Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық: Қазақстан қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр?

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық: Қазақстан қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр?

7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда алаяқтыққа қарсы күрес енді тек банктердің, мобильді операторлардың немесе құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес, цифрлық қауіпсіздіктің толыққанды бағытына айналды.
Жаңа цифрлық індетке қалай тиімді қарсы тұруға болады және алаяқтыққа қарсы экожүйені қалай қалыптастыру қажет деген өзекті мәселелер Астанада өткен «Қазақстанның киберқаржылық қалқаны: алаяқтық туралы ақпаратты жоққа шығарамыз» атты форумында талқыланды.

Бірлескен жұмыс

Қарқынды цифрландыру, онлайн-төлемдер көлемінің артуы және финтехтің дамуы елді киберқылмыскерлер үшін қолайлы нысанаға айналдыруы мүмкін. Сондықтан банктердің, құқық қорғау органдарының және мобильді операторлардың деректермен жедел алмасуды жолға қойып, үйлесімді әрекет етуі аса маңызды. Бұл алаяқтыққа қарсы тиімді қорғаныс жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елдегі телефон және ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық дәстүрлі қылмыс түрлеріне қарағанда жылдамырақ өсіп келеді. Ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылы 27 мыңнан астам онлайн-алаяқтық дерегі тіркелген, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 23%-ға артқан.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Бейбіт Біржановтың айтуынша, азаматтарға келтірілген жалпы шығын көлемі 71 млрд теңгеден асқан. Оның ішінде 5 млрд теңгеден астам қаражат азаматтарға қайтарылған.

Сонымен қатар, алаяқтық ауқымды әрі технологиялық болып келеді, оның үстіне ол үшін географиялық кедергілер жоқ.  

«Біз шетелдік құқық қорғау құрылымдарымен тығыз байланыс орнаттық. Өткен жылы бірлескен операциялардың нәтижесінде Қазақстан азаматтарына қатысты алаяқтықпен айналысқан жеті халықаралық байланыс орталықтарының қызметі тоқтатылды. Қылмыскерлер Украина мен Армения аумағында орналасқан. Сонымен қатар, жуырда Украина полициясымен бірлесіп жүргізілген арнайы операция барысында Днепр қаласында инвестиция салу сылтауымен азаматтардың қаражатын жымқырған үш байланыс орталығы жойылды», – деді Бейбіт Біржанов.

Алаяқтық тәсілдері үнемі өзгеріп отырады. Бұрын алаяқтық көбіне «банк қызметкері» немесе «ІІМ тергеушісі» ретінде қоңырау шалумен байланысты болса, бүгінде ол жоғары технологияларға негізделген тұтас индустрияға айналды. Негізгі тренд – әлеуметтік инженерия. Алаяқтар адамдарға психологиялық ықпал жасап, оларды құпия ақпаратты ашуға (шот деректері, банк картасының мәліметтері, құпиясөздер) немесе өздеріне тиімді әрекеттер жасауға (несие рәсімдеу, қаражатты жалған шотқа аудару) итермелейді.

Қылмыстық топтар ауқымын кеңейтіп, IT-компаниялар секілді жұмыс істейді: өздерінің байланыс орталықтары мен талдау топтары бар. 

Шешімдер мен тәжірибе

Форумда кибералаяқтықпен күрестегі тәжірибесімен және байқауларымен Қазақстандағы ірі мобильді операторлардың бірі – Beeline компаниясының алаяқтық тәуекелдерін басқару бөлімінің басшысы Дана Досмұхамбетова бөлісті.

«Алғашқы кезеңде алаяқтар тұрақты қысқа нөмірлерді пайдаланған. Мысалы, 7575 – банктердің біріне тиесілі нөмір. Алаяқтар осы нөмірлерді қолдан жасап, сол арқылы қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратын. Абонент телефон экранында таныс қысқа нөмірді көргенде, қоңырау шалушыға сенім білдіретін», – деді ол.

Оның айтуынша, қысқа нөмірлер арқылы жасалатын қоңыраулардың шарықтау шегі 2019-2020 жылдарға сәйкес келген. Кейін Beeline компаниясы ҰҚК-мен бірлесіп, қысқа нөмірлердің халықаралық транзитіне тыйым енгізді, соның нәтижесінде «банк атынан» жасалатын қоңыраулар тоқтатылды. Алайда жалған нөмірлерді қолдан жасау (спуфинг) мәселесі сақталып қалды, яғни алаяқтар арнайы қосымшалар арқылы «әдемі» нөмірлерді имитациялай бастады.

 Осыдан кейін Қазақстандағы үш мобильді оператор алаяқтыққа қарсы бірлесіп күресу үшін күш біріктіріп, антиспуфинг жүйесін енгізді. Бұл жүйе іске қосылғаннан бері, 2022 жылдан бастап тек Beeline желісінде 31 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал биылғы жылдың басынан бері тағы 1,5 миллион қоңырау тоқтатылды. Қазіргі таңда алаяқтар бұл жүйені айналып өте алмайды: олардың әрекеттері тіркеледі, бірақ қоңыраулар жүзеге аспайды», – деп нақтылады бөлім басшысы.

Дана Досмұхамбетованың айтуынша, операторлар арасындағы ынтымақтастықтан бөлек, Beeline 2022 жылғы қазанда ІІМ-мен меморандумға қол қойып, сондай-ақ Ұлттық банктің алаяқтыққа қарсы орталығымен және прокуратура органдарымен тығыз өзара әрекет жүргізіп келеді.

Алаяқтар қолданатын тағы бір кең тараған тәсіл – қазақстандық мобильді нөмірлерді роумингте пайдалану. Көбінесе мұндай нөмірлер Ресей, Украина және Беларусь аумақтарында тіркелген.

«Құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Ресейде – 3 210, Украинада – 8 819, Беларусьте - 88 нөмір бұғатталды. 2026 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша бұл алаяқтық түрі бойынша бізде бірде-бір дерек тіркелген жоқ», – деді ол.

Алаяқтықпен күрестегі маңызды шаралардың бірі – роумингте eSIM немесе виртуалды SIM-карталарды тіркеуге тыйым салу.

«Бұл дегеніміз, шетелде жүріп, Қазақстанға келмей-ақ eSIM-ді қашықтан қосу мүмкін емес. Виртуалды SIM-картаны пайдалану үшін алдымен ел аумағында тіркеліп, биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Осыдан кейін ғана шетелге шығып, оны пайдалануға болады», – деп түсіндірді ол. 

Форум қатысушыларының қорытындылауынша, Қазақстанда телефон арқылы жүзеге асырылатын дәстүрлі алаяқтық схемалары негізінен бұғатталған. Алайда алаяқтар WhatsApp пен Telegram сияқты мессенджерлерге көбірек ауысуда, бұл оларға қарсы күресте жаңа тәсілдерді талап етеді.  

Beeline Қазақстан туралы

Beeline Қазақстан – 11,9 млн клиентке қызмет көрсететін және телеком-бизнес пен цифрлық платформаларды біріктіретін елдегі ірі цифрлық операторлардың бірі.

Компанияның негізгі өнімі – ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 4,7 млн адамды құрайтын (2025 жылдың III тоқсанындағы есептілік деректері бойынша) Janymda суперапп қосымшасы. Ол финтех-сервистер мен күнделікті цифрлық қызметтерді біріктіреді. Сондай-ақ цифрлық өнімдер портфеліне BeeTV онлайн-платформасы, hitter музыкалық сервисі, сонымен қатар ай сайын 3,8 млн белсенді пайдаланушысы бар Simply финтех-бағыты және серіктестік цифрлық платформалар кіреді.

Осы жылдың желтоқсан айында компания Қазақстанда Starlink ұсынған Direct to Cell технологиясын сәтті сынақтан өткізді. Қызметті коммерциялық негізде іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 11:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары