Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Билік архитектурасы түбегейлі жаңғырады Ерлан Қошанов

Билік архитектурасы түбегейлі жаңғырады Ерлан Қошанов

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

— Президенттің әр реформасы, әр бастамасы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген қастерлі ұғымнан бастау алады. Бұл шын мәнінде, тарихи жиын болды. Әр Құрылтайдың ел шежіресіндегі орны да, жөні де бөлек екені сөзсіз. Дегенмен, кешегі отырыстың идеологиялық мазмұны терең, саяси салмағы әлдеқайда басым. Құрылтайда Президентіміз ел тағдырына тікелей қатысты жаңа, ауқымды әрі бетбұрысты реформалар жиынтығын ұсынды. Бұл реформалар — ұлттық деңгейдегі институционалдық трансформацияның бастауы. Соның аясында мемлекеттік құрылымның концепциясы кешенді түрде өзгермек. Сөйтіп, билік архитектурасы түбегейлі жаңғырады. Бұл қадамдарды «Президент Тоқаевтың әділет жолы» деп айтуға болады. Ол жұмыс бүгін ғана басталған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы президенттікке кіріскен алғашқы күннен бастап кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан жүйелі, кешенді реформалардың заңды жалғасы, — деді Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол бұл бастамалардың үлкен бір бағыты Парламенттің келешегіне қатысты екенін айтты. Мәжіліс депутаттары осы өзгерістердің қайнаған ортасында жүр. Барлық фракция жетекшілері, біраз депутат жұмыс тобының қызметіне белсене атсалысты. Жарты жыл бойы болашақ Парламенттің құрылымы мен құзыреті төңірегінде нақты нормалар әзірлеп, ұсыныстар берді. Әр партияның саяси ұстанымы мен көзқарасы Президенттің позициясымен үндесті. Жалпы, парламенттік реформа саяси жүйені қайта қарауға жол ашып отыр.

— Бір палаталы Парламент құру — ел болашағы үшін тағдыршешті, өте қажет қадам. Ол — саяси жауапкершілікті нақтылау, партиялардың институционалдық рөлін күшейту, заң шығару процесін кәсібилендіру деген сөз. Мемлекет басшысы айтқандай, біздің мақсатымыз — мүлдем жаңа сипаттағы ықпалды заң шығарушы орган құру. «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» формуласын одан әрі күшейту. Қазір Мәжілісте 6 фракция қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Көппартиялы қызметте мол тәжірибе жинадық. Сол тәжірибе алда пропорционал жүйемен жасақталатын бір палаталы Парламенттің негізі болуы тиіс, — деді Мәжіліс төрағасы.

Оның пайымынша, Мемлекет басшысының президенттік квотадан бас тартуы, Ассамблея квотасын алып тастауы — Парламентке толық дербестік беру дегенді білдіреді. Ең бастысы бұл либералды бастаманы халықаралық саяси ұйымдар қолдайтыны анық.

— Халқымыздың тарапынан да кеңінен қолдау тапқанына көзіміз жетіп отыр. Ол әлемдік тәжірибеге, жаһандық конвенцияларға толық сәйкес келеді. Бір сөзбен айтқанда, отандық парламентаризм тарихында батыл да демократиялық қадамдар жасалып жатыр. Ең басты жаңалық — Президенттің болашақ Парламентті Құрылтай деп атауды ұсынуы. Мұны өте ұтымды шешім дер едім. Менің ойымша, тарихи тұрғыдан да, қазіргі заман тұрғысынан да Парламенттің табиғатын аша түсетін атау. Құрылтай — қай кезеңде де дала демократиясының негізі болған. Ежелден ұлт тағдырын айқындаған, ел аманатын арқалаған институт. Президент дәл осы жауапкершілікті болашақ Парламентке жүктеп отыр, — деді палата төрағасы.

ҚХА мен Ұлттық құрылтай миссиясы

Ерлан Қошановтың сөзіне қарағанда, кейінгі кезде ұлтымызды ұйыстыратын, қоғамды біріктіретін институтқа деген қажеттілік арта түседі.

— Шынын айту керек, бұл тұрғыда Ассамблея мен Ұлттық құрылтай өз миссиясын толық орындады. Енді осы бағыттағы жұмысты жүйелеп, жандандыру үшін Президент Халық кеңесін құруды ұсынды. Ол қоғамдық консенсус пен сенім алаңына айналады. Айта кетерлік жайт, Халық Кеңесі Парламенттің баламасы емес. Бұл — мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір. Оған этно-мәдени орталықтардың, ірі қоғамдық бірлестіктердің, мәслихаттар мен аймақтардағы қоғамдық кеңестердің мүше болуы ашықтықты арттырып, нәтижелі жұмысқа арқау болады. Осылайша, біз саяси коммуникацияның тың форматына көшеміз. Жаңа саяси мәдениетке жол ашамыз. Халық кеңесі — елдегі ең жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады, — деді ол.

Вице-президент лауазымын енгізу

Билік тармақтарын жаңғырту үшін Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізу бастамасын көтерді.

— Бірден айта кетейін, бұл билікті бөлу емес, мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі заманға бейімдеу. Осы ұсыныстар Қазақстанның саяси жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, жаңа институционалдық деңгейге көтереді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі жаңа конституциялық түзетулер қабылдауды талап етіп отыр. Бұл — жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар өзгеріс, тарихи қадам деуге болады. Президенттің саяси бағытының өзегінде әділдік идеясы жатыр. Осы тұрғыда, Жаңа Конституция Әділетті Қазақстанның құқықтық іргетасына айналмақ. Ең бастысы, Мемлекет басшысы «Біз бәріміз Әділетті Қазақстанды ең жоғары мақсат ретінде көздейміз» деген қағидатты Ата заңға шегелеп жазуымыз керек деді. Реформалар, ауқымды өзгерістер — бір адамның емес, тұтас ұлттың жауапкершілігі, — деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев құрылтай кезінде айтылған маңызды ұсыныстарға қатысты пікір айтқанын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 16:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары