Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

Дәстүрлі әншілер сайысы

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

Алматыда БАКАД бойымен жүру құны қымбаттайды

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

Ниет болса, жұмыс бар

Ниет болса, жұмыс бар

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, Шымкентте «Еңбек өмірдің тұт­қасы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда мыңнан астам жұмыс беруші екі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды.

Еңбек мобильділігі орталығы ­227 ме­кемеге қажетті мамандық­тар тізімін жариялады. Жәрмең­кеге мемлекеттік мекемелер мен индус­триалды аймақтардағы кәсіпорындар­дың өкілдері қатысты. Олардың арасында «Назар Текстиль», «Бал текстил», «Алтын-дан», «Marvik partners», «Wan sheng ceramic», «KARLSKRONA», «Altyn Land», «Фиркан», «Oks group», «Rixos Khadisha Shymkent» сынды өндіріс пен сервистік қызмет саласындағы ірі компания бар.

Іс-шара барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жәрмеңкені аралап, бос жұмыс орнын ұсынған кәсіпорын өкіл­дерімен тілдесті. Шаһар басшысы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасы мен қауіп­сіздікті сақтаудың, жұмысшылардың айлық жалақысы мен міндетті әлеуметтік төлем­дерін өз уақытында төлеп отырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ елдің экономикасын көтеруге жұмысшы мамандық иелерінің тигізер пайдасы зор екенін айтты. Халық тұтынатын тауардың барлығы дерлік еңбек адамдарының қолы­мен жасалатынын жеткізді. Сол себепті мемлекет бүгінде қарапайым еңбеккерлердің қоғамдағы абыройы мен беделін өсіруге барынша ықпал жасайтынына тоқталды. Қала әкімі жергілікті атқарушы билік жұ­мысшы мамандықтарына қолдау білдіру үшін ар­наулы оқу орындарына беріле­тін грант көлемі ұлғайғанын еске салды. Кол­ледждерде еңбек нарығында сұраныс тудырған кәсіптерге сай жаңа мамандықтар ашылды. Мәселен осы күнде театрда сахнаны көркемдеуші, жарық беруші секілді мамандықтар жетіспейді. Осы салада ұзақ жылдан бері қызмет істеп келе жатқан мамандар зейнет жасына жетті. Тіпті одан асып кеткендері бар. Міне осы олқылықтың орнын толтыру үшін колледждер жаңа мамандыққа оқыта бастады. Осы орайда қала әкімі жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру бағытындағы игі іс тоқтаусыз жалғаса беретінін жеткізді.

Мегаполистегі колледждер су саласына қажетті гидротехник секілді мамандықтарды оқыту бағдарламасына енгізді. Бір кездері осы мамандықты игергісі келетін жастар қатары қалың еді. Кейін 90-жыл­дардағы тоқырауда оның бәрі қысқарып, керек­сіз болды. Былтырғы алапат су тасқыны тұ­сында қарапайым су мұрабы сияқты ма­манға деген қажеттіліктің бары қоғамда қат­ты сезілді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы мә­селені көтеріп, су саласының мамандарын даяр­лауды қайта қолға алу қажеттігі жө­нін­де Үкіметке арнайы тапсырма берді. Мем­лекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкентте қазір жастар гидрология саласы мамандығын меңгере бастады.

Жәрмеңке барысында Еңбек мобиль­ді­лігі орталығының қызметкерлерін ­«Enbek.kz» порталының мүмкіндіктерін келу­ші­­лер­ге жан-жақты таныстырып өтті. Олар­дың ай­туынша бүгінгі цифрлық технология дамыған заманда интернет көмегі­мен үйде отырып-ақ құжаттық рәсімдерді оңай орындауға болады. Бұрын жұмыссыз ретінде тіркелу, одан жұмысқа орналасу көп қағазбастылықты талап ететін. Қазір цифрлық технологияның арқасында барлық құжаттық рәсімдер электронды түрдегі қызметке ауысты. Мұндай онлайн қызметтің тағы бір пайдасы сыбайлас жемқорлық жағдайын тудыратын әрекеттерді күрт азайтты.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарат­қан мәліметке сүйенсек, 2024 жылы ша­һар­да жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Мамандардың сөзінше жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – қала әкімдігінің ұйымдастыруымен тұ­рақты түрде өтіп тұратын бос жұмыс орын­дарының жәрмеңкесі. Жыл басынан бері осындай 8 жәрмеңке өтіп, оған түрлі санаттағы кәсіпорындар қатысып, мыңдаған жұмыс орнын ұсынды. Соны­мен қатар іс-шарада жұмыссыз жүр­ген азаматтарға мемлекет тарапынан көр­сетілетін жұмыспен қамту шаралары туралы айтылды. Кәсіптік оқыту, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орындары», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісім шарты» жобалары, қайтарымсыз негіздегі грант сынды қолдаулардың игілігі түсіндірілді. Бүгінге дейін жәрмеңке арқылы мыңға жуық адам жаңа қызмет тауып еңбекке тұрған. Оның ішінде 615 адам тұрақты жұмысқа, ал 269 адам уақытша жұмысқа орналасқан. Осынау игі істердің нәтижесінде 2025 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 0,1% төмендеп, 4,7% болды. Өз кезегінде жастардың жұмыссыздық деңгейі 3% аралығында сақталып отыр. Жұмыссыздық мәселесіне жауапты басқарма мамандары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі «Enbek.кz» порталының мүмкіндіктерін апта сайын сәрсенбі күндері жұртқа кеңінен түсіндіріп келеді.

Жәрмеңке барысында қаладағы кәсіп­орынның бірі «Alsera kz» ЖШС өкілдері мекемеге 52 адам қажет екенін мәлімдеді. Оның 50-і қарапайым жұмысшы. Оларға төленетін еңбекақы 150 мың теңгеден бас­талады. Сосын бас есепші қажет. Бұл ма­ман­дық иесінің жалақысы 500 мың теңге екен. Шығындарды есепке алу жөніндегі маманның да табысы 500 мың теңге мөлшерінде. Кәсіпорын бірнеше әлеуметтік жеңілдік қарастырып отыр. Оған тегін тасымалдау қызметі мен тегін ыстық тамақ кіреді.

Кілем және кілем өнімдерін тоқитын шаһардағы танымал кәсіпорын «Бал Текстиль» ЖШС өкілдері жәрмеңкеге 54 жұ­мыс­шы іздеп келіпті. Оның 30-ы тоқыма машинасының операторы. Еңбекақы 275 мың теңге шамасында. Дизайнер мамандарына 300 мыңнан астам айлық жалақы төлейміз дейді. Аспаз, тазалықшы, байланыс операторы мен күзетшілердің еңбекақысы да 150 мың теңгеден кем емес. Мұнда да фаб­рика жұмысшыларға әлеуметтік жеңіл­діктерден тегін тасымалдау қызметі мен тегін берілетін ыстық тамақты атап өтті.

Жәрмеңкеде кәсіпорын, мекемелерден бөлек, қайтарымсыз грант алып өз ісін ашқан 431 шағын кәсіпкер өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша мемлекет тарапынан берілетін грант шағын және орта бизнестің дамып, күш алып кетуіне үлкен көмегін тигізіп отыр. Осы демеу қаржының арқасында жаңадан кәсіп ашып аяққа тұрып кеткен кәсіпкерлер жетерлік. Олардың алды аймаққа танымал іскер азаматтар қатарына ілікті. Әсіресе грант қаражаты үйінде отырып тәттілер пісіретін кондитерлік цех ашуға немесе қора салып мал бордақылаумен, айран-сүт өндірумен айналысуға ниеті бар жандарға үлкен демеу болды. Экономиканы өрге сүйреуші күш шағын және орта кәсіпкерлік десек, осы саланың өркендеуіне бизнес бастамаларға берілетін грант көп септігін тигізді. Сонымен қатар грантпен кәсіп ашудың әлеуметтік маңыздылығын да ескере кеткен жөн. Бұл тұста кәсіпкерлер тек өзін ғана емес, айна­­ла­сындағы жақын туыстары мен доста­рын да қосымша жұмыспен қамтиды. Сол арқылы еліміздегі жұмыссыздық деңге­йі­нің азаюына оң ықпалын тигізіп отыр десек болады. Сол себепті де жұртты бос­қа қарап жатпай әрекетке талпындыру мақса­тында жәрмеңкеге грант иелері арнайы шақыртылыпты.

Басқарманың берген ресми деректеріне үңілсек бүгінге дейін жұмыспен қамту шараларына 22 178 адам қатысқан (4 500 адам кәсіби оқыту, 3 104 адам кәсіпкерлікті дамыту, 5 225 адам субсидияланатын жұмыс орындары, 12 175 адам бос жұмыс орындары негізінде қолдау тапқан). Мұнымен қоса Даму бағдарламасы, тұжырымдамалар мен жеке бастамалар арқылы 22 850 адамға арналған бос жұмыс орындары құрылған.

Одан бөлек, Шымкент қаласында жалпы биыл 49 655 адамды жұмыспен қамту шарасына тарту жоспарланса, қараша айының басында 48 174 адам мемлекет қолдауының шарапатын көрді. Соның нәтижесінде белгі­ленген меженің орындалуы 97 пайызға жетті. Мамандар бұл бағыттағы жоспар жыл соңына дейін орындалады деп отыр. Тұрақты және субсидияланатын уақытша (мәселен «Жастар практикасы», Қоғамдық жұмыс, Алғашқы жұмыс орны, Әлеуметтік жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты) жұмыс орындары, қысқамерзімді кәсіптік және онлайн платформаларда кәсіпкерлік дағдысын қалыптастыратын оқулар да жұмыспен қамтудың бір тетігі. Жоспарға сәйкес, аталған қолдау шараларына биыл 27 825 адам тартылуға тиіс. Бүгінге дейін осы тетіктер арқылы 22 178 адам екі қолға бір күрек тауып, еңбегінің игілігін көруде. Шымкент қаласының даму тұжырымдамасы мен жеке бастамалар (жекеменшік мектеп, балабақша, емхана, спорт нысандары, қызмет көрсету салалары) негізінде ашылған жұмыс орындарына жыл басынан бері 26 мыңға жуық азамат орналасты.

«Жұмыспен қамту бағытында еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азаматтар да шет қалған емес. Жыл басынан бері 961 ерекше жан жұмысқа орналас­тырылды. Сондай-ақ пробация қызметі есебінде тұрған 48, бас бостандығынан айы­ру мекемелерінен босап шыққан 16 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту шараларының тағы бір бағыты – қысқа­мерзімді кәсіптік оқу. Биыл 760 адам осы бағытта оқыды. Оның ішінде 600 тұрғын жұмыс берушілердің жұмыс орнына, 160 тұрғын білім ұйымдарында жаңа кәсіп үйреніп жатыр. Субсидияланатын жұмыс орындарынан – Жастар практикасы бағдарламасына – 1 727 жас, Әлеуметтік жұмыс орындарына – 116 адам, Қоғамдық жұмыс бағдарламасына – 2 655 адам, Алғашқы жұмыс орны бағдарламасына – 364 жас, Ұрпақтар келісімшарты жобасына – 10 жас маман мен зейнет жасына жақындаған азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасына 477 тұрғын қатысып отыр. Сонымен қатар жұмыс күші аз болған солтүстік өңірлерге 343 адам ерікті қоныс аударды. Бұл бағытта теріскейден келетін делегаттар ай сайын қала тұрғындарымен кездесіп, мемлекет қарастырған көмектер жайында халыққа жан-жақты талдап, насихат жұмысын жүргізуде. «Кешегі өткен жәрмеңкеге жұмыс күші аз аймақтардың әлеуметтік салаға жауапты өкілдері де келіп қатысты. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 25 320 балаға атаулы әлеуметтік көмектен 1.5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем тағайындалды. Шаһардағы тұрмыс жағдайы төмен 5016 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Ең бастысы халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атау­лы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59% азайған. Жергілікті атқарушы билік осы алған бағыт бойынша жұмысты жандандыра беретіндерін жеткізді. Бұл әлеуметтік мәселенің елімізде соның ішінде республиканың үшінші қаласында оң шешімін тауып келе жатқанын көрсетеді», деді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Жұмыс орындарының ашылуы бірінші кезекте экономикалық жағдайға байланыс­ты. Елде кәсіпорындар жұмыс істеп тұр­са, әрдайым еңбек нарығында сұраныс жо­ғары болады. Бұл ретте мегаполисте эко­номикалық өсім динамикасы жаңа инвести­циялар мен кәсіпкерлік белсенділіктің ар­қа­сында жылдан-жылға жоғарылап келе­ді. Тұ­тастай экономика саласының жанда­нуы­ның нәтижесінде сервистік қызмет пен өндірісте мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын арта түсуде. Осындай оңтайлы өзгерістер сәтінде жұмысшылар да жаңа еңбек нарығына бейімделіп, өздерін кәсіби тұрғыда таныта алуы керек.  

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

29 Қараша 2025 20:57see111

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

29 Қараша 2025 23:22see111

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

29 Қараша 2025 21:18see110

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

29 Қараша 2025 12:09see107

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

29 Қараша 2025 15:14see107

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

29 Қараша 2025 23:22see105

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

29 Қараша 2025 14:55see105

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

30 Қараша 2025 03:20see103

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

30 Қараша 2025 18:05see103

Дәстүрлі әншілер сайысы

29 Қараша 2025 12:44see102

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

30 Қараша 2025 18:48see102

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

29 Қараша 2025 19:14see102

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

29 Қараша 2025 14:39see101

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

29 Қараша 2025 13:09see101

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

29 Қараша 2025 10:09see101

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

29 Қараша 2025 14:06see101

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

29 Қараша 2025 18:03see100

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

29 Қараша 2025 10:08see100

Алматыда БАКАД бойымен жүру құны қымбаттайды

29 Қараша 2025 13:54see99

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

30 Қараша 2025 18:49see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары