Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Драматургиядағы дара даңғыл

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Агломерация: Тіршілігі түзу тірек ауылдар

Агломерация: Тіршілігі түзу тірек ауылдар

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Статистика не дейді?

Ұлттық статистика бюросы ұсынған кейінгі деректерді басшылыққа алсақ, елімізде ауыл халқының саны 7,5 млн адам шамасында. Ауыл тұрғындарының жартысынан көбі елдің оңтүстігінде тұрады. Түркістан облысында шамамен – 1,6 млн, Алматы облысында – 1,3 млн, Жамбыл облысында – 687 мыңға жуық, Жетісу облысында 377 мың халық тұрады. Осының өзі көші-қонға өлкенің бұрыннан қалыптасқан географиялық, табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайы әсер ететінін көрсетеді. Мысалы, оңтүстік аймақтарда ел-жұрт қысы жайлы, жазы шұрайлы, малға да, жанға да әбден қолайлы болған соң тұрақтайды. Кейінгі жылдары ондағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен қоса, инфрақұрылым оңалып, жағдай әжептәуір жақсарды.

Дамудың бірден-бір себебін ауыл хал­қының жыл өткен сайын агло­ме­ра­цияларға, облыс орталықтарының маңы­на шоғырлануымен байланыстыр­сақ болады. Бүгінде ауыл халқының

26,1%-ы агломерацияға жақын тұрып, қала тыныс-тіршілігі мен экономикасының бір бөлігіне айналған. Олар ауылдан қалаға күнделікті жұмысқа қатынайды. Ауылда да солай, халықтың басым бөлігі ірі елді мекендерге шоғырланып жатыр. Мысалы, ауылдықтардың 81%-ы халық саны 1 мың адамнан асатын ауылдарда тұрады.

Ауылдарды ірілендіру үдерісі жүріп жатқан соң, шағын ауылдардың азаяты­ны түсінікті. 2020 жылдан бері 245 ауыл ­елді мекен мәртебесін жоғалтып, ірі ауыл­дарға қосылса, қазірдің өзінде шамамен 550 ауылдық елді мекен шағын (халқы ­

50 адамнан аз) саналады. Осындай шағын ауылдарда барлығы 15 мыңға жуық адам тұрса, бұл елдегі ауыл халқының шамамен 0,2%-ын ғана құрайды.

Агломерация – мүмкіндіктер мекені

Жалпы, «агломерация» термині экономикалық, мәдени әрі тұрмыстық жағынан бірімен-бірі тығыз байланыс­ты іргелес елді мекендердің бірігуі деген мағына береді. Осындай ірі елді мекендерде өнеркәсіп, инфрақұрылым, ғылым-білім, медицина – бәрі-бәрі қа­тар дамиды. Сәйкесінше, халық тығыз қоныстанады. Яғни Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Қостанай-Руд­ный, Павлодар-Ақсу қалалары агломерациясы деп тізімді жалғай берсек болады. Мемлекеттің де ұстанымы халықты әлеуметтік-экономикалық жағдайы тәуір, қалыптасқан, инфрақұрылымы бар, да­мыған ауыл, қалаларға қоныстанды­ру идеясымен астасып жатыр. Себебі түсі­нікті – ірі ауыл, қалаға халық тығыз қоныстанса, елді мекеннің көркейіп, қайта түлеуіне мүмкіндік молаяды. Осындай ауылдардың инфрақұрлымына, басқа да керек-жарағына деп бөлген қаражат ақталады.

Осыны ескере келе 2023 жылы «Агло­мерацияларды дамыту туралы» заң да қабылданды. Оның негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, жұмыс орындарын құру, қала маңын­дағы аумақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, ретсіз, берекесіз дамуды тежеу. Сол тұрғыда ақпарат көздері­нен оқып жүрген «бәлен ауыл қысқарып кетті» деген сипаттағы ақпараттарға үрей­ленуге негіз жоқ секілді. Өйткені ауылды көркейтеміз деп бюджет қаражатын болашағы жоқ, шағын ауылдарға босқа сарп етуге болмайды. Ауылдық елді ме­кен­дердің әлеуетін анықтауға арналған арнайы әдістеме бар. Онда экономика­лық көрсеткіштерді, инфрақұрылым­ның жағдайын, демографиялық деректерді, басқа да факторлар ескеріліп, тірек ауылдар анықталады. Бүгінде 6 096 ауыл­дың 1 117-сі тірек, 2 432-сі серіктес ауылдар қатарында. Әрі онда ауыл халқының 90%-дан астамы тұрады. Сәйкесінше, инфрақұрылымға негізгі инвестициялар дәл осы ауылдарға бағытталады. Есесіне, ресурстарды шашпай, қаржыны ауыл инфрақұрылымын дамыту мақсатында тиімді жұмсауға мүмкіндік туады.

Бұл ретте даму әлеуеті бар ауылдар тізіміне кірмеген елді мекендер де қараусыз қалмайды. Шағын ауылдарға қаражат жергілікті бюджет есебінен бө­лінеді. Серіктес ауылдарға қымбат инфрақұрылым салу тиімсіз болғанымен, ондағы жұрт ауызсу, электр, интернет секілді базалық инфрақұрылымнан тарықпауға тиіс. Ал басқа мемлекеттік, әлеуметтік, коммерциялық қызмет­тер жақын маңдағы тірек ауылдарда қол­жетімді болады. Сондықтан тірек ауылдар мен серіктес ауылдардың арасындағы жол бірінші кезекте жөнделеді.

Ауылды ірілендіретін жобалар баяны

Бүгінде өңірлік стандарттар жүйе­сіне сәйкес қала мен елді мекендердің тиісті нысандармен, қызметтермен қан­ша­лықты қамтылып жатқанына тал­дау жүргізіліп отырады. Мысалы, 2024 жылдың қорытындысында ауылдарды қамтамасыз ету деңгейінің орташа көрсеткіші 63,7%-ды құраған. Республикалық орташа деңгей – 64,1% шамасында болса, облыстар бөлінісін­де көрсеткіш әралуан. Экономикалық зерттеулер институтының баспасөз қыз­меті ұсынған ақпаратқа зер салсақ, ең төмен көрсеткіштер Абай облысында – 56,1 пайыз. Ұлытау облысында – 57,6, Ақтөбе облысында – 61,4, Шығыс Қазақстан облысында – 61, Батыс Қазақстан облысында – 62, Қостанай облысында – 62,5, Ақмола облысында 63,1 пайыз деңгейінде тіркелген. Тиісінше, ауылдарды қамтамыз ету жағынан Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда облыс­тарында көрсеткіштер салыстырмалы түрде жоғары. Бұл өңірлер арасындағы базалық мемлекеттік, коммуналдық, әлеу­меттік, цифрлық қызметтердегі алшақ­тықтарды азайту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет екенін көрсетеді.

Ауылдың жайын айтқанда инфра­құрылым мәселесін айналып өту мүм­кін емес. Шалғай ауылдағы ағайынның қалаға қоныстануына ауызсу, жол, жа­рық, жылудың жоқтығы бірден-бір себеп. Экономикалық зерттеулер инсти­туты басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметовтің айтуынша, кейінгі жылдары ауылда инфрақұр­лым жақсарған, ірі бағдарламалар жемісін бере бастаған.

– Зерттеулерден аңғарғанымыз, ауыл­дық жерлерде инфрақұрлым біраз оңалды. Айталық, ауылдардың ауызсумен қамтылуы 2019 жылы 86,4 пайыз шамасында болса, бүгінде 100 пайызға жеткен. Ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы ортада алаңсыз өмір сүруі үшін қабылдан­ған іс-шаралар көп. Мысалы, «Келе­шек мек­тептері» ұлттық жобасының аясында 83 мектеп салынған. Тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2019 жылы 132,9 млн шаршы метр болса, 2025 жылы 149,3 млн шаршы метрге дейін өскен. Осының арқасында бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 2019 жылғы 18,9 шаршы метрден 2025 жылы 21,3 шаршы метрге дейін артты. Елді мекендерді тұрақты дамыту мақсатында 2019 жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» атты ірі жоба іске асып келеді. Сол жылдан қазірге дейін 2,5 мың тірек және серіктес ауылда 7,6 мыңнан астам жоба іске асты. Осы кезеңде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 900 нысан, 2,4 мың әлеуметтік нысан, 4,3 мың шақырымнан астам ауылішілік жол жөндеуден өтті. Осының барлығы ішкі көші-қонды реттеп, тепе-теңдікті ұстауға негіз болатын іс-шаралар жиынтығы, – дейді Қ.Нығметов.

Кадр тапшылығы қалай шешіледі?

Түптеп келгенде, мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық тұрақтылығы ауыл­ға байланып тұр. Ауылсыз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүл­де мүмкін емес. Урбанизация өз алдына, бірақ, халық шамадан тыс қал­аға ағылса, кері салдары да болады. Со­ның бірі – жұмыс күші. Кейбір ауыл­дар­да дәрігерлерден бастап, қара­па­йым жұмысшы мамандық иелері, дәнекерлеуші, трактор жүргізушілері, ауыл шаруашылығынан хабары бар мамандар азайып барады. Қолынан іс келетін жастардың басым бөлігі қала­да такси жүргізіп, қоғамдық тамақтану орын­дарында немесе құрылыста жүр. Сарапшылардың пайымынша, жекелеген өңірлерде білікті кадрлардың тапшы­лығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты кедергілер әлі де сақталуы мүмкін.

– Ауылдық елді мекендерге, әсіресе білім, денсаулық салаларына, білікті мамандарды тарту, ұстап қалу объективті түрде қиын. Өйткені жайлылық, жалақы жағынан ауыл қалалармен бәсекеге түсе алмайды. Кадр тапшылығы бар ауылдарға жұмыс істеуге әрі тұруға келген мамандарды қолдау мақсатында «Диплом­мен – ауылға» жобасы жүзеге асып келе жатыр. 2020-2024 жылдар аралығында осы жоба аясында 46 мың маман көтерме жәрдемақы алған. Оның ішінде 20,7 мың маман тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиеге ие болды. Бірқатар өңірде жас, білікті кадрларды қолдауға қатысты қосымша іс-шаралар енгізілген. Соның бірі – қазір өңірде міндетті түрде жұмыс істеу шартымен оқу гранттары бар. Яғни өңірдің грантымен оқуға түскен маман оқуын аяқтаған соң, бірден ауылға жұмысқа барады. Сондай-ақ ауылға бес жыл, одан да көп мерзімге жұмыс істеуге баратын тапшы мамандықтардағы дәрігерлерге 100 ең төменгі жалақы (8,5 млн теңге) мөлшерінде бір реттік төлем ұсынылады. Заман талабы солай, жергілікті әкімдіктер тапшы мамандықтардың орнын ынталандыру шаралары арқылы толтырады. Бұл бір жағы қалада жұмыссыз жүрген кейбір мамандық иелеріне таптырмас мүмкіндік, – деді Қ.Нығметов.

Жұмыспен қамту іс-шараларына да әдеттегідей ірі ауылдардың тұрғын­дары тартылатыны түсінікті. Бұл бағытта мем­лекеттің кәсіпкерлікті қолдауға, ауыл ша­руашылығын дамытуға көрсетіп отыр­ған көмегі орасан. Оның барлығын түген­демей-ақ қоялық. Жалпы, ауылдарды бір орталыққа топтастырып, дамыту идеясын біз ғана емес, дамыған елдер де қолдайды. Қазір мемлекет ұстанып отырған саясатты назарға алсақ, ауыл қысқарып бара­ды деп бәйек болу орынсыз. Ғылым мен технология қарыштап дамыған заманда елден жырақ шаңқан үй тігіп, әлеуметтік, білім, медицина, басқа да қолдаулардан шет қалу, мәдениеттен алыстап, тағылық тұрмыс кешу кім-кімге де жарамайды. Статистикада жойылып бара жатқан ауылдардың барлығы да осындай ша­ғын, орталықтан өте алыс елді мекендер. Уақыт сәтімен олар да аудан орталығына іргелес ауылдарға қоныс аударып, тыныс-тіршілігін ірі ауылдармен байланыстырады. Шағын елді мекендерді қосып алуға халқы мыңнан асатын, болашағы бар ауылдардың әлеуеті әбден жетеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 11:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see136

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see132

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see128

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see125

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see123

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see122

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see121

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see121

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see121

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see121

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see119

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see119

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see118

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see118

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see117

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see116

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see115

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see115

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see114

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары