Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді

Қазақстан мен Эстония арасындағы байланыс бекіді

Қазақстан мен Эстония арасындағы байланыс бекіді

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Іскерлік байланыстан бастап, білім саласындағы серіктестікті нығайту. Бүгін елге мемлекеттік сапармен келген Эстония президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізіп, сан саладағы әріптестікті тереңдетуге бағытталған келісімдерге келді. Тараптар тауар айналымын арттыру, көлік және транзит мәселесі, цифрландыру сынды бағыттардың әлеуетін айқындап, бірлесе атқаратын жұмыс жоспарларын талқылады.

Риат Шони, тілші:
- Қазақстан мен Эстония. Географиясы алыс болғанымен, даму бағыты мен өркениеттік ұстанымдары жақын екі ел. Бірі - Еуразия жүрегінде орналасқан алып мемлекет, екіншісі - Балтық жағалауындағы цифрлық инновацияның алдыңғы шебіндегі ел. Қос мемлекетті жалғайтын көпір - ортақ мүдде, жаңа технологияға ашықтық және ынтымақтастыққа деген ұмтылыс.

Осы ұмтылысты нақты серіктестікке айналдыру үшін Эстония басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен арнайы келді. Мейманға деген құрмет ерекше. Ақорда резиденциясында Еуропадан ат терлетіп жеткен Алар Каристі Қасым-Жомарт Тоқаев құшақ жая қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.

Соңғы рет Эстония басшысы елімізге сонау 2004 жылы сапар жасаған. Арада 20 жылдан астам уақыт өтсе де байланыс ажырамаған. Балтық жағалауындағы мемлекет Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Екіжақты келіссөз жүргізген қос ел басшысы бұл сапардың маңызы зор екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сіздің бұл сапарыңыз екіжақты ықпалдастығымыз бен достық байланыстарымызға тың серпін береді деп сенемін. Сауда саласында түрлі кедергілер бар екенін білеміз. Бірақ бұл бағыттағы бірлескен жұмыс алға жылжып келеді. Қазақстан Эстонияның теңіз порттарын пайдалануға, сауда-саттық көлемін арттыруға ниетті.

Алар Карис, Эстония президенті:
- Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы деңгейде. Әлбетте, кейбір кедергілер бар, бірақ оны еңсеруге болады. Кейде біз түйткілдердің оңай шешілетінін аңғара бермейміз. Бизнес өкілдері қазірдің өзінде іскерлік қатынастар мәселесін талқылап жатыр.

Бұл сапар барысында Эстония тарапы іскерлік байланысқа ден қойып отыр. Алар Кариспен бірге Қазақстанға 40-тан астам бизнес өкілі келген. Айта кету керек, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша арадағы алыс-беріс 46 млн долларға жеткен. Оның 20 млн-нан астамы қазақстандық экспорт болса, 26 млн-ға жуығы эстониялық импорт. Бұл сандарды еселей түсуге қос елдің әлеуеті мол.

Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Орта Азия мен Еуроодақтың өткен жылы тауар айналымы 54 млрд доллар болды. Соның ішінде 50 млрд жуығы Қазақстан мен Еуроодақтың сауда қарым-қатынасы. Оның ішінде Балтық мемлекеттерінікі 355 млн доллар. Енді біздің міндетіміз сол елге қазақстандық мүмкіндіктерді ашып, көрсету. Сол себепті бүгін 40-тан астам бизнес делегация келді. 26 құжатқа қол қойылады. Оның 18-і мынау кәсіпкерлікке қатысты.

Демек елге жаңа инвестициялар тартылады. Негізі Эстония ел экономикасына мол қаржы құйып келеді. 2005 жылдан бері оның көлемі 128 млн доллардан асқан екен. Кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген президент Алар Каристің үлкен бизнес-делегациямен келуін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-  Қазір елімізде 80-нен астам эстониялық компания логистика, пошта қызметтері және цифрлық сервис салаларында табысты жұмыс істеп жатыр. Эстониядан үлкен бизнес-делегацияның келуі Таллиннің серіктестік аясын одан әрі кеңейту ниетін танытады. Қазақстан эстониялық компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Көлік және транзит саласындағы байланыс та екіжақты қатынастың маңызды бағыты. Қазақстан - Еуразияны жалғаған стратегиялық дәліздердің торабында тұрса, Эстония - Еуропа нарығына апаратын қақпа іспетті. Қазіргі геосаяси ахуал мың құбылып тұрғанда транзиттік жолдардың бір емес бірнеше бағытта өрбігені маңызды екені түсінікті. Еліміз астық экспорты бойынша әлемдегі жетекші 10 мемлекеттің қатарында. Осы ретте Қазақстан өз өнімін

Еуропа нарығына еш қиындықсыз жеткізу үшін Эстония порттарын сәтті пайдаланып отыр. Биыл жеті ай ішінде осы ел арқылы Еуроодақ мемлекеттеріне 145 мың тонна астық экспортталған

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл Шаруашылығы министрі:
- Прибалтика арқылы жалпы 700 мың тоннаға жуық экспортталады. Соның 180 мыңдайы Эстония арқылы экспортталады. Бүгін мен порттың басшыларымен кездестім. Келісімге келдік. Олар бізге 90 күнге қаржы жағынан сұрау болмайды. 90 күн жай сақтайтын болады бидайды.

Транзит демекші, Эстония тарапы Еуроодақтың «Global Gateway» ауқымды жобасы аясында Қазақстанмен қатынасты нығайтуға мүдделі. Бұл бастама бойынша Орталық Азияға 13 млрд еуроға жуық қаржы бағытталған. Оның 3 млрд-ы Еуропа мен Азия арасындағы жүк жылдам қозғалуы үшін Орта дәлізді дамытуға жұмсалған.

Алар Карис, Эстония президенті:
- Еуропа Одағының мүшесі ретінде Эстония Орталық Азияның, оның ішінде аймақта көш бастап тұрған Қазақстанның Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктеске айналғанына қуанады. Атап айтқанда, ЕуроОдақ Global Gateway жобасы аясында көлік және өңіраралық байланыс саласындағы қатынастарды нығайтуға ниетті.

Эстония - Балтық жағалауындағы цифрлық инновацияның алдыңғы шебіндегі ел. Цифрлық үкімет, технологиялық стартаптар сынды бастамалары көпке үлгі. Өңірлік IT-хабқа айналып келе жатқан біздің ел үшін мұндай тәжірибе аса маңызды болып отыр.

Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі:
- 10-нан астам unicorn, единорог дейді ғой, сондай компаниялары бар. Соның біреуі Қазақстанға кіріп жатыр. Цифрландыру мектептен басталып, қазір жоғары дәрежеге жетті. Енді жасанды интеллект дамығалы бері АІ Leap деген бағдарламаны іске асырып отыр. Ол да біз үшін қызық.

Білім саласында да байланыс бекем. Эстония Президенті кезінде әлемнің жетекші Тарту университетінде зоология кафедрасын басқарған. Кейін альма-матерінің ректоры қызметін де атқарған. Яғни, ғылым мен білімге басымдық береді. Осы сапар аясында да қазақстандық жоғары оқу орындарымен маңызды келісімдер жасалды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Алты меморандумға қол қойылды. Сол алты мемлекеттік университетпен, әсіресе ең мықтылары, ең көне – ол Тарту университеті және Таллин технологиялық университеті.
Студенттермен алмасу, академиялық ұтқырлық, оқытушылармен алмасу, «Болашақ» бағдарламасының аясында әсіресе Талтек пен Тарту университеттерімен тағылымдама бойынша серіктес ретінде келісімшартқа қол қойылды.

Балтық жағалауы мен Еуразия төрін жалғаған серіктестік. Алар Каристің Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екеуі бірлескен мәлімдеме қабылдады. Енді ертең іскерлік байланысты нығайту мақсатында қос ел басшылары бизнес-форумға қатысатын болады. 

Авторлары: Риат Шони, Марат Диханбаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 22:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see135

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see116

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see113

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see113

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see111

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see111

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see111

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

14 Сәуір 2026 14:15see110

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see109

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see109

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

14 Сәуір 2026 20:03see109

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see109

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

14 Сәуір 2026 11:13see108

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

14 Сәуір 2026 15:59see108

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

14 Сәуір 2026 12:40see107

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

14 Сәуір 2026 20:03see107

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see107

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see106

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

15 Сәуір 2026 09:42see105

Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді

14 Сәуір 2026 16:52see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары