Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Би мен музыканың үйлесімі

Би мен музыканың үйлесімі

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кейде өнерді түсіндірудің қажеті болмайды. Ол төл ағысымен жүріп, өз иіріміне тартып әкетеді. Би де сондай – сөзсіз сөйлейтін, үнсіз толғандыратын, жүректің терең қатпарларына жететін тылсым тіл. Жақында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында қазақ хореографиясының талантты өкілі, «Gulder» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың ширек ғасырлық белесін айшықтаған «Flow/Ағын» атты шығармашылық кеші өтті.

Әсілінде «Ағын» деген атаудың өзі көп нәрсені аңғартады. Өнер де – тоқтамайтын, бір орында тұрмайтын қозғалыс. Анвара Садықова үшін би тек әсемдік емес, ол – мазмұн мен драматургия. Хореографтың өзі: «Мен үшін би – тек қимыл емес, ол ішкі тыныс. Егер орындаушы алдымен сол тынысты сезінбесе, қимыл бос қаңқа күйінде қалады», дейді.

Концерт шымылдығын Бейбіт Оралұлының музыкасына қойылған бас балетмейстердің төл туындысы «Дала әуені» хореографиялық композициясы ашты. Елімізге танымал күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбековтің орындауындағы «Көңіл толқыны» күйіне қойылған биі де көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Гүлзада Рысқұлованың музыкасы мен сөзіне жазылған «Tolgonuu» әні автордың орындауында шырқалып, хореографиясына «Gulder» ансамблінің әртістері биледі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі байқаулар мен фестивальдарда қойылып жүрген Нұрғиса Тілендиевтің күйіне қойылған «Аққу» биі де көрермен көңілінен ерекше орын алды. Сахнада аққудың әсем болмысы мен сұлулығы нәзік қимыл, иірімге толы пластика ар­қылы әсерлі бейнеленді.

Бұл синтез – музыка мен қи­мыл­дың, тарих пен бүгіннің үнсіз диалогіне айналды. Музыка мен бидің жарасымды үндестігі концерттің көркемдік деңгейін арттырып, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Көрермен қауым әрбір қойылымды ерекше ықыласпен қабылдап, концерт соңында ұзақ уақыт қол соғып, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ концерт бағдар­ламасында Анвара Садықованың Қазақстанның жетекші хорео­графиялық, театрлық ұжымдарының репертуарына енген таңдаулы қо­йылымдары ұсынылды. Атап айтқанда, «Жан біткен петроглиф», «Толғау», «Ер Тұран», «Дайрабай», «Ақ Дариға», «Хафиз», «Серілер салтанаты» сынды билер орындалды.

Кеште «Gulder» ансамблімен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі, халықаралық байқаулардың лау­реаты Сұлтанбек Ғұмар, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Динара Құдабаева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Көркем Шолошова, Нұрай Шеру, Аққанат Смағұлова, «Turan» этно-фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен Қазақ ұлттық хореография акаде­миясының студенттері өнер көрсетті.

Шынында да, концерт шымыл­дығын ашқан Бейбіт Оралұлының «Дала әуені» композициясынан бас­тап, Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқынына» дейін әр туынды ұлт­тық рухтың пластикалық портретін бейнеледі. Мұнда дәстүр қатып қалған форма емес, үздіксіз дамып жатқан тірі ағза секілді көрініс тапты. Мазмұнды іс-шарада көрермен тұтас бір эстетикалық әлемге енді.

Ал кештің басты оқиғасы – француз композиторы Морис Равельдің музыкасына қойыл­ған «Замана жаңғырығы» этно-балеті­нің тұсаукесері. Бұл қойылым – тарихи-философиялық концепцияға құрылған кесек дүние. Сахнада Тұмар ханшайымның айбынды тұлғасы, сақ дәуірінің шежіресі мен көк түріктердің еркін рухы тоғысты. Хореограф еуропалық классикалық музыка мен қазақтың этно-пластикасын шебер үйлестіре отырып, қазақ биін этнографиялық шеңберден шығарып, симфониялық кеңістікке көтерді. Бұл – заманауи ұлттық хо­реографияның жаңа белесі.

Иә, би тілінде ұлттың болмысын сөйлету – сирек шеберлік. Ал оны бүгінгі көрерменнің жүрегіне жеткізе білу – одан да биік мұрат. Себебі қазақ биі – тек қимылдар жүйесі емес. Ол – көшпелі дүние­танымның, табиғатпен етене тір­шіліктің, еркін рухтың көрінісі. Білектің серпіні, иықтың қозғалысы, саусақтың майда иірімі – бәрі де зор мәнге ие. Анвара Садықова оны бүгінгі сахналық кеңістікке батыл алып шықты. Бір сәтте сахнада нәзік лиризм үстемдік құрып, даланың самалы сезілсе, келесі сәтте мінез, қуат, жігер жарқ етеді. Бұл контраст – қазақ болмысының өз табиғаты. Сол табиғатты би арқылы сөйлету – хореографтың ішкі мәдениеті мен терең танымының көрсеткіші.

Анвараның өнері – дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі. «Gulder» ансамблімен бірге атқарған еңбегі арқылы ол халықтық биді тек сахналық нұсқа ретінде ғана емес, тірі ағзадай дамитын, өзгеретін, толысатын құбылыс ретінде танытты. Хореограф пластикасында қазақ биінің нәзіктігі де, қайсарлығы да қатар өріледі. Бір сәтте – бұлақтай мөлдір, бір сәтте – дауылдай екпінді. Ал оның шығармашылық лабораториясы – ізденіс алаңы. Қазақтың көне қимыл өрнектерін симфониялық кеңістікке шығару, ансамбльдік биді драматургиялық тұтастыққа айналдыру, музыкалық құрылым мен пластикалық шешімді бір арнаға тоғыстыру – мұның бәрі ұзақ жылдық тәжірибенің жемісі.

Анвара Садықова – тек 70-тен астам бидің авторы ғана емес, ол ұлттық өнерді ғылыми тұрғы­дан зерттеп, насихаттап жүрген ізденімпаз тұлға. Атап айтсақ, ол ұлттық хореография тарихы туралы үш деректі фильмге сценарий жазып, режиссерлік етті. Ұлттық балет мәселелеріне арналған 25-тен астам ғылыми зерттеу мақала мен төрт кітаптың авторы. Халықаралық кәсіби қызметке де белсене араласып, Латвия, Ресей, Беларусь, Қазақстандағы халықаралық хорео­графиялық байқаулардың қазылар алқасының мүшесі болып жүр. Оның шығармашылық лабораториясында халықтық би музейлік жәдігер емес, бүгінгі күнмен қатар тыныстайтын тірі құбылыс.

«Ұлттық өнерді әлемге шығару үшін алдымен, өзің оны терең түсінуің керек. Біз өз болмысымызды мойындасақ қана, өзгеге қызық боламыз», деді кеш соңында Анвара Әріпқызы.

Сахна шамдары сөніп, көрермен тарқағанымен, «Ағынның» әсері жүректе қалды. Өйткені шынайы өнер – уақытша құбылыс емес, руха­­ни тәжірибе. Анвара Садықованың ширек ғасырлық еңбегі қазақ биі­нің арнасы кеңейіп, тереңдеп, жаңа белестерге бет алғанын айғақтады. Өнердің ағысы тоқтамайды, ол – мәңгілік қозғалыс.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Мектеп • Кеше

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды

Қоғам • Кеше

«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды

Оқиға • Кеше

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Аймақтар • Кеше

Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз

Ата заң • Кеше

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Қоғам • Кеше

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Футбол • Кеше

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Ата заң • Кеше

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

Ата заң • Кеше

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Қоғам • Кеше

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Кеше

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Кеше

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары