылып жатыр. Біз бұл бағытта жұмысты одан әрі жалғастырып, табиғи өрттерді сөндіру кезінде олардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің ахуалдық орталығында өрт қаупі жоғары кезеңде мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған жедел штаб құру қажет. Штаб жұмысы аясында өңірлердегі өрт жағдайын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ету керек. Экология министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, табиғатты қорғау және орман мекемелерін одан әрі жарақтандыру жұмыстарын жалғастырсын. Әкімдіктермен, Жасанды интеллект министрлігімен және "Қазақтелеком" компаниясымен бірлесіп, өрттерді ерте анықтау жүйелерімен қамту аясын кеңейтіп, олардың "Семей орманы" резерватының аумағында да жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет. Жасанды интеллект министрлігі өрттерді болжау және сөндіру алгоритмдері үшін қолданыстағы ақпараттық жүйелердің әзірлігін қамтамасыз етсін. Бұл орайда жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалану қажет. Болжау нәтижелерін әкімдіктерге және тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу керек. Әкімдіктер елді мекендерде ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырсын. Сондай-ақ өңірлерде әуе кемелерін тарту үшін жанар-жағармай материалдарының қажетті қорларын қамтамасыз еткен жөн. Өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтар су алу үшін қажетті су көздерін дайындау керек. Осы ұйымдастыру мәселелерінің барлығын 20-шы сәуірге дейін шешу қажет. ІІМ – өрт қаупі жоғары кезеңде ормандарда азаматтардың демалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын. Рейдтер мен патрульдеу кестесін жасаңыздар. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылардың барлығын жауапкершілікке тарту қажет. Төтенше жағдайлар, Экология, Мәдениет және ақпарат министрліктері мен әкімдіктер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге тиіс.

Тапсырмалардың орындалуын үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар, премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ормандарды сақтау және қорғауда заманауи цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді.

Резерват аумағында Премьер-министр орман және дала өрттерін ерте анықтауға арналған, ЖИ негізінде жұмыс істейтін жүйені пилоттық режимде енгізу нәтижелерімен танысты. Аталған технология өрт ошақтарын алыс қашықтықтан және кез-келген ауа райы жағдайында анықтауға мүмкіндік береді.

Мұнда Премьер-министр Олжас Бектенов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қатысуымен орман өртін қолдан ұйымдастырған оқу-жаттығу өткізілді. Резерват мамандары өрт сөндірушілермен бірлесіп, цифрлық технологиялардың тиімділігін және өрт сөндіру қызметінің өзара әрекеттесу алгоритмін көрсетті.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев заманауи тепловизиялық және оптикалық камераларды пайдалана отырып, тәулік бойы бейнемониторинг кешендері өрт белгілерін бастапқы кезеңде автоматты түрде анықтайтынын баяндады. Өрт немесе түтін анықталған жағдайда жүйе Жедел басқару орталығына бірден сигнал жолдайды, бұл өрт ошақтарын жедел оқшаулауға және жоюға мүмкіндік береді. Орталық камералардан алынған кескіндерді нақты уақыт режимінде көрсетуге арналған бейне қабырғамен, сондай-ақ стационарлық радиостансамен жабдықталған. Мұндай орталықтар Абай облысының 7 ауданында орналасқан "Семей орманының" барлық 10 филиалында ашылған. Өртті ерте сөндіру жүйесі 100-ден астам сынақтан өткізілген. Қазіргі уақытта оны жетілдіру бойынша жұмыстар, оның ішінде алты метеокешенмен және құрғақ найзағай соғуын анықтауға мүмкіндік беретін найзағай бағытын анықтау стансасымен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Сурет: primeminister.kz

Президент тапсырмасына сәйкес, өртті ерте анықтау технологиясы бүкіл еліміз бойынша кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Ақмола облысындағы бес орман шаруашылығы мен Астана маңындағы екі қорықта, сондай-ақ Қарқаралы және Баянауыл ұлттық парктерінде жүйенің екі кезеңді енгізілуі туралы "Қазақтелеком" АҚ цифрлық бизнес дивизионының бас директоры Бақтияр Қожахметов баяндады. Іле-Алатауы, Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде және "Көлсай көлдері" МҰТП-да жұмыстар аяқталуға жақын. Үшінші кезең Шығыс Қазақстан облысындағы 10 орман шаруашылығын және Қатонқарағай ұлттық паркін қамтиды. Осылайша, биылғы шілде айында еліміздің 24 табиғи паркі мен қорығының өрт қаупі жоғары аймақтарын қамтуды аяқтау, қыркүйек айында барлық жүйені өнеркәсіп мақсатында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес біз орман қорын қорғаудың түбегейлі жаңа стандарттарын енгізіп жатырмыз. Орманды қалпына келтіріп қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуға да бағытталған жүйелі шаралар қабылдануда. Президент айқындаған негізгі бағыттардың бірі – цифрландыруды енгізу. Өткен жылы резерватта 510 мың гектар аумақты қамтитын, 37 заманауи камерамен жабдықталған өртті ерте анықтау жүйесі енгізілді. Технологияларды тікелей патрульдеу шараларымен нығайту қажет. Бұл өте маңызды. Сондықтан өрт қаупі жоғары кезеңде орман күзетінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ол барлық қауіпті аймақтарды қамтуға тиіс. Жүргізіліп жатқан жұмыс "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасының мақсат-міндеттеріне толық сәйкес келеді, оның шеңберінде біз табиғи ресурстарды сақтап қана қоймай, азаматтардың экологиялық мәдениетін де арттырамыз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр жұмысты жеделдетуді және цифрлық технологияларды сапалы енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Краснокордон орманшылығының аумағын аралау барысында Олжас Бектенов Президенттің "Семей орманы" орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Сурет: primeminister.kz

"Семей орманы" МОТР бас директоры Қазбек Әметов соңғы екі жылда резерват паркі 100% заманауи техникамен жаңартылғанын хабарлады. Бүгінгі таңда оның тозу мәселесі толығымен шешілді, мәселен, 2023 жылы ол 85%-ды құрады. Тек өткен жылдың өзінде лизинг қаражаты есебінен 39 жаңа өрт сөндіру машинасы, 26 шағын өрт сөндіру кешені және аспалы жабдығы бар 10 трактор сатып алынды. Ықтимал өрттерді жедел анықтау және жою үшін кәсіпорынның қол астында 30 орман өрті стансасы, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның үш тікұшағы, 82 өрт сөндіру автомобилі, 49 шағын орман патрульдік кешені, 187 трактор (оның ішінде 70-і өрт сөндіру үшін), 49 патрульдік машина және тағы да басқа техникалар бар.

Сурет: primeminister.kz

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Қазақстанда өртке қарсы техникаларды жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл мақсаттарға 2024-2025 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден 21,5 млрд теңге бөлінді, нәтижесінде орман шаруашылықтарының ел бойынша жаңа техникамен қамтамасыз етілуі 87%-ға жетті. Орман шаруашылықтарынна 92 өрт сөндіру машинасы, 118 шағын орман патрульдік кешені, 244 трактор, 240 патрульдік машина және 3 мыңнан астам басқа да техника мен жабдық сатып алынды. Лизинг қаражаты есебінен 1057 өртке қарсы техниканы сатып алуға 35 млрд теңге бөлінді, осы жылдың мамыр айының соңына дейін бүкіл еліміз бойынша бұл жұмыстарды толық аяқтау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 16:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see117

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see116

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see115

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see115

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see114

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see113

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see113

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see113

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see113

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see113

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see112

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see112

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see112

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see111

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see111

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see111

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see110

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see108

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08 Шілде 2026 14:37see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары