Бас прокуратура Әділет партиясына қатысты тараған ақпаратты жалған деп мәлімдеді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
2026 жылғы 4 тамызда жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында «Әділет» саяси партиясының қызметіндегі тексеру нәтижелері мен анықталған бұзушылықтар туралы Бас прокуратураның баспасөз хабарламасы жарияланды.
Бұл көрінеу жалған ақпарат болып табылады, Бас прокуратура мұндай сипаттағы хабарламаны жарияламаған, тексеру жүргізбеген.
Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің
3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Масс-медиа туралы» және «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңдарына сәйкес журналистер мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар ақпараттың анықтығын тексеруге және ол жалған әрі құқыққа қайшы болған жағдайда оны таратпауға міндетті.
Осыған байланысты Бас прокуратура заңнаманы сақтауға, жалған және құқыққа қайшы ақпарат таратпауға, ведомстволық интернет-ресурста орналастырылған Бас прокуратураның тек ресми хабарламаларына сенуге шақырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 18:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















