Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер

Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кейінгі жылдары елімізде жасанды интеллект пен цифр­ландыру бағытында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр.

Соның бірі – Назарбаев университеті Ақылды жүйе­лер мен жасанды интеллект институты  (ISSAI)  әзірлеген – «Oylan» моделі. Атал­­ған институттың Сыртқы байланыс­тар жө­ніндегі аға менеджері Әйгерім Сәр­­­се­­но­ваның айтуынша, бұл – мәтін, аудио және бейнедеректерін түсініп, оларды бірге талдай алатын көпмодальды генера­тивті жасанды интеллект моделі.

 – «Oylan» күрделі тапсырмаларды орындау барысында веб-іздеу жүргізе алады және көпқадамды ойлау арқылы шешім ұсынады. Модель әмбебап платформа ретінде жасалған және оны экономикадағы түрлі салаларға бейімдеп, нақты салалық міндеттерді шешу үшін қол­да­нуға болады. Мысалы, білім, аналитика, медиа контент жасау, мемлекеттік қызметтер және бизнес үдерістерін автоматтандыру сияқты бағыттарда пайдалануға мүмкіндік бар, – дейді ол.

Осы саладағы тағы бір маңызды жоба – «TilSync». Бұл жүйе қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде нақты уақыт режімінде жоғары сапалы субтитр жасауға мүмкіндік беретін ЖИ қызметі. Мұндай технологиялар онлайн іс-шаралар, конференциялар, білім платформалары, ме­диа және трансляция саласында кеңінен қолданылып отыр. «TilSync» тілдік кедергіні азайтып, көп­тілді аудиториямен тиімді жұмыс істеуге көмектеседі.

– Еліміздің жасанды ин­тел­­лект эко­жүйе­сінде «MangiSoz» платформасы да ерекше орын ала­ды. Бұл жүйе мәтін мен сөйлеуді генерациялау, аудару және тану қызметтерін атқарады. Сонымен қатар ол қолжазба мәтінді және құжат скандарын тану (OCR), аудио және бейнематериал­дар­дағы сөйлеушілерді ажырату (диаризация), сондай-ақ экспрессивті синтезделген дауыс жасау мүмкіндігіне ие. Платформа қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб, әзер­бай­жан, испан, француз, қырғыз, өзбек тілдерін қол­дай­ды. Қазір бұл технология мем­лекеттік орган­дарда, білім меке­ме­лерінде, корпо­ративтік секторда қолданылып келеді. Сонымен бірге «Beynele» атты жасанды интеллектіге негізделген сурет генераторы әзірленген. Бұл жүйе еліміздің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін дәл бейнелейтін визуал­дар жасауға мүмкіндік береді. Яғни жасанды интеллект арқылы жасалған бейне­лерде жергілікті мәдениет, дәстүр, киім үл­гілері және ұлттық ерекшеліктер еске­ріледі. Сондықтан «Beynele» баспа ісінде, маркетингте, білім жобаларында және креативті индустрияда ұлттық контентті дамытуға көмектеседі», дейді Ә.Сәрсенова.

Оның пікірінше, инфрақұры­лым­дық деңгейде жасанды интеллект немесе машиналық оқытуда модельдің қорытынды шығару жүйесі де жасалған. Ол коммерциялық қолжетімді компоненттер негізінде құрастырылып, институт әзірлеген ЖИ модельдерін іске қосуға арналған. Бұл сервер ұйымның жабық жергі­лікті желісінде жұмыс істей алады, сондықтан деректердің қауіпсіздігі жоғары деңгейде сақталады. Мұндай шешімдер мемлекеттік органдар мен корпоративтік секторға  өте маңызды, себебі олар құпия немесе сезімтал деректермен жұмыс істейді.

Мұнда айта кететін бір жайт, атал­ған жобалардың барлығы Назарбаев университеті жанындағы Ақыл­ды жүйелер мен жасанды интеллект институтында (Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence – ISSAI) әзірленген. Институт елімізде жасанды интеллект технологияларын дамытуға, қазақ тіліндегі ЖИ құралдарын жетілдіруге, оларды ғылым, бизнес пен мемлекеттік секторда кеңінен енгізуге бағытталған зерттеулер жүргізіп келеді. Сонымен бірге жеке секторда да табысты цифрлық және ЖИ жобалармен айналысып отыр. Мысалы, «Cerebra» – инсультті ерте анықтауға арналған медициналық жасанды интеллект жүйесі, ол әлемнің бірнеше елінде қолданылады. «Higgsfield AI» генеративті визуалды және бейне-контент технологияларын дамыту бағытында жұмыс істейді. Ал «Shai Pro» сияқты компаниялар бизнес-үдерістерді автоматтандыруға, компаниялардың тиімділігін арттыруға арналған ЖИ құралдарын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Күнімхан әженің қыл шылбыры

Мирас • Бүгін, 08:40

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл

Экономика • Бүгін, 08:25

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10

Дәстүр мен технологияның тоғысы

Қоғам • Бүгін, 08:05

Экологиялық жобаларға ерекше көзқарас қажет

Саясат • Бүгін, 08:02

Жан анаңдай шуақты шақ

Наурызнама • Бүгін, 08:00

Alatau City өңірлік дамудың қуатты хабына айналады

Саясат • Бүгін, 07:55

Жаңа Конституция қағидатына сай «Таза Қазақстан»

Саясат • Бүгін, 07:50

Алматының экономикалық индикаторы – 9,4 пайыз

Саясат • Бүгін, 07:45

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Аймақтар • Кеше

Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды

Марапат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:235
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 09:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары