Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Бағдар айқын, ниет түзу

Бағдар айқын, ниет түзу

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Іс-шараға сарапшылық және академиялық қауымдастық өкіл­дері, ғылыми-зерттеу инс­титуттарының басшылары, аза­мат­тық қоғам ұйымдарының мүшелері қатысты. Жиында жаңа Конституцияның мазмұны, оның құқықтық және саяси ма­ңызы, сондай-ақ негізгі заңда бекі­тілген қағидаттарды іс жүзін­де тиімді жүзеге асыру жолдары сөз болды.

Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма ­төра­ға­сының орынбасары Азамат Байғалиевтің айтуынша, жаңа Кон­ституцияда алғаш рет адам капиталын дамыту, бі­лім беру, ғылым және иннова­ция мем­лекеттік қызметтің стра­те­гия­лық басымдықтары ретінде нақты айқындалған.

– Ғылым конституциялық құндылық ретінде Жапония, Германия, Швейцария және Италия сияқты бірқатар елдің негізгі заңдарында бекітілген. Енді Қазақстан да ғылымды конституциялық деңгейде ­мойындайтын мемлекеттердің қатарына қосылды. Білім мен тех­нологияны осындай деңгейде бағал­ау – еліміздің ұзақ­мер­зімді дамуына берік негіз қалып­тас­ты­рады, – деді ол.

Заң ғылымдары магистрі, «Kazakh Invest» ұлттық ком­па­ниясының басқарушы ­директоры Нұрғазы Әнуарбеков жаңа Конституцияның өзегін құ­райтын «Әділетті Қазақстан» идея­сы мен «Заң мен Тәртіп» қағи­датын жүйелі іске асыру үшін арнайы мемлекеттік тұжырымдама қабылдау қажет деген пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл құжат 2021 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының» орнына келуге тиіс. Себебі қолданыстағы тұжырымдама кейінгі жылдары жүзеге асқан ауқымды саяси реформаларды толық қамтымайды әрі жаңа Конституция бекіткен құқықтық негіздер мен мемлекеттік дамудың жаңа бағдарларын жан-жақты ескермейді.

– Жаңа Конституция мемле­кет­тік тілде жоғары сапада әзірленіп, ұлттық дүниетаным мен тарихи ерекшеліктерді терең ескере отырып жазыл­ған. Преамбулада қазақ мем­лекеттілігінің мыңжылдық тарихы, ұлы бабалар аманатына адал ұрпақ екеніміз және өткен­нен тағылым алып, бола­шақ­қа сеніммен қадам бас­қан жасампаз, бәсекеге қабілетті ұлт екеніміз айқын көрініс тапқан. Сондай-ақ алғаш рет басты заңымыз ресми түрде «Ата заң» деп бекітілді. Оның іргетасын «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты құрайды. Сондықтан Конституцияда көзделген мақ­сат­тар мен кепілдіктердің толық жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін оларды кеңінен насихаттайтын тиімді тетіктер мен нақты іс-қимыл алгоритмдерін қалып­тас­ты­ру маңызды, – деді сарапшы.

Құқық саласының сарапшысы, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры Қуанышбек Мұқаш заң мен тәртіп ұғымын тек құқық қорғау органдарының қыз­метімен шектеуге болмайтынын айтты.

– Көпшілік заң мен тәртіпті полицияның, прокуратураның немесе соттың жұмысы деп қабылдайды. Алайда бұл – ең алдымен әр азаматтың өміріне тікелей қатысты ұғым. Заң мен тәртіп – қоғамдағы қауіпсіздіктің, әділдіктің және ертеңгі күнге деген сенімнің басты кепілі, – деді ол.

Сарапшының айтуынша, жаңа конституциялық жағдайда заңның үстемдігін қамтамасыз ету мен адам құқықтарын қорғаудың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Әлеуметтік-құқықтық саясаттың негізгі мақсаты – заңның баршаға бірдей әрі әділ қолданылуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті нығайту және азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту.

– Бұл бағыттағы саясат бүгінде нақты нәтижесін бе­ріп отыр. Кейінгі жылдары елімізде қылмыс деңгейі едәуір төмендеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 82 мыңнан 76 мыңға дейін азайды. Бұзақылық деректері 70 пайызға, ал тонау мен қарақшылық 80 пайызға қысқарды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру азаматтардың құқықтарын қорғауға да оң әсерін тигізді. Прокурорлық қадағалау нәти­жесінде 2,5 мыңнан астам адам негізсіз қылмыстық жауап­кершілікке тартылудан қор­ғал­ды, 12 мыңнан астам заңсыз шешімнің күші жойылды, – деді Қуанышбек Мұқаш.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституцияның ел ­дамуы үшін айқындаған жаңа бағыттарын тиімді іске асырудың құқықтық, институционалдық және практикалық тетіктеріне қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Сарапшылар негізгі заңда бекітілген қағидаттарды қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, құқықтық мәдениетті нығайту және мем­лекеттік басқарудың жаңа сапасын қалыптастыру алдағы кезеңнің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары