Сахна өнерінің үйлесімі
Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Кеш музыкалық театрдың сан қырлы әлеміне жетелеген ерекше сапарға айналып, отандық және әлемдік мюзиклдердің жарқын көріністерін бір сахнада тоғыстырды. Қойылымның басты ерекшелігі – әртістің бір мезетте әнші, актер, биші, кей жағдайда музыкант ретінде өнер көрсете білуінде. Көрер көзге жеңіл көрінгенімен, бірнеше рөлді атқару әртіске өте қиын. Мюзиклдің бойында музыка, драма, хореография, опера, акробатиканың элементтері бар. Әртүрлі жанрдың бір ғана мюзикл жанрының ішіне кірігуі айтулы жанрдың тартымдылығын арттырады. Бала кезімізден таныс көптеген фильмдер мен мультфильмдер де осы жанр элементтері негізінде жасалған. Мысалы, «Frozen», «Aladdin», «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер» сияқты туындыларды атауға болады.
ХХ ғасырдың 60–70-жылдары қазақ эстрадасының алтын ғасыры. Осы жылдар аралығында күміс көмей әншілер Роза Бағланова, Ескендір Хасанғалиев, «Дос-Мұқасан» ансамблі қазақ сахнасында өнер көрсетті. «Astana Musical» сахнасында бүгінде аты аңызға айналған әнші туралы «Роза Бағланова» мюзиклі қойылды. Онда әншінің майданда бастан кешкен сұрапыл өмірі туралы баяндалады. Театр әртістері миллиондаған жанның жүрегінен орын тапқан, майдан уақытында үміт сыйлаған әншінің бейнесін әсерлі музыкалық нөмірлер мен жүрек тебірентер монологтар арқылы жеткізеді. Аталған қойылым Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII халықаралық мюзикл фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» атты екі беделді марапатқа ие болған.
Сахнада әлемдік музыкалық театр жауһарлары – «Moana», «Mamma Mia», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Aladdin» мюзиклдерінен үзінділер орындалды.
«Мюзикл әлеміне саяхат» бағдарламасы музыкалық театр жанрының байлығын көрсетіп, көрерменге отандық және әлемдік сахна өнерінің үйлесімін танытты. «Astana Musical» театрының қойылымдары мюзиклдің қазақ мәдениетіндегі орнын нығайтып, бұл жанрдың болашағы зор екенін дәлелдейді.
Кәлима ТЕМІР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















