Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Қазақстан мен Эстония: цифрлық серіктестік пен жаңа мүмкіндіктер

Қазақстан мен Эстония: цифрлық серіктестік пен жаңа мүмкіндіктер

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

30 жылдық тарих пен серпінді даму

Қазақстан мен Эстония арасындағы саяси қатынастар өзара түсіністік пен сенім негізінде дамып келеді. Халықаралық мәселелердің негізгі аспектілері бойынша екі елдің ұстанымы бір-біріне жақын.

Қос тарап дипломатиялық қатынасты 1992 жылы орнатты. Сол уақыттан бастап екі ел арасындағы байланыс жүйелі түрде нығайып, 1995 жылы Қазақстан Литва, Латвия және Эстония елдерінде бір уақытта елшілігін ашты. Ал 2011 жылы Астанада Эстонияның елшілігі жұмысын бастады. 3 жыл бұрын Қазақстан мен Эстония Бірлескен коммюникені қабылдады. Ол тарихи және стратегиялық ынтымақтастықтың маңызды кезеңін белгіледі.

Фото: Ақорда

2023 жылы 78-ші БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті Алар Карис арасында екіжақты кездесу өткені де есте. Кездесу барысында түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, көпжақты ынтымақтастық, соның ішінде БҰҰ, ЕО және ЕҚЫҰ аясындағы байланыстар да қаралды. Тараптар өзара қызығушылық танытқан салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниет білдіріп, бір-бірін ресми сапарға шақырды.

Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік сапарды тек дипломатиялық қадам ретінде қарастыруға болмайды. Ол Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастың жетілгенін көрсетеді. Эстония электрондық басқаруда көшбасшы ретінде танылған болса, Қазақстан цифрлық инфрақұрылымын белсенді жаңғыртуда. Бұл мүмкіндіктер екі елге тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы өзара тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік бермек.

Қос елдің тауар айналымы қандай?

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналымы 46 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қазақстаннан Эстонияға жөнелтілген тауарлар 20,2 млн АҚШ долларына жетіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2% төмен болды.

Инфографика: Kazinform

Экспорт құрылымында өсімдік майын өңдеу қалдықтары және рапс басым үлеске ие. Жалпы есеп бойынша, осы кезеңде шамамен 6,5 мың тонна тауар Эстонияға жөнелтілген. Сонымен қатар титан және одан жасалған өнімдер, зығыр тұқымдары, өңделмеген никель, пиломатериалдар, электр оқшаулағыштары және қауіпсіз шыны экспортта маңызды рөл атқарды.

Импортқа келер болсақ, Эстониядан Қазақстанға жеткізілген тауарлар 25,8 млн АҚШ долларын құрады. Негізгі импорт тауарлары – мұздатылған балық, фильтрациялық құрылғылар, телефон аппаратурасы, жүк вагондары мен трамвайлар. Сонымен қатар дәрі-дәрмек, какао құрамды өнімдер мен электр тогын басқару құралдары жеткізілген.

Эстония транзиті: Қазақстан Еуропаға агроөнім экспортын күшейтті

Қазақстанның агроөнеркәсіптік өнімдерін Еуропа нарығына шығару әлеуеті соңғы жылдары айтарлықтай артқанын да айту керек. Өткен жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудасы 1,3 млрд АҚШ долларын құрап, 7% өсім көрсетті. 2025 жылдың алғашқы бес айында көрсеткіш 662,2 млн АҚШ долларына жетіп, 11% өсу байқалды. Бұл Қазақстанның экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін, әсіресе астық пен ұнды, тұрақты әрі көлемді түрде экспорттай алатынын дәлелдейді.

Фото: freepik.com

Еуропаға бағытталатын экспорттық ағындардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Балтық порттарын транзиттік хаб ретінде пайдалану мәселесін Эстония және Латвиямен келіссөздер аясында талқылап отыр. Мұндай ынтымақтастық экспорт тұрақтылығын арттырып қана қоймай, екіжақты экономикалық байланыстарды да нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның еуропалық нарықтағы позициясын күшейтетін бағыттардың бірі – Эстония арқылы астық транзиті. 2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Ақмола облысының аграршылары өндірген 145 мың тонна ауылшаруашылық өнімі Эстонияның Muuga портындағы инфрақұрылым арқылы экспортталды. Оның ішінде Италияға 110 мың тоннадан астам, Бельгияға 28 мың тоннадан астам және Эстонияға шамамен 6,5 мың тонна жеткізілген.

Инфографика: Kazinform

Сарапшылардың айтуынша, Балтық бағытын пайдалану экспортты тұрақты әрі әртараптандырылған етуге мүмкіндік берді. Бұған дейін негізгі жеткізілімдер Қара теңіз бен Кавказ порттары арқылы жүзеге асса, қазіргі геосаяси және инфрақұрылымдық өзгерістер Қазақстанды жаңа, сенімді транзиттік жолдарды іздеуге итермелеп отыр.

Цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастық

Эстония Еуропада цифрландыру деңгейі жоғары елдердің бірі ретінде танылған және өз тәжірибесін Қазақстанмен белсенді түрде бөлісіп отыр. Қос тарап арасындағы екіжақты бағдарламалар аясында электрондық үкімет, киберқауіпсіздік және цифрлық қызметтер саласында бірқатар жоба жүзеге асып келеді.

Фото: gov4c.kz

2017 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Эстонияның электрондық басқару академиясы арасында меморандумға қол қойылды. Эстонияның X-Road жүйесі Қазақстандағы Smart Bridge платформасының негізіне айналып, мемлекеттік органдар арасында дерек алмасуды қамтамасыз етті және электрондық қызметтерді дамытуға жол ашты.

2023-2025 жылдары екі ел арасындағы тәжірибе алмасу жалғасты. Қазақстандық тарап тұрақты түрде Таллиндағы e-Governance Conference форумдарына қатысып, «ақылды» қалалар, цифрлық денсаулық сақтау және деректер қауіпсіздігі бойынша жаңа шешімдерді талқылады.

Білім саласындағы байланыс

Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп отыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстанның 8 оқу орны Эстонияның 6 университетімен халықаралық келісімдерге қол қойды. Бұл студенттерге екі елде білім алу мүмкіндігін береді.

Фото: Pixabay

Сонымен қатар эстониялық мамандар Қазақстан университеттеріне тартылып, академиялық алмасу бағдарламалары жүзеге асырылуда. Қос тарап халықаралық білім беру жобалары аясында да өзара ынтымақтастықты дамытып отыр.

Астанаға Эстония Президентімен бірге 40 адамнан тұратын іскерлік делегация, сондай-ақ университет ректорларының кеңесі мен бірнеше жоғары оқу орны басшылары келеді деп күтілуде. Ол Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа серіктестік моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Эстония президенті жайлы не белгілі?

Алар Карис 4 жылдан бері Эстония Президенті қызметін атқарып келеді. Ол мемлекеттік қызметші ғана емес, ғалым ретінде де танымал. Ол 1958 жылғы 26 наурызда Тарту қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Эстония табиғи ғылымдар университетін аяқтап, молекулалық генетика саласында зерттеулер жүргізетін биоорталықта қызметін бастаған. Кейін Лондон мен Роттердамда біліктілігін арттырған.

ФОТО: Tiit Blaat | Delfi Meedia

1996 жылы Карис Эстонияға оралып, Тарту университетінде зоология кафедрасын басқарды, кейін альма-матерінің ректоры болды. Ғылымға қосқан үлесі үшін ол «Ақ жұлдыз» орденінің IV дәрежесімен марапатталған. Президенттікке дейін Эстония ұлттық музейін басқарған.

2021 жылы Орталық партия басшысы және Рийгикогу спикері Каристі президенттік сайлауға қатысуға шақырды. Осылайша, ол мемлекет басшысы болып сайланды. Бір жылдан кейін жаңа президент үкіметте өзгерістер енгізіп, биліктегі партия министрлерінің барлығын қызметінен босатты.

Соңғы уақытта Алар Карис жеті жылдық президенттік мерзімді енгізу идеясын көтеріп жүр. Ал келесі президенттік сайлау Эстонияда 2026 жылдың күз айына жоспарланып отыр.

Сарапшылар не дейді?

СІМ жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының аға сарапшысы Валерий Ситенконың айтуынша, Эстония Қазақстанды ерекше бағалайды.

Фото: Kazinform

– Эстония – шағын мемлекет. Бірақ Еуропалық Одақ құрылымында айтарлықтай орын алады. Елдің негізгі мүдделеріҚазақстанның энергетикалық ресурстарын дамытуға, көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға және Транскаспий халықаралық көлік маршрутын ілгерілетуге бағытталған. Сонымен қатар Эстония мен басқа да еуропалық мемлекеттер Қазақстанның пайдалы қазбалар саласындағы ресурстық әлеуетіне қызығады, – дейді сарапшы.

Ситенконың пікірінше, екі ел «жасыл» экономиканы дамыту және ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша ортақ мүдделерге ие.

– Эстония Қазақстан үшін инновациялық зертхана бола алады, – дейді Валерий Ситенко.

Ал халықаралық коммуникациялар және саясаттану саласының сарапшысы Азамат Байғалиев Эстонияның цифрландырудағы тәжірибесі Қазақстан үшін құнды екенін атап өтті.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазақстан цифрлық трансформацияны белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. Жасанды интеллектіні дамыту да ұлттық даму жоспарына енгізілген. Осы бағытта Эстонияның тәжірибесі ел үшін маңызды үн қосады. Еліміз мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда, сондай-ақ бизнес пен әлеуметтік бастамаларда жасанды интеллект инфрақұрылымын және заманауи технологиялық платформаларды дамытуға мүдделі, деп атап өтті сарапшы.

Байғалиев Эстонияның киберқауіпсіздік, электрондық үкімет саласындағы тәжірибесі маңызды екенін алға тартты.

Эстония цифрлық мемлекет қалыптастыруда үлкен жетістікке жеткен, сондықтан электрондық үкіметті дамытуда Еуропадағы жетекші елдердің бірі саналады. Қазақстан да осы бағытта көшбасшы болуға ұмтылып келеді. Сонымен бірге Эстонияның киберқауіпсіздік, коммуникациялар және цифрлық білім беру саласындағы тәжірибесі ерекше маңызды, өйткені бұл бағыттарда екі елдің өзара ықпалдастығы үшін мол мүмкіндік бар, деп түйіндеді Азамат Байғалиев.

Қорытындылай келе, кездесу екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды күшейтуге маңызды серпін беріп, сауда, инвестиция және технологиялық ынтымақтастық сияқты салаларда өзара әріптестікті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 08:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see162

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see152

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see147

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see145

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see144

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see143

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see141

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see138

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see137

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see136

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see134

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see132

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see131

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see125

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see117

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see116

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see114

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see113

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see112

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары