Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заманауи зерде тілге қызмет етуге тиіс

Заманауи зерде тілге қызмет етуге тиіс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаях­метов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғы­лыми-практикалық орталығы Жа­зушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов бастаған қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, «Ұлттық тіл қоры және әде­би мұра: ЖИ дәуіріндегі ортақ міндет» тақырыбында іс-шара өткізді. Жиында алғашқы сөз алған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов: «Қазір жасанды интеллект өте жылдам да­мып жатыр. Ол мәтін жазады, аударма жа­сайды, дерек талдайды, құжат әзір­лейді. Мұндай жағдайда қазақ тілі мен әдебиетін жасанды интеллект дәуірі­нің шетінде қалдырмауды мақсат етуге тиіс­піз», дей келіп Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі қазақ тілін цифрлық кеңіс­тікке енгізу бағыттарына ерекше мән бе­ріп отырғанын айтты. Сондай-ақ Талғат Ілияс­ұлы ЖИ саласындағы бастамалар­дың мазмұнына тоқталып, интеллект дәуірін­дегі тіліміздің толыққанды қолданылуы туралы маңызды ойларын ортаға сала келіп: «Алдағы уақытта Жазушылар одағымен бір­лесіп, қазақ тіліндегі сапалы контентті, оның ішінде әдеби цифрлық қорды дамыту, әдеби және ғылыми мәтіндерді цифрлық кеңістікке бейімдеуіміз керек. Сонымен қатар қаламгерлермен бірге көркем мәтін­дер­ді тіл үйрету үдерісінде тиімді пайдалану бағытында ортақ бастамаларды жүзеге асыруға болады деп есептейміз. Қазақ сөзі бүгінге дейін әр дәуірде өз формасын тауып келді. Бір кезде ауызша тарады, кейін тасқа қашалды, қолжазбаға түсті, кітапқа айналды, газетке шықты, радио мен экранға жетті. Осындай кезеңдерден өткен тіліміз жасанды интеллект дәуіріне де жетті. Осы кезеңде қазақ тілінің жаңа кеңістікке табиғи, сауат-ты, беделді және толыққанды тіл ретінде кіруін қамтамасыз ету ортақ міндетіміз ­болуы қажет», деді.

Жазушылар одағы басқарма­сы­­ның төрағасы Мереке Құлкенов: «Қазақ тілі – халқымыздың жаны, рухы, тарихи жады. Ал әдебиет – сол тілдің ең бай қа­зынасы, көркем ойдың, ұлттық дүние­та­ным­ның, халықтық таным мен мінездің сақ­таушысы. Сондықтан қазақ тілінің цифр­лық болашағы туралы сөз болғанда, әдеби мұраны айналып өту мүмкін емес. Егер біз қазақ тілінің жаңа технологиялар дәуірінде толыққанды қызмет етуін қаласақ, әдеби мұраны цифрландыруға, жүйелеуге, ғылыми тұрғыдан саралауға, оны заманауи технологиялық плат­формаларға бейімдеуге ерекше көңіл бө­луіміз керек. Жазушылар ода­ғы бұл жұмыстарға бейжай қарай алмай­ды. Өйткені әдебиет пен тіл тағдыры – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Бүгінде қазақ қаламгерлерінің шығармалары тек оқыр­ман­ға ғана емес, болашақта жасанды интеллект жүйелерінің де тілдік қорына айналуы мүмкін. Сондықтан көркем мәтіннің сапасы, тіл мәдениеті, сөз тазалығы бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Біз технологияның ұлттық мүддеге қызмет еткізуге мүдделіміз. Жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, әдеби мұраны жаңа буынға жақындатуға, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттауға күш салуы-мыз қажет», деді.

«Тіл-Қазына» мекемесінің басшысы Мақпал Жұмабай орталықтың цифрлық дәуір талаптарына қазақ тілін бейімдеу бағытындағы атқарып жатқан жұмысымен таныстырды. «Бүгінде қазақ тілін дамыту тек тілдік норманы сақтау немесе әдістемелік құрал әзірлеумен шектелмейді. Ендігі міндет – қазақ тілінің ақпараттық жүйелерде, мемлекеттік басқаруда, білім үдерісінде, құжат айналымында, аударма саласында, терминологиялық жұмыста және жасанды интеллектке негізделген жаңа сервистерде табиғи әрі сапалы қолданылуына жағдай жасау. Осы бағытта орталығымыз мәтінді автоматты өңдеу, қателерді автоматты танып, түзету, нақты уақыт режімінде аударма жасау, деңгейлеп тіл үйрету, жаңа терминдерді қазақ тілінің заңдылықтарына сай жүйелеу сияқты бірнеше қолданбалы шешім әзірлеп келеді», деді.

Іс-шара аясында жасанды интеллектіге тек технологиялық шешім жеткіліксіз екені, ол кеңістікке тілдің жаны, сөздің мәдениеті, ойдың тереңдігі енбесе, қазақ ұлты көштен қалатыны сөз болды. «Қазақ әдебиеті – тіліміздің табиғи қалпы, бейнелі ойлау жүйесі, ішкі әуені, сөз саптау мәдениеті сақталған үлкен рухани кеңістік. Сондықтан әдеби мұраны цифрлық кеңістікке бейімдеу, көркем мәтіндерді тіл үйрету үдерісінде тиімді пайдалану, қазақ сөзінің байлығын жаңа технологиялармен сабақтастыру бәрімізге ортақ міндет», деді Мақпал Жұмабай.

Кездесу барысында көрнекті жазушы Төлен Әбдік, Роза Мұқанова, Сауытбек Абдрахманов, Алдан Смайыл, Әлібек Асқар, Есберген Алауханов, Амантай Шәріп сынды жазушы, ғалымдар мазмұнды пікірлер айтты.  Әр пікірдің астарынан қазақ тіліне деген жанашырлық, әдеби мұраға деген жауапкершілік, жаңа дәуірге бейжай қарамау ниеті байқалып тұрды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 10:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see138

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see138

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see135

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see132

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see128

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see127

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see127

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see127

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see126

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see126

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see126

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see126

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see125

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see124

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see123

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see123

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары