Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Білікті офицер мен сержант армия тірегі

Білікті офицер мен сержант армия тірегі

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әдетте елдің қорғаныс қабілеті қару-жарақ пен тех­ни­кадан, қатардағы сарбаздар санынан бөлек, білікті офи­церлер мен сержанттар құрамына да тікелей қатысты бо­лады. Сондықтан заман талабына сай келетін білікті ма­ман даярлау армия қызметінің ажырамас бөлшегіне ай­налған. Биыл да бұл үрдіс қалыпты ырғағынан  жаңыл­ған жоқ.

Деректерге сүйенсек, осы жылы әскери институт­тар – 723, колледждер 760 курсант пен кадет қа­был­дағалы отыр. Талапкерлер күтіп отырған оқу орындарының арасында Сағадат Нұрмағамбетов атын­дағы Құрлық әскерлері әскери институты, Ақ­­төбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты, Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Астана және Щучинск қалаларындағы әскери колледждер бар. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясы, ІІМ  және  Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты оқу орындары да  талапкерлер қабылдайды. Бірақ соңғыларының  шарттары сәл бөлектеу. Дегенмен барлық әскери оқу орындары  елдің қорғаныс  қабілетін жетілдіруге қажет маман даярлайды.

Жалпы, әскери оқу орындарының  көптеген артық­шылығы бар. Олардың түлектері ешқашан жұмыссыз қалмайды. Айталық, Қорғаныс  министрлігіне  қарасты институттар мен  колледж түлектері оқуды бітірген соң бірден Қарулы Күштер сапында әскери қызметке қабылданады. Оқу барысында кадеттер мен курсанттар толық мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың айтуынша, қазір Қазақстандағы әскери оқу орындары заманауи қарулы қақтығыстар жағдайында тиімді әрекет ете алатын жаңа буын офицерлері мен сержанттарын даярлауға бағытталған әскери білім беру жүйесін кешенді  түрде жаңғыртып жатыр.  Бұл жүйеге 9  әскери оқу орны  кіреді. Яғни 3 институт,  5 колледж бен Ұлттық қорғаныс университеті осы жүйені құрап отыр. Әскери оқу орындары ар­наулы орта  білімнен бастап магистратураға, док­торантураға дейінгі барлық сатыдағы мамандар әзір­лейді. Институт түлектері офицер болып шықса,  магистратура мен докторантурада әскери ғылымның ұңғыл-шұңғылына үңілудің  мүмкіндігі бар.  Оқу барысында  тәжірибеге бағдарлай отырып білім беру,  цифрлық технологияларды енгізу және қазіргі заманғы армия үшін аса қажетті бағыттар ескеріледі. 

– Заманауи қарулы қақтығыстар әскери кадрларды даярлауда жаңа тәсілдерді талап етеді. Сондықтан оқу үдерісіне ақпараттық қауіпсіздік, криптология, радиоэлектрондық күрес, әскерді автоматтандырылған басқару жүйелері, ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану, сондай-ақ жасанды интеллект, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары бойынша пәндер белсенді енгізіліп жатыр, – деді полковник Мұрат Олжабаев осы тақырыпқа арналған  брифингте. 

Бір атап өтер жайт, әскери оқу орындарына түсуде цифрлық технологияға көп  көңіл бөлінеді. Былтырдан бастап әскери оқу орындарына құжаттарды eGov.kz порталы арқылы тапсыруға мүмкіндігі пай­да болды. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ықпал­дастырылуының арқасында құжаттарды рәсімдеу мерзімі 120 күннен 30 күнге дейін қысқарып, іріктеу рәсімдері елдің барлық өңіріндегі талапкерлер үшін ашық әрі қолжетімді болды.

Сонымен қатар жастардың әскери білімге деген қызығушылығы артып келе жатыр. Мұны Әс­ке­ри білім және ғылым департаментінің бастығы пол­ковник Мұрат Олжабаев ерекше атап өтті. Был­тыр­ғы қабылдау науқанында әскери колледж­дерде бір орынға орта есеппен үш үміткер, ал әс­кери институттарда екі үміткерден таласқан. Ал  сұранысқа ие мамандықтардың қатарына авиация, әскери медицина, автоматтандыру, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік салалары кіріпті.

Қызығы,  сұранысқа ие мамандықтар бойынша  оқытатын оқу орындары да белгілі бола бастағанға ұқсайды. Айталық, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты – заманауи оқу базасы, білікті кадрлары бар  білім ордасы.  Онда  жастарды қызықтыратын  мамандықтар аз емес. Ал Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және бай­ланыс әскери-инженерлік институты әскери ин­женерлер,  байланыс мамандарын, сонымен қатар заманауи әскери технология салаларының  ма­мандарын  даярлайды.

Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты болса, болашақ әскери ұшқыштар мен авиация мамандарын даярлайды. Әрі авиация мамандарын оқытатын Орталық Азиядағы бірден-бір әскери жоғары оқу орны.  

Одан бөлек, колледждердің де орны ерекше еке­нін атап өту  қажет. Мысалы, Астана және Щу­чинск қалаларындағы әскери колледждер ұшқыш­сыз ұшу аппараттарын және интеллектуалды ро­боттандырылған кешендерді пайдалануға бағытталған ең заманауи мамандықтарда білім береді. Сөйтіп, армияның заман талабына сай болуын қамтамасыз етеді. 

Жалпы, Қорғаныс министрлігі болашақ офицерлерді теориялық тұрғыда  жетілдірумен қатар, тәжірибе  жинауына да көп көңіл бөледі. Курсанттар әскери бөлімдерде тағылымдамадан өтіп, әскер түрлері арасындағы біріккен оқу-жаттығуларға қатысады, сондай-ақ барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес және әскерді басқарудың заманауи құралдарын меңгереді. Сонымен қатар оқу бағдарламасына қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі мен ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану тәсілдері енгізілген.

Мұрат Олжабаевтың  айтуынша,   бүгінде әскери білім беру саласындағы халықаралық ынтымақ­тастық та кеңейе түсіпті. Қазіргі уақытта 300-ден астам қазақстандық курсант Қытай, Түркия, Ко­рея Республикасы, АҚШ, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения және Беларусь елдерінің әскери оқу орындарында білім алып жүр. Бұл жағдай өз кезегінде  офицерлердің   білім-білігін арттыруға септігін тигізеді. 

Қазақ қоғамында  әскери  мамандарды шетелдерде даярлауға қатысты ерекше көзқарас бар. Әлемнің түрлі аймағында болып жатқан  қарулы қақтығыстарды бақылап отырған  бұқара  офицерлерге де іштей  жоғары талап қояды.  Оны әлеуметтік желілерден-ақ байқауға  болады. Бұл құбылыстың мәні түсінікті болса керек. «Жау жоқ деме, жар астында» дейтін мақал қалдырған бабалар өсиетін білетін халық бүгін де сақ болудың маңызын ұққан.  Сондықтан  әскери мамандар сапасына назар аударады. Ал Қорғаныс  министрлігі  халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, өзіміздегі оқу  орындарын жетілдіріп жатыр.  Министрлік  өкілі шетелдерде 300-ден астам әскери маман білім алып жатқанын айтқан болса,  кейбір ақпарат  құралдарында олардың қай елде нақты қаншасы оқып жүргені жарияланғаны бар. Былтыр Түркияның бірнеше әскери оқу орнында 150-дей қазақстандық  білім алып жүргені белгілі болған. Соның ішінде 80-нен астам курсант Анкарадағы Түркия құрлық әскерлері  институтында оқиды. Бұл институтта  бұдан бұрын да қазақ офицерлері білім алған. Айталық, 2006 жылы Иракта бітімгерлік қызмет жасап жүріп қаза тапқан капитан Қайрат Құдабаев – осы  оқу орнының түлегі. 

 Қысқасы, еліміздің әскери білім беру жүйесі білікті, патриот кадрларды көптеп даярлап жатыр. Халықаралық ынтымақтастықты да дамытып келеді. Әскери оқу орындарының биыл да офицер болуды армандаған түлектерге есігін айқара ашуы осы үрдістің заңды  жалғасы болса керек.

А.Сұлтан

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 03:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары