Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жиында 2026 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселелері қаралды.

— Өрт қаупі бар кезең болса енді ғана басталып жатыр. Бірқатар өңірде табиғи қорықтар мен орман шаруашылықтарының аумағы жанды. Далалы жерлерде де өрт ошақтары күн сайын тіркеледі. Даладан басталған қызыл жалын орман қорына ауысуы мүмкін. Өрт флора мен фаунаға айтарлықтай зиян келтіреді. Барлық қызметтер жедел әрекет етуге дайын болуы керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері еліміздің орман алқаптарында жалпы ауданы 794 гектардан асатын 36 өрт тіркелген. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 2026 жылдың көктем-жаз маусымы қалыпты көрсеткіштен 1-2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Сәуір айының екінші жартысында оңтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы +25…+35°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты табиғи өрттер қаупін азайту жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып, орман және табиғатты қорғау мекемелерін техникалық жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өрт қаупі анақұрлым жоғары аумақтарда тілсіз жауды ерте анықтау жүйелері енгізілуде.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов табиғи өрттерге жедел әрекет етуге арналған күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Ел бойынша 50 мыңнан астам жеке құрам және 11 мыңға жуық техника дайындыққа қойылды. Бұған қоса, Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағында 5 мыңнан астам қызметкер, 853 техника, 26 әуе кемесі және 218 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

Фото: Үкімет

Жедел әрекет ету тиімділігін арттыру үшін шекаралас мемлекеттермен өзара әрекеттесуді ескере отырып, іс-қимыл алгоритмі жаңартылды. Өрт жағдайына цифрлық және ғарыштық жүйелер арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, бұл күштерді басқаруды орталықтандыруға және шешім қабылдау уақытын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Еліміздің әрбір өңірінде авиациялық бөлімшелер құрылып, тәуекелі жоғары орман аймақтарында тәулік бойы жерүсті және әуе патрульдеуі ұйымдастырылған.

«Ауыл құтқарушылары» желісін дамыту ісі жалғасуда: бүгінде 167 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр, олардың санын 700-ге дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар күштер мен құралдардың республикалық тобы бекітілді. Мамыр айында Қостанай облысында «Өрт-2026» трансшекаралық өрттерді жою бойынша оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков ақпараттық жүйелердің өртті модельдеуге дайын екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, қауіпті болжау және өрттің таралуын модельдеуге мүмкіндік беретін метеоспутниктік деректер негізінде Tasqyn жүйесінде өрт қауіптілік кластары мен индекстерінің картасы іске қосылды. Жылу нүктесі деректерін өңдеу уақыты 20-30 минутқа дейін қысқартылып, ғарыштық түсірілімдерге жедел қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Фото: Үкімет

Өңір әкімдері қазіргі ахуал және өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, Абай облысының әкімі Берік Уәли алдын алу шараларын және патрульдеуді күшейту, ерте анықтау және ғарыштық мониторинг жүйесін енгізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, өрт сөндіру бекеттері желісін дамыту және күштер мен құралдарды даярлау, оқу-жаттығулар өткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Жыл басынан бері облыста тіркелген 2 орман өрті ешқандай зардапсыз жойылған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын екенін атап өтті. Күштер мен құралдар жасақталып, техника жарақтандыру күшейтілді, әуе патрульдеуі жүргізілуде, өртті ерте анықтау жүйелері енгізіліп, оның ішінде қолжетімділігі қиын аумақтар үшін мобильді топтар құрылды.

Фото: Үкімет

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі жағдайдың тұрақты екенін, өрт деректері тіркелмегенін айтты. Сондай-ақ азаматтық қорғау күштері қалыптастырылып, 1,2 мыңнан астам адам мен 600-ден астам техника жандандырылды. Өрт сөндіру бекеттерінің желісі кеңейтіліп, алдын алу шараларын қаржыландыру ұлғайтылды. Сонымен қатар техника жаңартылып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, өртті ерте анықтау жүйелері енгізілуде.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жыл басынан бері табиғи өрт оқиғалары тіркелмегенін хабарлады. Профилактика жұмыстары тұрақты жүргізілуде, күш-құралдарды дайындау жалғасуда. Бұл мақсатқа 3,2 мың адам, 1,1 мың техника мен басқа да жабдықтар жұмылдырылған. Әсіресе, орман өрттерінің алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. Осы жұмыстар аясында былтыр Әулиекөл ауданында бақылау мұнарасы орнатылды, тағы да 20 нысанның құрылысын салу жоспарлануда. 2028 жылдың соңына қарай орман мекемелерін өрт-бақылау мұнараларымен жарақтандыру деңгейі 100%-ға дейін жеткізілетін болады.

Фото: Үкімет

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов материалдық-техникалық базаны нығайту, техника сатып алу, дербес өрт сөндіру үшін мобильді топ құру жұмыстары туралы хабардар етті. Бұдан басқа, тәулік бойы бейнемониторинг қамтамасыз етілді, өрт сөндіру бекеттерінің желісі дамуда, Ми-8 тікұшағымен және «Қазавиаорманқорғау» бортымен әуеден шолу жоспарланған.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев орман және дала өңірлерінде профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Әкімдіктерден қорғаныс белдеулерін құру, аумақтарды тазалауды жеделдету, техниканы дайындыққа келтіру, ауыл шаруашылығы жабдықтарында ұшқын сөндіргіштердің бар-жоғын тексеру және су көздерін дайындау талап етілетіні атап өтілді.

Фото: Үкімет

Премьер-министр өрт қаупін азайту жөніндегі республикалық және өңірлік іс-шаралар жоспарларын сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Елді мекендердің аумақтарын құрғақ өсімдіктер мен қоқыстардан тазартудың, сондай-ақ минералды оқшаулау жолақтарын құрудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. ТЖМ деректері бойынша бұл жұмыс Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстарын қоса алғанда, бірқатар өңірде тиісті деңгейде жүргізілмейді. Сондай-ақ, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарында аумақтарды тазарту аяқталған жоқ, бұл елді мекендерге тікелей қауіп төндіреді. Экология министрлігінің мәліметінше, өрт қауіпті маусымға дайындықтың төмен деңгейі Ақтөбе және Қызылорда облыстарында байқалып отыр.

Олжас Бектенов әкімдердің алдына осы жұмысты жандандыру жөнінде міндет қойып, проблемалық мәселелерді шешуді тікелей бақылауына алуды тапсырды.

Айта кетелік Бектенов Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында өртке қарсы цифрлық жүйені тексерді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 15:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see117

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see116

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see115

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see115

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see114

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see113

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see113

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see113

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see113

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see113

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see112

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see112

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see112

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see111

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see111

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see111

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see110

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see109

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08 Шілде 2026 14:37see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары