Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Драматургиядағы дара даңғыл

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Ақ халаттыға адалдық жарасады

Таеквондодан әлем чемпионы Батырхан Төлеуғали өз жеңісінің сырын айтты

Таеквондодан әлем чемпионы Батырхан Төлеуғали өз жеңісінің сырын айтты

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

- Жанкүйерлер сенің көптеген жарыста биік белесті бағындырып жүргеніңді жақсы біледі. Таэквондоға неше жасыңда қадам бастың?

- Мен 2006 жылы қазіргі Абай облысы Аягөз ауданында дүниеге келгенмін. Алғаш рет таеквондоға қадам басқанымда небәрі жеті жаста едім. Оған ата-анам қолдау білдірді. Алғашқы бапкерім – Еркін Құсайынов. Содан бері спорттың осы түрінің қыр-сырына қанығып келемін. Шеберлігімді жетілдіруге көңіл бөлдім. Тәжірибемді арттыруға мән бердім. Тәжірибелі бапкерлер мені көптеген жарысқа алып барды. Шеберлігімді шыңдап келемін. Әлі де бағындыратын белесіміз алда деп ойлаймын.

- Былтыр қазақстандық таэквондошылар жоғары деңгейде ойын көрсетті деуге болады. Жарыстарға дайындық барысы қалай өтті?

- Әрбір жеңіс үлкен тер төгу арқылы келетіні белгілі. Беделді бәсеке алдында білікті бапкерлер біздің жарысқа әзірлік барысымызды таразылайды. Бұл орайда олардың еңбегін жоғары бағалауға тұрарлық. Былтыр біз ұдайы дайындық жүргізуге мән бердік. Өйткені, көптеген халықаралық жарыстар жалауын көтеріп, онда еліміздің намысын абыроймен қорғауға көңіл бөлінді. Шеберлігімізді шыңдап, тәжірибемізді арттыруға көңіл бөлдік.

Көптеген халықаралық деңгейде оқу-жаттығу жиынына қатыстық. Дүниежүзілік жарыстарда жоғары табысқа қол жеткізуге қол жетті. Біздің табысты ойын көрсетудің негізгі себебінің бірі осындай қамқорлықтың нәтижесінен болса керек-ті.

Бұл біз үшін кез келген бәсекеде өз деңгейінде ойын көрсетуге жол ашты. Олардың барлығын қайталап айтып жатпай-ақ қоялық. Қазақстандық таэквондошылар қандай жетістікке жеткенін жанкүйерлер жақсы біледі. Осы орайда федерация және бапкерлер қолдауы ерекше болғанын айта кеткеніміз артық емес. Осындай қамқорлық нәтижесінде біз көптеген жарыста жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің туын көкке көтеруге мүмкіндік алдық. Мұндай табыстар алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдемін.

Фото: Қазақстан ҰОК

- Былтыр 21 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алғаныңды білеміз. Дүбірлі додада сайыстар қалай өтті? Қандай қарсыластарыңды атап өтер едің?

- Өздеріңіз білетіндей, дүниежүзілік дүбірлі дода 3-6 желтоқсан аралығында Кения астанасы Найроби қаласында өтті. Онда ел намысын 16 спортшы қорғады. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үштіктің құрамына енді. Екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған ұлттық команда жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтап, тек Түркия мен Иранға есе жіберді. Онда менен басқа қазақстандық Бейбарыс Қаблан таеквондодан алтын жүлде жеңіп алса, Тамерлан Тілеулес таеквондодан Әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

Қай қарсыласымды да оңай болды деп айта алмаймын. Әрбір жекпе-жекте тартысты бәсеке өтті. Барлығы жүлделі орыннан көрінуге ұмтылды. Мен өз мүмкіндігімді мүлт жібермеуге тырыстым. Нәтижесін өздеріңіз білесіздер, чемпиондық атаққа қол жеткіздім.

Мен финалда кездескен ирандық Мохаммад Ализадені ерекше атап өтер едім. Тәжірибелі спортшы өзінің шеберлігін көрсетуге күш салды. Қолдан ұпай бермейтінін білдірді. Сондықтан мен бұл жекпе-жекте үлкен жауапкершілікпен өткізе білдім. Дәл соққы санын арттыруға назар аудардым. Нәтижесінде төрешілер менің жеңіске жеткеніме қолдау білдірді. Осылайша туған еліме алтын медаль сыйлауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға күш салатын боламын.

- Алда қандай жарыстар күтіп тұр? Мақсатың қандай?

- Қашанда спортшы жеңіс тұғырынан көрінгенді қалайды емес пе? Біздің алдымызда осындай міндеттер тұр. 2026 жылы қазақстандық таэквондошылар көптеген жарысқа қатысады. Олардың барлығы жоспар бойынша жүргізіледі. Биыл гран-при жарыстары өтеді. Одан кейін Азия ойындарында сынға түсеміз. Оған қоса Азия чемпионатын да естен шығармаймын. Қазақстан 2027 жылы таэквондодан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр. Жарысқа Канада, Франция, Үндістан, АҚШ, Түркия және Қытай секілді 22 елден 750-ден астам спортшы қатысады. Татамиге олимпиада чемпиондары мен әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шығады. Онда қазақстандық спортшылар жоғары деңгейде нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Ал 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтетіні белгілі. Әрбір спортшының басты мақсаты – аталған дүбірлі додада жанкүйер сенімін ақтап, жүлделі орындардан көріне білу.

Ендігі кезекте сол мақсатта тынбай тер төгеміз. Шеберлігімізді жетілдіріп, тәжірибемізді арттыра түсуге көңіл бөлеміз. Барлық жеңіс осындай еңбектің арқасында келетінін жақсы ұғамыз.

- Әңгімеңе рақмет. Алдағы уақытта үлкен табыстарға жете беруге тілектеспін.

Айта кетсек, 21 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Бейбарыс Қаблан сұхбатында «Алдағы уақытта да Қазақстан туын желбіреткім келеді» деген еді.

Ал таэквондодан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасының аға жаттықтырушысы Давран Разиев шәкірттерінің жетістігін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 16:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see141

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see135

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see133

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see132

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see131

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see131

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see130

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see127

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see127

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see124

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see124

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see123

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see123

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see123

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see122

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see120

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see117

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see114

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

16 Қазан 2026 21:39see113

Ақ халаттыға адалдық жарасады

17 Қазан 2026 07:47see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары