Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Жаңа буын мамандары заманауи авиацияның сын қатерлеріне дайын болуы тиіс Ластаев

Жаңа буын мамандары заманауи авиацияның сын қатерлеріне дайын болуы тиіс Ластаев

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ИКАО EUR/NAT аймақтық директоры Николас Ралло семинардың ашылуы кезінде іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі сала көшбасшылары, оқытушылар және болашақ мамандар арасында кәсіби байланыс орнату екенін атап өтті.

— Орталық Азияны қоса алғанда, үкімет, азаматтық авиация органдары, өнеркәсіппен және академиялық ортаның өкілдерімен кездескенімде мен маңызды пікірлер естідім. Бұл пікірталастар авиация саласындағы кадрлық ресурстар мәселелерін бірлесіп, ынтымақтастық және ортақ міндеттеме арқылы шешуіміз керек деген сенімімді нығайтты, — деді ол.

Ал Көлік вице-министрі Талғат Ластаев авиациялық білім беру жүйесін дамыту мен білікті мамандарды даярлау саланың тұрақты өсуінің негізгі шарты екеніне назар аудартты.

— Бүгінде білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету ерекше маңызды. Жаңа буын мамандары заманауи авиацияның сын-қатерлеріне дайын болып, ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге қабілетті болуы тиіс, — деді вице-министр.

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева баяндамасында биыл 9 айдағы саланың өсім көрсеткіштеріне тоқталды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 7,2%-ға артты, ал соңғы үш жылда әуе кемелері паркі шамамен 15%-ға өсті. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 45%-ға арттыру жоспарланып отыр.

— Өнеркәсіптің қарқынды дамуымен авиация саласында кадрларға деген қажеттілік артып келеді. Осыған байланысты біз ИКАО-ның, соның ішінде NGAP бастамаларының маңызына ерекше назар аударамыз. Әсіресе жастар арасында кәсіби бағдар беру және авиация мамандықтарын насихаттау жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде, — деп атап өтті Салтанат Томпиева.

Екі күндік семинар спикерлерінің қатарында Еуропалық біліктілікті арттыру орталығының (JAA TO) бас директоры Паула В. де Альмейда; Eurocontrol әуе кеңістігі, жүйелері және процедуралары жөніндегі атқарушы менеджер Милена Боуман; GATE авиациялық оқыту бас директоры Дирх Янс; ENAC вице-президенті Николя Казалис және басқалар бар.

ИКАО (EUR/NAT) Авиациялық оқыту және кадрлық ресурстарды жоспарлау бойынша аймақтық семинарына Германия, Дания, Латвия, Португалия, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Швеция, Оңтүстік Корея және басқа да елдерден халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, авиация саласының және оқу орталықтарының өкілдері жиналды. 

Айта кетелік Қазақстан ИКАО Ассамблеясында 33 авиациялық бастаманы алғаш рет ұсынған еді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:323
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 16:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары