Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жер ел игілігіне қызмет етуге тиіс

Жер ел игілігіне қызмет етуге тиіс

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жиында өңірдегі жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер қаралып, Жер кодексі талаптарының орындалуы, заңсыз пайдаланылған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды тұрғындар арасында тиімді бөлу мәселелеріне басымдық берілді.

Сөз басында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев «Жер аманаты» жобасының стратегиялық маңызына тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс нәтижесіне назар аударды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер – халықтың ең басты байлығы екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан бұл ресурс, ең алдымен, ел игілігіне қызмет етуге тиіс. Бүгінде басты міндеттердің бірі – пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. «Жер аманаты» жобасы осы стратегиялық бағытты жүзеге асырудың нақты тетігіне айналды. Осы жоба аясында өңірімізде 1 млн 850 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 2022-2026 жылдар аралығында 950,3 мың гектар жайылым жерлер ауылдық округ әкімдіктеріне қоғамдық жайылым ретінде пайдалануға берілді. Дегенмен Жер кодексі талаптарының өрескел бұзылғаны да анықталып отыр. Тұрғындар тарапынан партиямызға осы мәселе бойынша көп арыз-шағым келіп түсті. Мәселені жан-жақты қарау мақсатында «Жер аманаты» комиссиясының бүгінгі отырысын көшпелі форматта өткізіп отырмыз», – деді ол.

Өз кезегінде, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Жамбыл Сапарбеков Шардара, Келес және Сарыағаш аудандарында Жер кодексі талаптарының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері азаматтардан департаментке жеке және заңды тұлғаларға қатысты 701 арыз-шағым келіп түскен. Соның ішінде 249 арыз бойынша оң шешім қабылданып, 194 арыз бойынша заң талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ тиісті шешім қабылдау үшін 110 арыз құзырлы органдарға жолданса, қалған 148 арыз-шағым әлі де қаралып жатыр. Департамент өкілі 2024-2026 жылдар аралығында барлығы 5304 арыз-шағым келіп түскенін мәлімдеді. Соның ішінде Келес ауданы бойынша – 222, Шардара ауданы бойынша – 175 арыз-шағым қаралды. 

Уәкілетті мемлекеттік орган жүргізген жұмысты талдау барысында, Шардара, Келес және Сарыағаш аудандарында Жер кодексі талаптарының орындалу деңгейі сараланып, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету барысындағы кемшіліктерге назар аударылды. Талқылауда ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жерлердің бір бөлігі мақсатсыз пайдаланылып отырғаны, кейбір жер телімдерінің ұзақ уақыт игерілмей бос жатқаны айтылды. Сонымен қатар жер учаскелерін беру кезінде ашықтықтың жеткіліксіздігі, конкурс рәсімдерінің сапа­сына қатысты сұрақтар және құжаттандыру үдерісіндегі олқылықтар да сөз болды. Әсіресе, заңсыз иемденілген немесе тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау және оларды қайтару тетіктерін жетілдіру мәселесіне ерекше мән берілді.

Бұдан соң Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жұмасұлтан Бердешов «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында 2022-2026 жылдар аралығында мемлекет меншігіне қайтарылған жер телімдері және оларды қайта бөлу жұмыстары туралы есеп берді. Аудан басшысы қайтарылған жерлерді заң аясында тиімді пайдалану, соның ішінде ауыл тұрғындарына беру, кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау мәселелеріне баса мән беріліп отырғанын жеткізді.

Баяндама барысында 2022-2026 жылдар аралығында Шардара ауданында барлығы 114 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылғаны айтылды. Осы бағытта 2026 жылы 5 мың гектар жер қайтару жоспары бекітіліп, бүгінде оның 40 пайыздан астамы орындалды. Бес жылда қайтарылған жер учаскелерін қайта айналымға қосу мақсатында жерлерді жалға алу конкурстары ұйымдастырылып, жер пайдалану құқығымен 8 654 гектар жер учаскесі жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен жалға берілгені мәлімделді. Сондай-ақ тұрғын­дардың мал жаюы мен шөп шабуы үшін 24,8 мың гектар жер учаскесі уақытша өтеу­сіз 20 жылға резервке алынып, ауылдық округ әкімдіктеріне пайдалануға бекітіліп берілді.

Ал Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауданда пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспары жыл сайын артығымен орындалып келе жатқанын айтты. Мәселен, 2023 жылы 14100 гектар жерді қайтару жоспары 639 гектарға артығымен орындалса, 2024 жылы 3 мың гектардың орнына нақты 3274 гектар қайтарылған. Ал 2025 жылғы жоспар 4500 гектар болса, нақты 11965 гектар қайтарылып, жоспар 266 пайызға орындалды. 2026 жылы ауданға бекітілген жоспар 2300 гектар болса, алғашқы үш айда 2298 гектар қайтарылғаны айтылды. Қай­тарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 16,8 мың гектары елді мекендер ортақ пайдаланатын мал жайылымы ретінде қайта бөлініп, қоғамдық жайылымдарға бекітіп берілді.

Кеңес мүшелері аудандар әкімдерінің есебін талдап, «Жер аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігіне жан-жақты баға берді. Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселеге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекет меншігіне қайтарылған жер телімдерін қайта бөлу барысында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Кеңес мүшелері жер бөлу кезіндегі конкурстық рәсімдер заң талабына сай жүргізіліп, барлық ақпарат халыққа қолжетімді болуға тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар қайтарылған жерлердің нақты игерілуі мен оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне баса мән берілді. Яғни, жер телімдері тек бөлініп қана қоймай, олардың ауыл шаруашылығы айналымына енгізілуі жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті тұрғындардың табысын арттыру ісіне нақты ықпал етуі қажет екені айтылды. Жиында кейбір жер телімдерінің әлі де толық игерілмей жатқанына, инфрақұрылым мәселелерінің жерді тиімді пайдалануға кедергі келтіріп отырғанына назар аударылды. Осыған байланысты, қайтарылған жерлерді игеруге қажет жағдайларды қатар қамтамасыз ету мәселесіне де мән берілді.

Сондай-ақ Кеңес мүшелері жерді заңсыз иемдену фактілерінің алдын алу, мониторинг жұмысын күшейту және бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Осы санатта Келес ауданы Ошақты ауылдық округі Саттаров елді мекенінде және Бірлік ауылдық округі Қаратал елді мекенінде  бау-бақша шаруашылығын жүргізуге берілген жерлердің мәселесі талқыланды. Бұған қоса Ақтөбе ауылдық округінде заңдастырылмаған тұрғын үйлер мәселесін шешу жолдары қаралды.

Комиссияның көшпелі отырысында нақты азаматтық мәселелер де назардан тыс қалмады. Уәкілетті мемлекеттік органдар, аудан әкімдіктері және партия өкілдері қатысқан жиында Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Қожагелді Сман мен бірқатар ауыл азаматының арыз-шағымы қаралды. Өтініш иелері аталған аумақта тұрғын үй салып, қомақты қаржы жұмсағандарын, алайда жер телімдерінің құқықтық мәртебесі толық рәсімделмегенін жеткізді.

Осыған байланысты олар салынған баспаналарды заңдастыруға және жер телімдерін заң талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмек көрсетуді сұрады. Тұрғындар мәселенің ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келе жатқанын айтып, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан нақты қолдау қажет екенін атап өтті.

Комиссия мүшелері аталған мәселенің әлеуметтік маңызын ескере отырып, әрбір жағдайды жеке-жеке зерделеу қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар жер заңнамасының талаптарын сақтай отырып, азаматтардың құқығын қорғау, заң аясында оң шешім қабылдау жолдарын қарастыру бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Көшпелі отырыс барысында комиссия мүшелері жер мәселесінде формализмге жол бермей, нақты нәтижеге жұмыс істеу, заң талаптарының сақталуын қатаң бақылау және халықпен кері байланысты күшейту қажет екенін атап өтті. Комиссия отыры­сында қабылданған шешім жобасын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев таныстырды.

Аталған жиын – өңірдегі жер қаты­настары саласындағы түйткілді мәселелерді ашық талқылап, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындауға бағытталған маңызды алаңға айналды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы алдағы уақытта да жер ресурстарын әділ бөлу, заң үстемдігін қамтамасыз ету және тұрғындар мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек. 

Тілек ҚАБЫЛ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 04:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары