Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Головкин президент болса...

Головкин президент болса...

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Афина Олимпиа­да­сының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, Қазақстан Ұлт­тық Олимпиадалық коми­тетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының прези­денті лауазымынан үміт­кер. Бүгінде World Boxing ұйымы Олимпиа­далық комис­сия­сының төрағасы қызме­тінде бокстың қарқын алып, қарыштап дамуына елеулі үлес қосып келеді. Дүние­жү­зіндегі әуесқой бокстың екі тізгін бір шылбыры жер­лесімізге бұйырса қанеки!

Фото: olympic.kz

Халықаралық бокс федерация­сының президенті лауазымына кімнің сайланатыны 23 қарашада Италияның Рим қаласында World Boxing конгресінде белгілі болмақ. Мәртебелі лауазымнан үмітті екінші адам – грек Мариолис Харилаос. Грекия бокс федерациясының президенті де белін бекем буып, әлемдік ұйымның басшысы атануға бекініп отыр.

Конгрестің баталасу отырысында халықаралық бокс федерациясының Атқарушы комитетіне кімдердің мүше атанатыны да анықталмақ. 2023 жылдың сәуір айында іргесін бекітіп, уығын қадап өз алдына дербес отау тіккен World Boxing ұйымына бүгінде 125 елдің әуесқой бокс федерациялары қарайды. Осы елдердің өкілдері дауыс беру арқылы президент сайланады. Геннадий Головкин былтыр қыркүйек айынан бері World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссия төрағасы болып тағайындалып, еңбек етіп келеді. Жүктелген міндет те зілмауыр – бокстың Олимпиада бағдарламасына сызылып кетпеуіне күш салу. Етек-жеңін енді қымтаған жаңа ұйымның Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ресми мойындалуына үлес қосу. Биылғы жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындады. Бұл шешім ұйымға әлемдік деңгейде боксты басқаруға құзыреттілік берді. Ал нау­рыз айын­да ХОК боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына ресми түрде енгізуге шешім шығарды.

Геннадий Головкин бокстың екі ар­насында да шыңдаудан өткен тұлға. Ғұмырының 30 жылға жуық уа­қытын бекзада спортқа арна­ған боксшы әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанды. Жазғы Олимпия ойындарының финалында жұдырықтасты. Кәсіпқой боксқа ауысқан соң бір емес үш бірдей тұжырымның чемпиондық белбеуін иеленді. Кәсіпқой бокс­та 45 жекпе-жек өткізіп, 42-сінде (37 қарсыласын нокаутпен ұтты) жеңіске жетті. Тек мексикалық Сауль Альварес Канеломен ғана үш рет жұдырықтасып, екі мәрте жеңілді, бір рет тең түсті. Жуырда  Францияның «Francs Jeux» порталына сұхбат беріп, боксты дамытуға қатысты келелі ойларын ортаға салған Геннадий Головкин атақ үшін атқа қонбайтынын мәлімдеді.

– Бокс Олимпиада бағдар­ла­ма­сынан сызылып қала жаздады.Әлі де тағдыры қыл үстінде тұр. Спорттағы бағымды ашып, намысымды қайраған бокстың келешегін қауіп бұлты торлағанда тыныш отыра алмадым. Бұдан былай бокстың өркендеп дамуы үшін нендей қарекет жасаймыз, қайтпек керек деген сауал мазалады. Буыным бекіп, бұғанам қатпаған жеткіншек шағымнан бокспен шұғылдандым, шағын ғана залда жаттығып, орасан жеңістерге жол ашылды. Боксшылардың қалай от пен судан өтетінін жүрегіммен сезіне аламын, өйткені өзім сол жолда келемін. Ендігі мақсат – бокстың қарқынды дамуына жол ашу. Айналасындағы дау-шардың өртін сөндіріп, әділ, анық, айқын жолмен қадам басу. Заман талабына сай инновациялық жаңашылдықты енгізуге күш саламыз, – деді Г.Головкин француз баспасөзіне берген сұхбатында.

Боксшылардың әлеуетін арттырып, бапкерлердің біліктілігін күшейтіп, төрешілердің білімін шыңдауда технологияның тигізер пайдасы орасан. Бокс спортының басынан бағын тайдыра жаздаған жайттың бірі – жемқорлық. Жазғы Олимпиада додаларында, әлем чемпионаттарында «мата даңқымен бөзін өткізгендер» сауда алаңына да айналдырды. Жазғы Олимпиаданың алауы алғаш тұтанған шақтан бері бағдарламасына берік орныққан бокс спортын өз биігіне қайта көтеру жолында қыруар шаруа тұр.

Халықаралық бокс федера­ция­сының президенті лауазымынан үміткерлердің қатарында украи­налық Владимир Кличко да сайлау­ға түсуді көздейтінін аңғартып, артынша райынан қайтты. Ген­надий Головкин World Boxing федера­циясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынғанда ең алдымен бокстың Олимпия ойын­дарындағы болашағын күшейтуге барын салатынын айтты.

– Менің миссиям – бокстың олим­пиадалық болашағын сақтау, осы спорт түріне сенімді нығайту. Спорт­шылардың, жаттық­ты­рушылардың бокс федерация­ларының дамуына серпін беріп, тал­пыныстарын қолдау – басты мұра­тымыз. Халықаралық Олимпиада комитетінің толыққанды мойындауына қол жеткізіп, 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес, одан кейін 2032 жылы Брисбенде жалауы желбірейтін жазғы Олимпиада додаларындағы орнын нығайтуды мақсат етеміз, – деді Г.Головкин.

 Отандасымыз World Boxing федерациясының президенті болып сайланса, Халықаралық спорттық ұйымды басқарған еліміздегі тұң­ғыш адам болмақ. Қазақ спортына өлшеусіз үлес қосқан Бекет Мах­мұдов Халықаралық бокс ассоциа­циясының (АИБА) вице-президенті қызметін 10 жылға жуық мерзім атқарды. 1996 жылдан 2006 жылға дейін халықаралық қауымдастық президентінің орынбасары лауазымын арқалағанда қазақ боксының қарқын алуына көп еңбек сіңіріп, жол ашты. Осы ұйымның қаржылық комиссиясының төрағасы, АИБА-ның Азия континенттік бюросының президенті қызметі жүктелгенде де абыройлы еңбек етті. Бекет Сапарбекұлы беделді ұйымда басшы болған жылдары еліміздің төрешілері халықаралық додаларда қазылық етті. 1996 жылы Атланта жазғы Олимпиадасында бокстан саңлақтарымыз 1 алтын (Василий Жиров), 1 күміс (Болат Жұмаділов), 2 қола (Болат Ниязымбетов, Ермахан Ыбрайымов) медаль олжалады. 2000 жылы Сидней төрін дүбірге бөлеген жазғы Олимпиада аламанына 10 салмақта тек 7 бокс­шымыз жолдама алып барды. Барды да, төртеуі финалға бір-ақ шықты. Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайы­мов ел мерейін үстем етіп, мейманамызды тасыта көк туымызды желбіретіп алтын медаль алды. Болат Жұмаділов, Мұх­тар­хан Ділдәбеков күміс медаль олжалады. 2004 жылы Афина жазғы Олимпия ойындарында Бақтияр Артаев – алтын, Геннадий Головкин – күміс, Серік Елеуов қола жүлдені қанжығасына байлады. Бекет Сапарбекұлы беделді ұйымның басшылық құрамында болғанда қазақ боксы жазғы Олим­пиада додасында үздік үштіктен төмендеген емес. Ал бүгінде бір емес, екі олимпиадалық циклде бокс­шыларымызға алтын медаль бұйырмады.

World Boxing ұйымының прези­денттігінен үміткер Геннадийдің ұлына жүктелер жауапкершілік жоғары болмақ. Әзірге басты меже – негізгі бәсекелесінен басым дауыс жинау. Ұйымның қазіргі президенті Борис ван дер Ворст сайлауға кандидатурасын ұсынбайтынын мәлім етті. Демек отандасымыздың грек бәсекелесінен оқ бойы озық шы­ғып, орасан дауыспен қара үзуіне мүм­кіндік мол. Лайым солай болғай.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары