Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

“Барлық саңылауларды жабамыз“. Қазақстан шетелдік студенттерге арналған ережелерді өзгертеді

“Барлық саңылауларды жабамыз“. Қазақстан шетелдік студенттерге арналған ережелерді өзгертеді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда елге студенттік визамен мигранттардың емес, тек студенттердің келуін қадағалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек айтты. Жаңа ереже қашан күшіне енетіні туралы Tengri Education материалынан оқыңыз.

Виза – транзит үшін емес

Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта Ғылым министрлігі ҰҚК, ІІМ және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, шетелдік студенттердің елге келуін тексеруді күшейтіп жатыр. Барлық процес цифрландырылады.

Шенеуніктің сөзінше, Қазақстан үшін елге кім және қандай мақсатпен келіп жатқанын білу маңызды.

"Қазірдің өзінде Қазақстанда 37 мыңнан астам шетел азаматы жоғары білім алып жатыр. Бұл біздің тарихи рекордымыз екенін айта кету керек. Сонымен қатар бізге транзит мақсатында емес, білім алу үшін келетін "сапалы" студенттердің болғаны өте маңызды", – деді Нұрбек.

Осы мақсатта Study in Kazakhstan цифрлық платформасы іске қосылды. Енді елімізде жоғары білім алғысы келетін шетелдіктер таңдаған университетіне құжаттарын осы база арқылы тапсыруы тиіс.

"Біз енді осы платформа арқылы кім келетінін, кім келмейтінін көріп, біле аламыз", – деп түсіндірді ғылым министрінің м.а.

Болашақта студенттік визаны Study in Kazakhstan платформасы арқылы беру жоспарланып отыр. Егер шетел азаматы платформаға тіркелмесе және оқуын растамаса, оған виза берілмейді.

Шетелдік студенттермен жұмыс істеу ережесі

Сондай-ақ Саясат Нұрбек Ғылым министрлігі шетелдік студенттермен жұмыс істеудің бірыңғай ережесін белгілейтін арнайы бұйрық шығарғанын айтты.

Мысалы, студент университетке түсіп, оқу визасын алып, оқуын бастады делік. Егер кейін ол оқудан шығарылса немесе қандай да бір себептермен университетті тастап кетсе, бұл туралы ақпарат автоматты түрде көші-қон қызметіне беріледі. Бұл студенттің оқу визасымен Қазақстанда болуына негіз жоқ екенін бірден көруге мүмкіндік береді.

Бүгінде шетелдік студентке визаны бүкіл оқу кезеңіне беру мәселесі қарастырылып жатыр. Сонда оған жыл сайын құжаттарын қайта рәсімдеудің қажеті болмайды.

Жоғарыда айтылғандай, процесс толығымен цифрландырылады. Бұдан бөлек, студенттердің жеке басын растау үшін Face ID жүйесін пайдалану жоспарланған.

"Барлық саңылауды жабамыз"

Саясат Нұрбектің айтуынша, Face ID барлық жоғары оқу орындарында енгізілген. Қазір ол арқылы сабаққа қатысу деңгейі қадағаланады. Бұл шаралардың барлығы түптеп келгенде студенттік визаны басқа мақсаттарда, мысалы, көші-қонға пайдалану мүмкіндігін жоюы тиіс.

"Барлық саңылауды жабамыз", – деп сендірді министрдің м.а.

Сондай-ақ шенеунік арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады:

"Біз қазір арнайы жұмыс тобын құрдық және бір жағынан цифрлық платформа арқылы оқуға түсуді және тиісінше виза беру процесін қалай жеңілдетуге болатынын, ал екінші жағынан бақылаудың қатаң механизмін қалай орнатуды ойластырып жатырмыз", – деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Жоспарланған барлық норма 2026 жылдың аяғына дейін іске қосылуы тиіс, деп толықтырды министрдің м.а.

Виза беруге қатысты қандай мәселе бар?

Кейінгі жылдары Қазақстанда шетелдіктерді жоғары оқу орындарына формальды түрде - шын мәнінде білім алу үшін емес, олардың елде болуын заңдастыру үшін рәсімдеген жағдайлар анықталды.

Бұған дейін осындай жағдайлардың бірі туралы жазған болатынбыз. Қазақстандық жоғары оқу орнының қызметкерлері шетелдіктерге оқуға жалған шақырту рәсімдеген. Схеманы жүзеге асыру үшін күдіктілер кәсіпкермен шетелдік студенттерді тарту туралы формальды келісімшарт жасап, оқу процесін имитациялаған.

Қазақстанда студенттік виза беруді қатаңдату туралы осыдан бір жыл бұрын айтыла бастан. Ол кезде Саясат Нұрбек Қазақстанға "өте көп шетелдік" оқудан тыс мақсатта келетінін атап өткен еді.

Министрдің айтуынша, жаңа ереже жемқорлық схемаларды азайтуға және мигранттардың студент кейпінде елге кіруіне жол бермеуге көмектесуі тиіс. Сондай-ақ ол Еуропа елдеріне немесе АҚШ-қа студенттік виза алу қиын екенін және Қазақстанда осыған ұқсас тәсілді енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 18:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары