Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Батырхан Төлеуғали, таеквондошы: Финалдағы айқас киноға бергісіз болды

Батырхан Төлеуғали, таеквондошы: Финалдағы айқас киноға бергісіз болды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Биыл таеквондошылар 12 турнирге қатысып, ел мерейін асырды. Жоғарыдағы әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеді. Осы орайда аталған бәсекенің алтынын алған ұлттық құраманың белді өкілі, таеквондошы Батырхан Төлеуғалиды әңгімеге тартып, жарыс жайын сұрадық.

– Батырхан, әлем чемпионы атануыңмен құттықтаймын! Бұл жүлдені көптен бері ала алмай келгеніңді білеміз. Енді әсеріңмен бөліссең? 

– Құттықтауыңызға көп рақмет! Иә, әлем чемпионаты дейтін белестің ұзақ күттіргені рас. Жасөспірімдер арасында үшінші орын алғаным есімде. Содан бері алтынға қолым жетпей жүрген. Алланың қалауымен, биыл жыл соңында U21 арасында әлем чемпионы атандым. Турнирге келсек, Иран спортшысымен финалдағы кездесу қиынға соқты. Ол жартылай финалда бұған дейін әлем чемпионы атанған Бразилия мықтысын жарыстан ығыстырды. Маған да «оңай шағылар жаңғақ» болған жоқ. Десе де, барымды салып, жеңісті жұлып алдым. 

– Финалдағы жекпе-жегің тура фильмнің шарықтау шегіне ұқсайды. Соңғы соққыңды бұрыннан ойластырып жүр ме едің? 

– Шынымен де, финалдағы айқас киноға бергісіз болды. Соңғы сәтте жеңісті жұлып алғанымда өзім де эмоцияға ерік бердім. Өйткені көптен бері «әлем чемпионы атансам» дейтін арманым бар-ды. Білесіздер, осы Найробидегі бәсекеге дейін елімізде таеквондодан әлем чемпионы атанған спортшы жоқ-ты. Бейбарыс Қабылан сеңді бұзып, қазақ тарихында әлем чемпио­натының алтынын алған алғашқы таеквон­дошы болды. Іле шала мен де қатарға қосылдым. Ал соңғы соққыға келсек, бұл әр жаттығуда қайталап жүрген әдісім еді. Кәдеге жарағанына қуаныштымын. Өзім алдыңғы аяқпен қарсыластың басына, ішіне соққы жұмсап,  жұдырықпен ішке шабуылдайтын әдісті ұнатамын. Осы чемпионатта бапкеріміздің берген тапсырмасын бұлжытпай орындауға тырыстық. Жаттығу кезінде айтқан ақыл-кеңесін естен шығарғаным жоқ. Ақыры жекпе-жек пен соққы жайында әңгіме қозғадық қой, сіздерге бітіспей жүрген қарсыласым жайында айтайын. Ол – Корей елінің таеквондошысы. Жалпы, жарыста корей елінің спортшысы Сео Гон Ву әр жарыста сол спортшыға есе жіберемін. Минималды есеппен ұтыламын. Алдағы үлкен турнирлерде есемді қайтарамын деп ойлаймын.  

– Осы турнирде салмақ ауыстырдың. Бұған не себеп? Бір сұхбатыңда «таеквондода бой маңызды емес» деген екенсің. Шеберлік пен жігерден басқа таеквондода не маңызды рөл ойнайды? 

– Биыл 11-12 турнирге салмақ қуалап қатыстым. 80 келі салмақта сынға түсу үшін 6 келі салмақ түсіремін. Кейінгі жылы бапкерлердің айтуымен 87 келі салмақта топқа түсуге дайындалдым. Сөйтіп, Кения жерінде өткен ӘЧ-де 87 келі салмақта өнер көрсеттім. Аз уақыт қалса да, тыңғылықты дайындалып, межені орындадым. Жалпы, жарыс басталуына 2-2,5 апта қалғанда салмақты қадағалап, диетаға отырамын. Одан ерте салмақ қуалауды бастасам, әлсіреп қаламын. Жаттығуда күшім сарқылып, көңіл күйім болмайды. Салмағым таеквондо бойынша ауыр салмаққа жатқан соң жылдам төмен түседі. Өйткені көп терлеймін, көп күш жұмсаймын. Айта кетерлігі, салмақты соңына дейін қуаламаймын. Жарысқа 2-3 күн қалғанда екі келіні қалдырып қоямын. Оны жарыс кезіндегі бір-екі жаттығуда қуалап, салмақ өлшеуге дайын болып барамын. Ал салмақ қосу жағынан көбірек темір көтеріп, креатин іштім. Шыны керек, көбірек салмақ  қосу мақсат болмады. Аса салмақ қоспай, күшімді еселеп,  жарыста жеңіл қимылдауды қаладым. Салмақ қуаламай жарысқа қатыссам, миым жылдам жұмыс істеп, көңілім көтеріңкі болады. Бірақ алдағы жарыстарға 80 келі салмақта татамиге шығамын. Өйткені бұл – олимпиадалық салмақ. Алда Гран-при  жарысы мен Азия ойындары келе жатыр.  Бой турасына келсек, таеквондода бой маңызды емес. Маңыздысы – жұмысыңды мүлтіксіз орындау. Білгеніңнен жаңылмай, бапкер қойған талапты орындап, қарсыласыңның «жұмбағын» шеше алсаң, жеңіске жеттім дей бер. 

– Биыл сен үшін жарыс пен жүлдеге толы жыл болды. Соның ішінде қай турнир жеңіл өтті, қай тұста әттеген-ай дедің? 

– Иә, биыл жүлде жауған жыл болды. Жыл басынан бастап бас бапкеріміз Есбол Сұлтановтың нұсқауымен демалыссыз жарысқа дайындалдық. Турнирлерге аттанбас бұрын екі этаптан тұратын жаттығу жиынында бас қостық. Физика, тактика, техника жағынан қызу дайындалдық. 2025 жылдың бірінші бәсекесі Болгариядан басталды. Биыл шамамен 10-11 жарысқа қатысып, соның екеуінен жүлдесіз қайттым. Қазан айында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионаты мен Оңтүстік Кореяда өткен Гран-приде жүлде бұйырмады. Негізі, екі жарыс қатар-қатар өтті. Алдымен Оңтүстік Кореядан жүлдесіз келдім. Артынша әлем чемпионатында қолаға қол созым жерде жарысты аяқтадым. Бұл маған ауыр соққы болды. Кішігірім эмоциялық тоқырауды бастан кешірдім. Осындайда бапкерім, ата-анам мен бауырларым қолдау көрсетті. Алда тағы бір әлем чемпионаты барын, сонда өзімді көрсету қолымнан келетінін, маған сенетінін айтып, жұбатты. Әсіресе, бапкерімнің «Бәрі өткен шақта қалды. Ендігі мақсатың – алдағы әлем чемпио­натында топ жару, жасыма» дегені күш берді. Айтқанындай, келесі мүмкіндікті мүлт жібергенім жоқ. 

– Батырхан, U 21-де де, ересектер құрамасында да бой көрсетіп жүрсің. Бірде маған белгілі бапкер «біздің қателігіміз –  талантты спортшыларды жастарға да, ересектер арасында да  жарысқа қосып, физикалық және психологиялық түрде шаршатып алатынымыз» деген еді. Түбегейлі ересектерге өтетін ойың жоқ па? 

– Биыл 19-ға толдым. Әлі екі жыл U21 санатында өнер көрсете аламын. Биыл мұндай санатта әлем чемпионаты бірінші рет ұйымдастырылды. Сәті келіп тұрған соң өнер көрсеттім. Ел ішінде де, шетелде де ересектер арасында да, U21 санатында жарысқа қатысып жүрмін. Алда ересектер арасында әлем чемпионы атанғым келеді. 

– Есбол Сұлтанов бас бапкер атанғалы құрама қайта түлегендей. Сол кісі келгелі өзіңде не өзгерді? 

– Бұл сұраққа жауап бермей тұрып жеке бапкерім Николай Шарков пен Мейірхат Болатханов, алғашқы бапкерім Еркін Құсайыновқа алғыс айтқым келеді.  Қасымда жүрсе, соңына дейін қолдау көрсетеді. Елде қалса, қоңырау шалып, ақыл-кеңесін аямайды. Жарыстан кейін аяғымды жерге тигізбей күтіп алады. Ал бас бапкерім Есбол  Сұлтановқа айрықша алғыс айтамын. Жыл басынан бері осындай команда жинап, тыңғылықты дайындады. Жаттығу жиыны арасындағы демалыста үйге қайтқымыз келгенін білсе де, жібермей, жаттығуға көңіл бөлді. Кәсіби маманның аты кәсіби маман, қатаң талап қойып, соны орын­дауымызды қадағалады.  Олимпиада чемпиондарын жаттығу жиынына ертіп келіп, шеберлік сағатын өткізді. Сол кісінің арқасында  тәжірибе жинап, татамиге айрықша сеніммен шығамыз. Әлем чемпионатының қос алтыны да – бапкері­міздің тактикасы мен талабының жемісі. 

– Әңгімеңе рақмет!

А.АЙДАРҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары