Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Эстониямен байланыс бекіді

Эстониямен байланыс бекіді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іскерлік байланыстан бастап, білім саласындағы серіктестікті нығайту. Бүгін елге мемлекеттік сапармен келген Эстония президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізіп, сан саладағы әріптестікті тереңдетуге бағытталған келісімдерге келді. Тараптар тауар айналымын арттыру, көлік және транзит мәселесі, цифрландыру сынды бағыттардың әлеуетін айқындап, бірлесе атқаратын жұмыс жоспарларын талқылады.

Риат Шони, тілші:
- Қазақстан мен Эстония. Географиясы алыс болғаныме даму бағыты мен өркениеттік ұстанымдары жақын екі ел. Бірі - Еуразия жүрегінде орналасқан алып мемлекет, екіншісі - Балтық жағалауындағы цифрлық инновацияның алдыңғы шебіндегі ел. Қос мемлекетті жалғайтын көпір - ортақ мүдде, жаңа технологияға ашықтық және ынтымақтастыққа деген ұмтылыс.

Осы ұмтылысты нақты серіктестікке айналдыру үшін Эстония басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен арнайы келді. Мейманға деген құрмет ерекше. Ақорда резиденциясында Еуропадан ат терлетіп жеткен Алар Каристі Қасым-Жомарт Тоқаев құшақ жая қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.

Соңғы рет Эстония басшысы елімізге сонау 2004 жылы сапар жасаған. Арада 20 жылдан астам уақыт өтсе де байланыс ажырамаған. Балтық жағалауындағы мемлекет Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Екіжақты келіссөз жүргізген қос ел басшысы бұл сапардың маңызы зор екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
- Сіздің бұл сапарыңыз екіжақты ықпалдастығымыз бен достық байланыстарымызға тың серпін береді деп сенемін. Сауда саласында түрлі кедергілер бар екенін білеміз. Алайда бұл бағыттағы бірлескен жұмыс алға жылжып келеді. Қазақстан Эстонияның теңіз порттарын пайдалануға, сауда-саттық көлемін арттыруға ниетті
.

Алар Карис, Эстония президенті:
- Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы деңгейде. Әлбетте, кейбір кедергілер бар, бірақ оны еңсеруге болады. Кейде біз түйткілдердің оңай шешілетінін аңғара бермейміз. Бизнес өкілдері қазірдің өзінде іскерлік қатынастар мәселесін талқылап жатыр.

Бұл сапар барысында Эстония тарапы іскерлік байланысқа ден қойып отыр. Алар Кариспен бірге Қазақстанға 40-тан астам бизнес өкілі келген. Айта кету керек, биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша арадағы алыс-беріс 46 млн долларға жеткен. Оның 20 млн-нан астамы қазақстандық экспорт болса, 26 млн-ға жуығы эстониялық импорт. Бұл сандарды еселей түсуге қос елдің әлеуеті мол.

Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Орта Азия мен Еуроодақтың өткен жылы тауар айналымы 54 млрд доллар болды. Соның ішінде 50 млрд жуығы Қазақстан мен Еуроодақтың сауда қарым-қатынасы. Оның ішінде Балтық мемлекеттерінікі 355 млн доллар. Енді біздің міндетіміз сол елге қазақстандық мүмкіндіктерді ашып, көрсету. Сол себепті бүгін 40-тан астам бизнес делегация келді. 26 құжатқа қол қойылады. Оның 18-і мынау кәсіпкерлікке қатысты.

Көлік және транзит саласындағы байланыс та екіжақты қатынастың маңызды бағыты. Қазақстан-Еуразияны жалғаған стратегиялық дәліздердің торабында тұрса, Эстония-Еуропа нарығына апаратын қақпа іспетті. Қазіргі геосаяси ахуал мың құбылып тұрғанда транзиттік жолдардың бір емес бірнеше бағытта өрбігені маңызды екені түсінікті. Еліміз астық экспорты бойынша әлемдегі жетекші 10 мемлекеттің қатарында. Осы ретте Қазақстан өз өнімін Еуропа нарығына еш қиындықсыз жеткізу үшін Эстония порттарын сәтті пайдаланып отыр. Биыл жеті ай ішінде осы ел арқылы Еуроодақ мемлекеттеріне 145 мың тонна астық экспортталған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Прибалтика арқылы жалпы 700 мың тоннаға жуық экспортталады. Соның 180 мыңдайы Эстония арқылы экспортталады. Бүгін мен порттың басшыларымен кездестім. Келісімге келдік. Олар бізге 90 күнге қаржы жағынан сұрау болмайды. 90 күн бидайды жай сақтайтын болады.

Эстония - Балтық жағалауындағы цифрлық инновацияның алдыңғы шебіндегі ел. Цифрлық үкімет, технологиялық стартаптар сынды бастамалары көпке үлгі. Өңірлік IT-хабқа айналып келе жатқан біздің ел үшін мұндай тәжірибе аса маңызды болып отыр.

Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі:

- 10-нан астам unicorn компаниялары бар. Соның біреуі Қазақстанға кіріп жатыр. Цифрландыру мектептен басталып, қазір жоғары дәрежеге жетті. Енді жасанды интеллект дамығалы бері АІ Leap деген бағдарламаны іске асырып отыр. Ол да біз үшін қызық.

Білім саласында да байланыс бекем. Эстония президенті кезінде әлемнің жетекші Тарту университетінде зоология кафедрасын басқарған. Кейін альма-матерінің ректоры қызметін де атқарған. Яғни ғылым мен білімге басымдық береді. Осы сапар аясында да қазақстандық жоғары оқу орындарымен маңызды келісімдер жасалды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Алты меморандумға қол қойылды. Сол алты мемлекеттік университетпен, әсіресе ең мықтылары, ең көне – ол Тарту университеті және Таллин технологиялық университеті. Студенттермен алмасу, академиялық ұтқырлық, оқытушылармен алмасу, «Болашақ» бағдарламасының аясында әсіресе Талтек пен Тарту университеттерімен тағылымдама бойынша серіктес ретінде келісімшартқа қол қойылды.

Балтық жағалауы мен Еуразия төрін жалғаған серіктестік. Алар Каристің Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында 26 маңызды келісім жасалмақ. Енді ертең іскерлік байланысты нығайту мақсатында Қазақстан мен Эстония басшылары бизнес-форумға қатысатын болады. 

Авторлары: Риат Шони, Марат Диханбаев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 19:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see170

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see168

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see160

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see150

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see145

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see143

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see142

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see141

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see138

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see136

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see135

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see134

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see132

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see130

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see129

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see114

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see114

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see111

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары