Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Сахна тынысы сарапталды

Сахна тынысы сарапталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Театр өнерінің шығармашылық тынысын кеңейтіп, жаңа қойылымдардың көркемдік деңгейін саралауға бағытталған дәстүрлі «Алтын сақа-2026» VIII театрішілік жаңа қойылымдар фестивалі биыл айрықша мазмұнда өтті. Бұл жолғы өнер додасы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, ұжым тарихындағы маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды.

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 2016 жыл­­дан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан фестиваль алғашында балаларға арналған қойылымдар байқауы ретінде басталып, уақыт өте келе ауқымы кеңейіп, бүгінде театр репертуарын толықтырған жаңа спектакльдердің кәсіби деңгейін баға­лай­тын ірі шығармашылық алаңға айналды. Актерлер мен режиссерлер арасындағы көркемдік бәсекені күшейтті. Биылғы фестиваль осы үрдісті жалғастырып қана қоймай, оны мазмұндық тұрғыдан тереңдете түсті. 2025–2026 жылдары театр репертуарына енген жеті жаңа қойылым бір сахнада тоғысып, көркемдік сапа мен шығармашылық ізденістің өзіндік өлшеміне айналды.

Фестиваль шымылдығы Е.Шварц­тың «Күлбикеш» ертегісімен түрілді. Бұл қойылым ғана емес, театрдың негізгі мұраты жас көрерменді тәрбиелеу мен эстетикалық талғам қалыптастыру идеясын айқын көр­сеткен рәміздік бастау болды. Спектакль алдындағы думанды іс-шара, цирк әртістерінің  өнері мен ертегі кейіпкерлерінің балалармен жүздесуі театр кеңістігін нағыз мерекелік алаңға айналдырды.

Фестиваль бағдарламасы одан әрі қарай да алуан бағыттағы қойы­лымдармен жалғасты. Атап айтсақ, «Қорғансыз» спектаклі ұлттық дра­матургияның терең психологиялық иірімін ашса, «Перзентхана» бүгінгі қоғамдағы адам тағдыры мен моральдық таңдауларды сахна тілімен жеткізді. Ал «Гамлет. Соңғы күндер» қойылымы классикалық мәтіннің заманауи интерпретациясы арқылы көрерменді жаңа ой кеңістігіне жетеледі. Классика мен қазіргі заман үндестігі «Шие бағы» мен «Ревизор» қойылымдарында айқын көрінді. А.Чехов драмасындағы уақыт пен тағдыр философиясы нәзік берілсе, Н.Гоголь комедиясы қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды өткір сатира арқылы әшкереледі. «Бәрі жақсы...» спектаклі фестивальдың финалдық аккордына айналып, қарапайым өмірдің астарындағы күрделі мәнді көрерменге сезіндіре білді.

Қойылымдарға Анар Еркебай, Темур Рашидов, Тигран Мартиросян сынды халықаралық деңгейдегі сарапшылар кәсіби баға берді. Олардың әр спектакльден кейінгі талдаулары театр ұжымына бағыт беретін маңызды бағдар болды. Өнер думанының мазмұнын байытқан тағы бір оқиға – көрерменмен тікелей байланыс орнатуға бағытталған ашық алаңдар. Театр фойесінде өткен фан-кездесулер мен спектакльден кейінгі талқылаулар өнерді қабылдаудың жаңа мәдениетін қалыптастырды. Көрермен енді бақылаушы ғана емес, шығармашылық үдерістің белсенді қатысушысына айналды.

Фестивальдың және бір ерекше жобасы – «Театр түні». Бұл кеште көрермен сахна сыртындағы тіршілікті көруге мүмкіндік алып, спектакльдің қалай дүниеге келетінін, актер мен режиссердің ізденісін көзбен көрді. Осы арқылы театрдың «тірі ағза» екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Ал фестиваль аясында өткен «80 жылдық тарих пен тағылымдағы сахналық дәстүр, актерлік мектеп және көркемдік мұра» атты дөңгелек үстел театрдың өткені мен бүгінін сабақтастырған тағылымды жиын болды. Онда Байділда Қалтаев, Мәкіл Құланбаев, Алтынбек Кенжеков сынды сахна саңлақтарының мұрасы еске алынып, әртістердің ұлттық театр өнеріндегі орны айрықша атап өтілді. Айтулы тұлғалар атындағы арнайы жүлделер тағайындалды. Атап айтсақ, Алтынбек Кенжеков атындағы арнайы жүлде «Гамлет. Соңғы күндер» спектакліндегі Клавдий рөлі үшін Еділ Рамазановқа, Мәкіл Құланбаев атындағы арнайы сыйлық «Шие бағы» қойылымындағы Леонид Гаев бейнесі үшін Жомарт Зейнәбілге, ал Байділда Қалтаев атындағы жүлде «Ревизор» спектакліндегі Дуанбасы рөлі үшін Ерлан Кәрібаевқа табысталды.

Сонымен қатар қорытынды кеште фестиваль жеңімпаздары анық­талып, үздік актерлік жұмыстар мен қойылымдар арнайы марапаттар иеленді. Осылайша, «Алтын сақа-2026» фестивалі қойылымдар бәйгесі ғана емес, театрдың бүгінгі тынысы, көркемдік деңгейі мен болашақ бағыт-бағдарын айқындайтын маңыз­ды мәдени алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

Өнер • Бүгін, 09:13

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Саяхат табысын еселеуге не кедергі?

Туризм • Бүгін, 09:05

Өрт сөндіру техникасымен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

Көрме • Бүгін, 09:00

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Туризм • Бүгін, 08:55

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Оқитын ұлттың ойы озық

Пікір • Бүгін, 08:48

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна тынысы сарапталды

Театр • Бүгін, 08:43

Жаңарған музей – жаңғырған тарих

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 09:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see138

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see133

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары