Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Білім мен инновациядағы жаңа мүмкіндіктер

Білім мен инновациядағы жаңа мүмкіндіктер

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Отандық мамандар ойлап тапқан ІТ стартаптар әлемге танымал болды. Қазақстандық жобаларға қызығушылық күннен күнге арта түсуде.

Мәселен, WeGlobal AI секілді шешімдер мектептерде бұзақылыққа бейім балаларды анықтайды. Яғни қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді анықтауда мұндай жобалардың пайдасы зор. Ал Higgsfield AI стартапының құны 1 млрд доллар деп бағаланып, ел тарихында алғаш рет unicorn  мәртебесіне ие болды. Unicorn деп құны 1 млрд доллардан асқан стартап-компанияны айтады. Ақыл-ойдың өнімі - табысты бизнес-жобаға қалай айналды?

Психолог мамандары үшін оқушылардың көңіл күйін бақылау енді бұрынғыдан да тиімді болды. Мобильді қосымша баланың эмоциялық жағдайын күн сайын талдап, психологқа қажет ақпаратты бірден жеткізеді. 1719-кеңес деген бөлім бар, біз оның ішінде оқушылар бір жағдайға тап болса 11 дегенге хабаралсуға мүмкіндік береміз.

WeGlobal AI жүйесі 2023 жылдан бері қарқынды жұмыс істеп келеді. Жоба оқушыларға психологиялық және академиялық қолдау көрсетіп, күйзеліс немесе дағдарыс жағдайындағы жасөспірімдерді дер кезінде анықтайды. Платформа мобильді қосымша арқылы оқушылардың тест нәтижелерін талдап, мамандарға ұсыныстар береді. Бүгінде ел бойынша 930-дан астам мектепте мобильді қосымша іске қосылған.

Әшім Болат, WeGlobal AI жобасының техникалық директоры, құрылтайшысы:

- Біздің платформа бүкіл тәрбиеге қатысты маманды, яки тәрбие завучі,психолог, әлеуметтік педагог, одан кейін сынып жетекші барлығын қамтитын бірегей жүйеге айналды. Мобильді қосымшаның ішінде оқушыларға арналған көптеген кәсіби бағдар бойынша тесттер, мамандық таңдау бойынша ақпарат бар. Оқушының өзінің жүргізетін күнделігі де бар.

Арнайы қосымшада оқытушылар мен эдвайзерлерге арналған жекелендірілген нұсқаулықтар мен сараптамалық құралдар да бар. Сонымен қатар стартап ағылшын тілі, университетке дайындық және SAT секілді білім беру өнімдерін ұсынады.       

Ақжол Замбаев, WeGlobal AI жобасының бас директоры, құрылтайшысы:

- Кез келген стартап проблеманы шешу керек. Бұл идеяға бірден келмедік. Әртүрлі эксперименттер аясында, мектептермен сөйлесіп, ата-аналармен сөйлесіп, барлығын зерттей келе осындай бір шешім керек, яғни бір психолог 500 мың оқушымен жұмыс жасай алу үшін қағазбастылықты алып тастау керек деген ойға келдік. Бұл инструменттер психологтың жұмысын оңтайландырып, әр облыстың, мектептің жоспарына сай диагностикалар өтіп жатады. Бұл диагностика электронды түрде өтеді. Ал материалдарда министрліктің ұсынатын метадологиясын қолданамыз.

Қазақстандық  құны 1 млрд доллардан асқан Higgsfield AI «сыңармүйіз стартап» мәртебесіне ие болды. Higgsfield AI мәтіннен видео жасайтын платформа. Яғни қолданушы мәтіндік тапсырма береді, ал қосымша оны толық анимацияланған роликке айналдырады. Жүйені қолдану құны 9 доллардан 149 доллар аралығында.

Ерзат Дулат, Higgsfield AI техникалық директоры, негізін қалаушы:

- Егер сізге фильм, мультфильм немесе музыкалық клип түсіру қажет болса, нағыз продакшн жасап, оператор, режиссер, монтажшылар жалдаудың орнына, біздің веб-қосымшаны қолдана аласыз. Оның көмегімен сценарий мен идеяңызды жазып, қажетті контентті жасап, миллиондаған қаралым жинай аласыз.

2025 жылы Higgsfield AI қолданушылар арасында кең танымал болды. X желісінде жасалған бір ролик 11 млн қаралым жинады. Бұл  АҚШ-тағы бәсекелестерге қарағанда жоғары көрсеткіш. Осы орайда, Қазақстандық стартап басқа ЖИ-модельдерден сапасы мен мүмкіндіктері жағынан басым екені туралы пікірлер жиі жазылды.   Бұл отандық жобаға Metaдан бастап, ірі халықаралық компаниялар қызығушылық танытты. Олар стартапты сатып алуды ұсыныс ретінде қарастырған. Алайда әзірлеушілер тәуелсіздігін сақтап, жобаны өздері дамыту туралы шешім қабылдады.

Ерсұлтан Жусакинов, кәсіпкер:

- Өзіме қажет кезде видео жасау үшін осы қосымшаны қолданамын. Higgsfield сияқты «Юникорн-ның» пайда болуы -бүкіл өңір үшін тарихи сәт. Себебі бұған дейін Орталық Азиядан бірде-бір стартап мұндай деңгейге жеткен жоқ. Бұл – қазақстандық әрі орта азиялық компаниялардың жаһандық жобалар жасай алатынын айқын көрсетеді. Енді стартаптарға инвестиция құятын Кремний алқабының ірі қорлары біздің өңірге әлдеқайда зор назар аударатынына сенімдімін.

Бұл өнімге әлем бойынша миллиондаған пайдаланушы сенім білдіріп үлгерді. Стартап бұған дейін Google нұсқасы бойынша әлемнің үздік 25 жобасының қатарына енген. Жасанды интеллект министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы жаңа цифрлық шешімдерді енгізу бойынша бірқатар қадам жоспарланған. Digital Bridge аясында Астанада Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Онда білім беру, зерттеу және стартаптарды қолдау бағыттары біріктірілмек.

Балия Кенжеболатова, ҚР премьер-министрінің орынбасары, ЖИ және цифрлық даму министрінің кеңесшісі:

- Орталықта коворкинг, ЖИ музейі, ЖИ кинотеатры болады. Онда мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейін арналған білім беру бағдарламалары жүзеге асады. Сонымен қатар бір қабатта ірі Big Tech компанияларының R&D-зертханалары орналасады. Тағы бір қабат GovTech шешімдеріне арналмақ.

Айта кетейік, қазір жасанды интеллект барлық салаға дендеп еніп жатыр. Білім беру, бизнес, ғылым, медицина мен мемлекеттік басқару салаларында жасанды интеллект жүйелері қолданылуда.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Қанат Махмутов 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:246
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 17:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары