Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Ерлан Қошанов: Қазақстандық қамту үлесі үнемі депутаттардың бақылауында

Ерлан Қошанов: Қазақстандық қамту үлесі үнемі депутаттардың бақылауында

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Форумды ашқан Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жаһандық мұнай нарығындағы жетекші елдердің біріне айналғанын атап өтті. Шетелдік белді компаниялармен бірлесіп ірі мұнай-газ жобаларын іске асырудың арқасында елімізде мыңдаған жоғары білікті инженерлер мен техниктер даярланды, ең озық технологиялар игерілді. Бүгінде біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, белсенді түрде өңдейміз. Елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар, мұнай-химия саласы қарқынды дамып келеді. 

Ендігі кезекте Қазақстанның алдында жаңа стратегиялық міндет тұр, ол – сапалы тауар өндіруші әрі экспорттаушыға айналып, ел экономикасын шикізатқа тәуелділіктен арылту. Осы орайда, мұнай-газ секторы ерекше рөл атқаруға тиіс. Мәжіліс Спикері бұл форум алдағы мақсатқа барлық мүдделі тараптардың атсалысуымен бірлесе қол жеткізу үшін ортақ шешім әзірлеуге бағытталғанын айтты. 

– Алдымызда  Қазақстанды индустриялық қуатты мемлекетке айналдыру міндеті тұр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ерекше назарында. Осы жолда Парламент заңнамалық тұрғыда қолдауды жалғастыра береді. Үкімет жұмысты сапалы ұйымдастырып, бизнес өз өнімін халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті етуге ұмтылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның экономикалық дербестігі нығаяды, халқымыздың әл-ауқаты жақсарады, –  деді Ерлан Қошанов.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Энергетика министрлігінің дерегінше, форум аясында 440 миллион АҚШ долларының келісімшарттары жасалады деп жоспарланған. 

Саладағы жалпы ахуалға тоқталған Мәжіліс Спикері былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, тек энергетика секторында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы қызмет пен тауар сатып алу көлемі 6 триллион теңгеден асқанын жеткізді. Оның 62 пайызы үш ірі компанияға – Теңізшевройл, KPO және NCOC үшеуіне тиесілі. Сөйтіп, отандық үлестің көлемі арта бастады. Бұл – Парламент пен Үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесі.

– Осы бағытта Энергетика министрлігі мен Мәжіліс депутаттары екі жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2 жылда үш ірі компаниямен арада шамамен 900 миллион доллардың келісімшарты жасалды. Жүйелі нәтиже бар – тендерлік рәсімдерге ішінара өзгерістер енгізілді, ұзақмерзімді келісімшарттар жасауға басымдық берілді. Дегенмен  бұл жерде әлі де үлкен перспективалар бар, яғни бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыру керек, – деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы.

Оның пікірінше, мұнай-газ машина жасау өндірісін одан әрі кеңейту үшін бірқатар нақты шаралар қабылдау қажет. Біріншісі – отандық өндірушілерге сатып алу рәсімдерін жеңілдетіп, ұзақмерзімді келісімдер мен офтейк-келісімшарттар жасау. Екіншісі – отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарын күрделі жабдықтар шығаруға ынталандыру. Үшіншісі – ірі мұнай компанияларының қазақстандық тауар мен азық-түлік саласындағы қызметтерге көшуі. Бұл қазіргі қажеттіліктердің біразын өтеп, соның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жоспардағы міндеттерді жабады. Аталған мәселеде Қарашығанақ операторының жақсы тәжірибесі бар. 

Мәжіліс Спикері мемлекеттің мұнай-газ саласын кешенді қолдауы туралы айта келе, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген жаңа түзетулерге тоқталды. Енді ірі жер қойнауын пайдаланушылар отандық мамандарға басымдық беруге міндетті. Бұған қоса, күрделі жобаларға елішілік құндылықтың үлесін анықтау бекітілді, Офтейк келісімшарттарда отандық үлестің ең төмен деңгейі бойынша талаптар күшейтілді. Сонымен қатар отандық өндірушілердің бірыңғай реестрі заңмен бекітілді.

Ерлан Қошанов өткен сессия барысында Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті жергілікті қамтуды арттыру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарғанын еске салды. Мұнай-газ саласындағы ірі операторлардың есебі тыңдалды, олардың қорытындысы бойынша, арнаулы хаттамалар жасалды. Өсімнің нақты индикаторлары айқындалып, орындау нәтижелерін депутаттар тұрақты түрде тыңдайтын болады. 

Форумда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Норд Каспиан Оперейтинг» компаниясының басқарушы директоры Рую Джанкарло, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» Бас директоры Марко Марсили және басқалар сөз сөйледі. 

Форум алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтіп, 45 компания металл құрылымдар, құбырлар, сорғылар, мұнай-химия, химиялық жабдықтар және т.б. өнімдерін ұсынды.

Өңірге жұмыс сапары аясында депутаттар Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен «ҚазАзот» компаниясына барды. Бұған дейін олар Жаңаөзендегі «Каскор-Машзавод» мұнай жабдықтарын өндіретін жаңа зауыттың құрылысымен танысты, сондай-ақ Жетібай ауылында су тазарту стансасын салу жұмыстарын қарап шықты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 14:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары