Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

Халық құрметтеген құтқарушылар

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

Қанаты қайырылған құстар

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қауіпсіздік кеңесіне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қапаста қалған офицер

Қапаста қалған офицер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарының бірі – қазақтан шыққан алғашқы кеңес офицерлерінің бірі Ахмет Малдыбаев. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Тауағаш ауылында дүниеге келген. Арғы атасы Айбас, одан Құртай, Көбек, Байсүгір, Жансүгір, Бәйтерек, Қаржау деген алты ұл туады. Осындағы Көбектен Малдыбай мен Байсымақ туған. Малдыбай батыр тұлғалы, жаужүрек, өткір жан болыпты. Етті де сол кездегі қазақ салтымен мол жейді екен. Бір тайдың етін бір өзі тауысқаны сияқты аңыздар бар. Оның Баймағанбет, Құлмағанбет, Досжан және Мұқан деген балалары болған. Малдыбайдың Құлмағанбетінен Сәду, Сейтен, Молдақай және 1896 жылы Ахмет туады. Біз әңгіме еткелі отырған Ахметтің ата-тегі осындай.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бір қызығы, Ахмет Малдыбаевты тұтқындаған құжаттарда туған жерін Тобыл губерниясы Ишим уезі Ляхов деревнясы деп көрсетіпті. Демек, атамекені біз айтқан Тауағаш ауылы болғанымен, ол кісінің әкесі сол жаққа да барып қайтқан сияқты. Кезінде Солтүстік Қазақстанның біраз жері Тобыл губерниясына қараған, бірақ кейін ол жақ Ресей Федерациясына беріліп кеткен. Ахметтің қайда оқығаны, не бітіргені белгісіз. Алайда ағайындарының орта дәулетті, пысық, қолдары ұзын болғаны белгілі. Араларынан қажылық парызын өтеген жандар да шыққан.

Ахметтің өзі кеңес әскерінің офи­цері, аға политрук болған. Бұл шен қа­зіргі әскери атаққа аударғанда капитан дәрежесіне тең. Қуғын-сүргінге ұшы­рар алдында ол Орталық Азия әске­ри округінің Аягөз қаласындағы аудан­­ара­лық әскери комиссары қызме­­тін ат­қарған. Тарихшы Қайдар Алда­жұ­­ма­новтың жазуына қарағанда, пар­тия келе жатқан Дүниежүзілік соғыс қар­са­ңында әскерилерді жаппай қу­ғын-сүр­гінге ұшырату саясатын ұста­ған. «Со­ғысқа дейін Кеңес Қарулы Күш­тері­нің қатарында әртүрлі деңгейде қыз­­мет атқарған Сейтқали Бейсембаев (Оңтүстік Қазақстан облыстық әскери комис­сары), Ахмет Малдыбаев (Аякөз аудан­дық әскери комиссары), Рамазан Құр­манғалиев, Шәміл Қаратаев (1937 жылы Орынборда әскери қызметте), Ахмет Майлыбаев (Қазақ ұлттық атты әскери полкінің комиссары) және тағы бас­қалары репрессияға ұшырады. Әрине, бұларға М.Тухачевский, И.Убо­ревич, И.Якир және басқаларына тағыл­ған айып қайталанған жоқ. Себебі масштабы сәйкес келмейтін еді, бірақ қа­лай бол­ғанда да соларға ұқсас етіп, Қа­зақ­станда да «әскерилер ісін» даярлау қа­жет бол­ды», деп жазады ғалым (Аbai.kz, 16.06.2010 жыл).

Ахмет Малдыбаев елге келгенде жерлестері бір жасап қалады екен. Көр­­кем бойлы түр тұлғасы мен бойына құйып қойғандай жарасқан әскери киімі талай жастың жүрегіне шоқ тас­тап, сондай болмақты армандайтын көрінеді. Ол елінің оқимын деген талай баласына қолұшын беріп, өзімен алып кетіп, оқуға түсірген. Талапты жастарды қалалық жерлерге жұмысқа тұрғызып, көмек қылған. «Жақсыны бір жапырақ еттен қысады» дегендей, Ахмет пен Сара апамыздың өз кіндігінен бала болмай, ағасы Сейтеннің Ақжол деген баласын үш жасынан бауырына басады. Осы Ақжол ағамыз өмірінің соңына дейін Тауағаш ауылында тұрып келді. Қайдан үйренгенін кім білсін, ол ауылдың шебер электригі болды. Қырманда, ауылда, мал қораларында жарық болмай қал­са, бәрі осы ағамызды іздеп жүретін еді. Басы-бойын түзу ұстаған, мінезі сал­мақты, ат жақты, көркем тұлғалы адам еді ағамыз.

Ахмет Малдыбаевтың қалай ұстал­ғанын осы ағамыз бізге әңгімелеп берген: «Әкемді 1938 жылдың қаңтар айында менің 11 жасымда тұтқындады. 1937 жылдың аяғында оған кезекті әскери шен берген еді, әлдебір себеппен сол бұйрық өзгертіліп, жұлдызды қайта алды». Бұл «батальон комиссары» деген атақ, қазіргі әскердің майор атағымен бірдей. Ол кездегі қазақ азаматы үшін үлкен шен болып есептеледі. Ақжол ағамызды әрі қарай тыңдайық: «Әкем соның себебін білмек болып Алматы­ға барғанда тұтқындаған. Үйімізге үш «нквдшы» келіп, астан-кестен қылып, тінт­ті. Шешемнің: «Жолдасымның жазы­ғы қандай, неге қамап қойды?», деген сөздеріне ешкім жауап бермеді. Әкемнің көп қағазын, барлық құжатын өздерімен бірге алып кетті. Шешем зыр жүгіріп, әкем жайынан бір дерек білмек болып біраз адамның алдына барған екен, одан ешқандай нәтиже болмады. Кеше ғана дос-жаран болып жүрген кейбіреулер шешемнен теріс айналыпты. Басқа амалымыз болмаған соң, әкемнің қасында болайық деген оймен Алматыға көшіп бардық. Мұнда да біз ешкімнен әкем туралы еш дерек ала алмадық».

Сара апай сол кездің көзіқарақты, білімді адамы болған екен. Ол біраз жерге арыз-шағым жазып, өзінің ерін ақтау­ға тырысады. Бірақ ол кезде ешқандай шын­­дыққа жету мүмкін емес еді. Бір таныс адамдар соны ескертіп, тыныш бо­лу­ды, тіпті Алматыдан бір жаққа ке­­ту­­ге де кеңес береді. Басында бұл ақыл­­ды алмаған Сара апамыз артынан мұ­ның дұрыс екеніне көзі жетіп, төр­кін жұр­тына көшуді ойлап жүрген бір күні оның өзін ұстап, сегіз жылға сот­тап жі­береді. Он бір жасар Ақжол Алматы­ның көшесінде қаңғырып қала жаздай­ды. Тек КИЖ-де оқитын Қабдолла деген ағасы: «Мен ағасы едім, өзім асырай­мын», деп қолхат беріп, балалар үйі­не жіберуден алып қалады. Ал жаз шық­қанда ауылдағы өз әкесі Сейтен келіп алып кетеді. Ал Ахметтен сол кеткеннен еш хабар болмайды, 1941 жылы Сей­теннің өзін соттап жібереді. Ол кісі Кемеров облысындағы Марийск деген қала­дағы лагерьде отырады.

Малдыбаевтар отбасы шағын ауылға ес, озық әулет саналған. Бұл құрмет негізінен Ахметтің ірі қызметте болып, іні-қарындастарын да оқытып, қызмет­ке тұрғызып жүрген қамқорлығына байланысты секілді. Мысалы, Шақыма деген інісін ол алып кетіп, өзі қызмет атқаратын Аягөз қаласында қаржы бөлі­міне қызметке тұрғызған екен. Соған орай «Малдыбай тұқымы» деген тіркес те ха­лықтың аузында жиі айтылатын. Сол Шақыма қайтыс болғанда, ауылымыздан шыққан журналист, өлеңге де таласы бар талант Есілбай Қазыбеков үлкен ағалары Қоңқабайға көңіл айтқанда былай депті:

«Уа, Қоңқа, бір кездерде толып едің,

«Тұқымы Малдыбайдың» болып едің.

Атағың арқыраған сыртқа шығып,

Бақ-дәулет басқа келіп қонып едің.

Кем-кетік болған емес мал мен бақта,

Сәнімен жүріп жаттың ынтымақта.

Бұл күнде көп кеселдер кездесіп тұр,

Бел бүгіліп, бетке әжім түскен шақта».

Кейін ақталу туралы қағазын алғанда Ахмет Малдыбаевты РКФСР қылмыс­­тық кодексінің 58, т. 2, 58, т. 8, 58, т. 11-бап­тарымен соттағаны белгілі болды. Мұн­дағы 58-2-бабы – билікті басып алу үшін қарулы көтеріліс жасау; Мұның жазасы – ату және «халық жауы» деп жариялап, одақтық республиканың азаматтығынан шығару. 58-8-бап – кеңес өкіметінің өкілдеріне немесе жұмысшы және шаруа ұйымдары өкілдеріне қарсы террорис­тік актілер жасау. Жазасы 58-2-баппен бірдей. 58-11-бап – осы бапта көрсетілген қылмыстарды ұйымдастыру, дайындау немесе қатысу, жасау жоғарыдағы бапта қарастырылған жазаны алады делінген.

Әскери қызметте жүрген қазақ азаматының мұндай қылмыстар жасауы мүмкін емес екені белгілі. Алайда жазықсыз жанды жазалау, ату үшін осындай нақақтан-нақақ қылмыс та­ңылған. Сөйтіп, КСРО Жоғарғы соты әскери коллегия­сы көшпелі сессиясының шешімімен Ахмет Малдыбаевқа ату жазасы берілген. Әскерилерді «үштік» емес, коллегия соттайды екен.

1957 жылы ол толық ақталады. Ал 1961 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Қыл­мыстық кодекстен 1926 жылы қабыл­дан­ған осы баптардың бәрінің күші жойылды деп жарияланады.

Ақжол Малдыбаев ағамыз әкесінің ақталғанын былай естіген екен: «Бір күні үйде отырсам, сумаң етіп екі орыс офицері кіріп келді. Амандасқан соң, басқа сөз айтпай, әкең Ахмет Малды­баевтың жұмысымен жүрміз деді үлкен шендісі. Сосын ақталғандығы туралы қағазды ұстатты. Одан әрі не болып кет­кенін білмеймін, көзім қарауытып, басым айналды, офицер мені түрткілеп бір­деңе деп жатты», дейді Ақжол ағамыз.

Қаншама жыл «халық жауының баласы» деген кемсітулер, қуғын-сүргін, қорлық-зорлық, туған әкесі Сейтеннің және басқа туыстардың айдалып кетіп, жоқ болғаны, үнемі жазықсыз қорсыну – бәрі-бәрі бекер екені, әкесінің жазықсыз, еш кінәсіз жапа шеккені адамның қанын басына шаптырған болуы керек. Көршілес ағайыны Жағыпар деген кісі Ақжол ағамыз екі офицерді тілдеп, боқтап, үйді айналдыра қуғанын айтқан еді. Сонда аналар: «Біздің жазығымыз жоқ қой, біз емес қой соттаған», деп қарсылық білдірмей қаша беріпті.

Артынан поштамен «әкеңіздің екі айлық жалақысы» деп өкіметтен 4600 сом ақша келіпті. Бұл Хрущевтің ақша реформасының алдында еді, демек реформадан кейінгі оның күші – 460 сом ғана. Бұл 20 жылға жуық уақыт көрген қорлықтың, кемсітудің, зорлықтың өтемі бола алар ма? Бірақ кеңес өкіметі соны жеткілікті деп шешкен екен.

Жазықсыз жапа шеккен Ахмет Мал­ды­баевтың есімі мүлде аталмай қалған. Оның жарқын өмірі жадымызда болып, жас ұрпаққа үлгі болуы үшін аудан ор­та­лығы Явленка ауылындағы бір көше­нің атын берсе, құба-құп болар еді. Ал туған ауылы Тауағаш мектебінде оны еске алу үшін арнаулы күн белгілеп, жыл сайын бір өнер немесе спорт іс-шарасын тұрақты түрде өткізіп тұрса, жас ұрпақ оны өзіне үлгі етер еді. Ол туған еліне қыз­мет етіп, қазақ азаматтарының арасын­да алғашқылардың бірі болып офи­цер атағына қол жеткізген озық аза­мат­тарымыздың бірі ғой. Нағыз жалындап тұрған шағында сталиндік қуғын-сүр­гін салдарынан жазықсыз құрбан бол­ды. Әділеттің орны осындай істермен толы­ғар еді.

Солтүстік Қазақстан облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:50
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

28 Ақпан 2026 19:38see116

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

28 Ақпан 2026 02:37see113

Халық құрметтеген құтқарушылар

28 Ақпан 2026 14:13see111

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

28 Ақпан 2026 17:30see110

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

28 Ақпан 2026 15:41see110

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

28 Ақпан 2026 03:53see108

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

28 Ақпан 2026 14:28see108

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

28 Ақпан 2026 01:43see107

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

28 Ақпан 2026 15:18see107

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

28 Ақпан 2026 14:28see107

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01 Наурыз 2026 09:55see107

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

28 Ақпан 2026 16:31see106

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

01 Наурыз 2026 10:48see105

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

28 Ақпан 2026 14:34see105

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

28 Ақпан 2026 14:05see105

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

01 Наурыз 2026 11:58see104

Қанаты қайырылған құстар

28 Ақпан 2026 02:37see103

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

28 Ақпан 2026 20:45see103

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

01 Наурыз 2026 08:37see103

Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қауіпсіздік кеңесіне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

28 Ақпан 2026 16:13see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары