Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Егемендік алғалы бері қылмыс саны екі есе төмендеді. Мұндай оң динамика – кешенді профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Осы тұрғыда көшелерде, қоғамдық орындарда, жеке секторларда орнатылған миллионнан астам бейнекамераның да өзіндік үлесі бар. Мәселен, былтыр елімізде визуалды бақылау жүйесі көмегімен қылмыстың 58%-ы ашылып, 523 мың әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді.

Сурет ашық дереккөздерден алынды

Кейінгі жылдары елі­мізде қоғамдық қауіп­­сіздікті күшей­ту мақ­са­тында жасанды интеллектіге негізделген бейнебақылауды көбейтуге барынша назар аударылып келеді. Бұл – мемлекеттік органдар тарапынан қылмысқа қарсы күрестің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарас­тырылып отыр. Өйткені мұндай бақылау жүйесі қылмысты анықтауға ғана емес,  құқықбұзушылықтың алдын алуға да ықпал етеді. Қазір респуб­ли­када 1,5 млн-нан аса бейнекамера жұмыс істейді. Оның 25%-ы ІІМ-нің жедел басқару орталықтарына қосыл­ған. Соның көмегімен кез кел­ген құқықбұзушылықты нақты режім уақытында көріп, кезек­ші жасақ­тардың әрекетін үйлес­тіруге мүмкіндік артты.

Статистикалық деректерге көз салсақ, өткен жылы жүйелі профилактикалық әрі жедел жұмыстың нәтижесін­де қылмыс деңгейі 9 пайызға, яғни 8 мыңға, ал әкімшілік құқықбұзушылық 20 пайызға немесе 15 млн-ға дейін төмен­деген. Әсіресе кісі өлтіру, денсау­лыққа ауыр зиян келтіру, қарақ­шылық, тонау, ұрлық, бұза­қы­лық секілді басқа да ауыр, аса ауыр қыл­мыс­тар­дың ай­тар­лықтай азайғаны бай­қалды.

«Бізге қарасты камералар қылмыстың алдын алуға едәуір ық­пал етіп жатыр. Қоғамдық орын­дардағы қылмыс кейінгі жылдары 1,6%-ға, ал көшелерде көр­сеткіш 7,8%-ға дейін қыс­қарды. Бақылау жүргізе келе, анықтағанымыз, камера мен полиция қызметкерлері көп шо­ғыр­ланған аумақтарда қыл­мыс аз тіркеледі екен», деді ІІМ Әкім­шілік полиция комитеті төра­ға­сының орынбасары Әлібек Кеңісбаев.

Бүгінде әр облыста жедел басқару орталықтары (ЖБО) бар. Тіпті аудандар да кіші орталық санын арттыруға көңіл бөліне бас­тады. Мәселен, Павлодарда ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 24 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, қоғамдық тәртіп сақталуына айтарлықтай үлес қосылды.

«ЖБО-ның негізгі міндеті – қылмыстар мен оқиғалар туралы хабар­ламалар мен өтініштерді қабылдау, поли­цияның жедел әрекет етуін қамта­­­масыз ету және олардың оқиға орнына уақтылы жетуін бақылау. Криминогендік жағдайы күрделі, құқық бұзушы­лық жиі тіркелетін және адам көп жиналған аймақтарға басым­дылық беріледі. Не­гі­зі­нен, камера орнату барысында, қыл­мыс статистикасы, халық тығыз­дығы, көлік қозғалысының қарқын­ды­лы­ғы, әлеуметтік маңызы бар нысандардың болуы, қоғамдық тәртіпке қауіп төнетін факторлар ескеріледі. Өткен жылдың қорытындысында жедел басқару орта­лығында орнатылған бейне­ба­қылау ка­ме­раларының көме­гі­мен 196 қылмыс ашылды. Со­нымен қатар 24 729 құқық бұзу­шы­лықтың жолы кесілді, оның ішінде 2 094 – ұсақ бұзақылық, 2 871 – қоғамдық орындарда алкогольдік ішім­­дік ішу, 16 758 – жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі», деді Павлодар облысы ПД ЖБО бастығының міндетін атқарушы Гомар Шабиденов.

Жалпы, «Жедел басқару орта­лық­тарына шығара отырып елді мекендерді жаппай бейне­ба­қылау жүйелерімен қамту» жобасы аясында 100 тұрғынға шақ­қан­да 15 бейнекамера орнату көз­деліп отыр. Бұл көрсеткішке сәйкес елімізде шамамен 3 миллион камера қажет болады. Де­мек, енді тағы да 1,5 миллионы керек.

Сонымен қатар жасанды интеллект кірістірілген, бет-әлпетті тану, күдіктінің мінез-құлықын анықтау мен тағы басқа функцияларды орындай алатын 19 мың камера сынақтан өткізіліп жатыр. Осы жүйенің көмегімен былтыр 569 күдікті анықталып, ұсталған. Оған қоса халық көп жиналатын орындарда дауыс зорайтқыш, микрофон және полицияға тікелей байланыс орнатуға арналған «SOS» түймелері де орнатылып жатыр. Дегенмен бейнебақылаудың әсері әрқашан анық әрі оң бола бермейтінін айтпасқа болмас.

«Қазір Астана қаласы­ның полиция департаменті Жедел басқару орта­лы­ғының 47 мың­ға жуық бейнеба­­қылау камерасы бар. Көп жағдайда аза­мат­тар камераны байқап, заң бұзудан бас тартады. Яғни бейнебақылаудың бар екенін ескеріп, заңға қайшы әрекеттерден тартынады, демек бір жағынан қоғамда заңсыз әрекеттерге «тежеуші фактор» рөлін атқарып тұр. Алайда ол шешім қабылдауда адамды толық алмастырмайды, тек по­ли­­ция қызметкерлерінің жұ­мы­сын толықтырады. Жедел бас­­қару орталығы әдетте мониторинг, байланыс және талдау үшін заманауи технология­лар кешенін қолданады, тех­нология қателескен кездер бай­қалса, мәліметтер міндетті түр­де қызметкер тарапынан қайта тексеріліп жүр. Тағы бір айта кетерлігі, кейбір көшедегі қыл­мыс­­тар саны азайғанымен, интернет және алаяқтық сипаттағы қыл­мыс­тардың артуы байқалады», дейді Астана қаласы ПД ЖБО басты­ғының міндетін атқарушы Ержан Ануарбекұлы.

Көшедегі бейнебақылау жүйелерінің қылмыс деңгейіне ықпалы халықаралық деңгейде кеңінен зерттелген. Мысалы, Ұлы­британия – бейнебақылау жүйелері ең ерте және ең кең таралған елдердің бірі. Ел аума­ғында, әсіресе Лондон қала­сын­­да, қоғамдық орындарда камера­лар­дың тығыз орналасуы қалыпты жағ­дайға айналған. Зерт­теулердің басым бөлігі каме­ра­лардың ұсақ қылмыстарға, атап айтқанда автокөлік ұрлығы мен қоғамдық орындардағы мүлікке қол сұғу әрекеттеріне бел­гілі бір деңгейде тежеуші әсері бар екенін көрсетеді. Алайда зорлық-зомбылық, денсаулыққа қа­са­­қана зиян келтіру немесе қару­лы қыл­мыстарға қатысты айтар­лықтай төмен­­деу әлі де бай­қалмаған.

Британиялық тәжірибе бейне­ба­қылаудың қылмыстың алдын алудан гөрі, қылмысты ашу мен дәлелдеу құралы ретінде тиімді екенін айқын көрсетеді. Ал АҚШ-та бейнебақылау ор­талық­тандырылған ұлттық жүйе емес, жергілікті билік пен жеке сектордың бас­тамалары ар­қы­лы дамыған. Сол се­беп­ті ка­ме­­ралардың әсері әр қа­лада әр­­түр­лі. Тиімділік көбіне нақты ор­таға байланыс­ты байқалады: авто­тұрақтарда, метро стан­са­ла­рында, әуежайлар мен сау­да аймақтарында бейнеба­қы­лау ұрлық пен тәртіп бұзушы­лық­тар­ды азайтуға ықпал еткен. Ал әлеуметтік мәселелері күрделі, қылмыс деңгейі жоғары аудандарда камералардың әсері шектеулі. Америкалық криминологиялық зерттеулер бейнебақылаудың қылмыстың негізгі себептеріне әсер етпейтінін, тек қауіп факторларын бақылау құралы екенін көрсетеді.

Қытай бейнебақылау технологияларын ең кең ауқымда және ең қатаң форматта енгізген елдердің қатарына жатады. Мұнда біздің ел­де­гідей камералар жасанды интел­лект жүйелерімен бірік­тірілген. Бұл жүйелер қоғамдық тәртіпті сақтауда және қылмысты жедел анықтауда жоғары тиім­ділік көрсеткен. Алайда Қытай тәжіри­бесі жеке өмірге қол сұғу, азаматтық еркіндіктердің шек­­телуі мен мемлекеттік бақылау­дың күшеюі тұрғысынан халық­ара­лық дең­гейде сынға ұшырап отыр.

Германия, Франция, Нидер­ланд сияқты Еуроодақ елдерінде бейне­­ба­қылау жүйе­лері қатаң құқықтық нор­­малармен рет­те­леді. Мұнда камера орнату қа­жеттілігі дәлелденуге тиіс, дерек­терді сақтау мерзімі шектеу­лі, ал аза­маттардың жеке өмірін қорғау басты қағида ретінде қа­рас­тырылады. Бұл елдерде бейне­бақылау көбіне терроризм қаупі бар аумақтарда, ірі қо­ғам­дық іс-шаралар кезінде және көлік инфра­құ­ры­лымында қолда­нылады.

Шетелдік тәжірибелерді ескере келе, мынадай тұжырым жасауға болады: бейнебақылау жүйе­сінің тиімділігі оның қол­дану әдісі, құқықтық рет­телуі, әлеуметтік орта және техно­ло­гия­лық мүмкіндіктерге тікелей тәуелді. Сондықтан біздің елде де бейнебақылау тек қылмысты анықтау мен алдын алу құралы ретінде ғана емес, жеке өмірді қорғау және құқықтық нормаларды сақтау қағидаларын ескере отырып, кешенді жүйе ретінде қолданылғаны маңыз­ды. 

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары