Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Білімді болу аз: ХХІ ғасыр оқушысы алған білімін өмірде қолдана білуі керек Мейрамгүл Нүсүпбек

Білімді болу аз: ХХІ ғасыр оқушысы алған білімін өмірде қолдана білуі керек Мейрамгүл Нүсүпбек

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

– Педагогикалық ұстанымым бойынша, бүгінгі оқушыға ең алдымен мықты білім қоры, терең әрі жылдам ойлау қабілеті, өзін-өзі басқару және өзгермелі ортаға бейімделу дағдылары қатар берілуі керек.

Бірінші орында – базалық, терең білім қажет. Өйткені соңғы жылдарда білім беруден бұрын құзыреттілікке басымдық беріп, білімнің өзін екінші орынға түсіріп келеміз. Оқу, жазу, математикалық сауаттылық, ғылыми түсінік, тілдік сауаттылық – барлығы білімнен кейінгі дағдылардың іргетасы. Оқушыда пәндік, пәнаралық, практикалық және теориялық білім терең болуы қажет. Сондықтан бірінші кезекте:

- мәтінді терең түсініп оқуы;

- өз ойын сауатты ауызша және жазбаша жеткізуі;

- математикалық есептеуді ғана емес, сандық ақпаратты түсіндіруі;

- ғылыми дерек пен болжамды ажыратуы;

- алған білімін жаңа жағдайда қолдануы керек.

Меніңше, дәл қазіргі кезде мектептегі білім берудің басты қателігі – білім мен дағдыны бір - біріне қарсы қою, білімсіз сыни ойлау да, шығармашылық та толық қалыптаспайдындығын ескермейтіндігі. Бұған көп жағдайда жалпы білім беретін мектептер бекітілген  стандарттан шығып, баланың қабілеті мен дағдысына сай білім бере алмайтындығы қосылады.

Екінші орында – сыни және аналитикалық ойлау. Қазіргі бала ақпарат тапшылығынан емес, ақпараттың шамадан тыс көптігінен қиналады. Мектептегі білім «ақпаратты есте сақтауға» құрылады да баланың  «ақпараттың дұрыстығын анықтау» қабілетін тәрбиелеуге көңіл бөлінбейді немесе өте аз көңіл бөлінеді. Бұған мұғалімдердің де стандарттан асып кете алмайтындығы себеп болып жатады. Оқушының аналитикалық ойлауы – ең маңызды негізгі дағды.

Оқушы кез келген ақпаратты талдағанда өзіне мына сұрақтарды қоя білуі керек:

 - Бұл ақпараттың дереккөзі қандай?

 - Бұған қандай дәлел бар?

 - Факт пен пікірдің айырмашылығы неде?

 - Басқаша түсіндіру мүмкін бе?

 -  Менің қорытындым дәлелге сүйене ме?

Бұл – тек информатика немесе қазақ тілі сабағының емес, барлық пәннің міндеті. Мектеп оқулықтарында оқушыны қызықтырмайтын, еліктірмейтін, ұғымына өте ауыр, ғылыми негізі жоқ ақпараттар, ескірген ақпараттар көп берілген. Оқулықтар мазмұны 2018 жылдан бері жаңартылмағанын айтсақ, тіпті ақпараттардағы қайшылықтардың өзі сыни көзқарасты қажет етеді. 

Үшіншіден оқушыға аса қажет дағды – өздігінен білім алу қабілеті. Қазіргі мектептің ең басты нәтижелерінің бірі ретінде «оқушының мұғалімсіз де үйрене алатын деңгейге жеткізуін» атар едім. Оқушының – мақсат қоя білуін, әрекеттін жоспарлауын, өз нәтижесін бақылауын, кері байланысты пайдалануын және жауапкершілік алуын маңызды дер едім. Ондайда оқушы: мақсат қояды → әрекет жоспарын жасайды → орындайды → нәтижесін өлшейді → қатесін анықтайды → қайта әрекет етеді.

Бұл оқушы «бүгін өзімнің қай дағдымды қандай деңгейге көтердім, ертең нені жақсартамын?» деп ойлауы керек. Бұл жерде мұғалімнің оқушыны бағалауы – жазалау немесе жарыстыру құралы емес, бағалау оқушы үшін «өз прогресін көру құралы» болуы тиіс.

Төртіншіден – цифрлық және жасанды интеллект сауаттылығы. Бүгінгі оқушы технологияны қолдана алады деген сөз оның «цифрлық сауатты» екенін білдірмейді. Оқушы:

- ақпаратты іздеу;

- дереккөзді тексеру;

- цифрлық қауіпсіздік;

-  авторлық құқықты сақтау;

- дербес мәліметті қорғау;

- жасанды интеллект мүмкіндігі мен шектеуін түсіну;

- AI берген жауапты тексеру;

- AI-ды дайын жауап көшіретін құрал емес, ойлауды жетілдіретін құрал ретінде пайдалану дағдыларын меңгеруі керек.

Бесіншіден – коммуникация, қарым-қатынас мәдениеті.  Білімі өте жақсы, бірақ ойын жеткізе алмайтын оқушының мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан мектепте: тыңдау → түсіну → сұрақ қою → пікір айту → дәлелдеу → пікірталас жүргізу → келісу/келіспеу мәдениеті жүйелі түрде қалыптасуы қажет. Әсіресе, қазақ тілін оқытуда оқушыға ережені жаттатумен шектелмей, ойын қазақ тілінде дәлелді, мәдениетті, логикалық жеткізуге мүмкіндік беру маңызды. Бұл жерде айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым бір-бірінен бөлінбеуі керек. Біздегі көп әдіскерлер осы төрт дағдыны бір- бірінен бөліп қарастырады. Тіпті, айтылым мен тыңдалым мақсаттары араласып кетсе, оны үлкен мәселе көреді. Мұғалім дағдыланбай оқушы қалай дағдылансын. Оқыту әдістемесі жасалмай, оқушыны қалыптастыру мүмкін бе? Мүмкін емес. Оқушыны қалыптастыру үшін оқыту әдістемесі де жасалуы керек.  

Алтыншыдан  – оқушының шығармашылық және мәселе шешу дағдысы қалыптасуы керек. Болашақта жасанды интеллект көптеген стандартты әрекеттерді орындай алады. Сондықтан адамның құндылығы – жаңа идея ұсыну → мәселені көру → бірнеше шешім жасау → ең тиімдісін таңдау → нәтижесін тексеру қабілетінің артуында. Сондықтан сабақтағы «Дұрыс жауабы қайсы?» деген сұрақпен қатар, «Тағы қандай шешім болуы мүмкін?» деген сұрақ та тұрақты қойылуы қажет.

Жетіншіден – эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру. Қазіргі бала тек білімді емес, өз эмоциясын басқара алатын, өзгемен жұмыс істей алатын, жауапкершілік ала алатын тұлға болуы керек. Оған:

   өз эмоциясын түсіну;    қиындыққа төтеп беру;    қателіктен қорықпау;    өзгенің пікірін тыңдау;    топпен жұмыс істеу;   жанжал жағдайында келісім табу;   эмпатия;    жауапкершілік сияқты дағдылар қажет.

Демек, «жақсы оқушы» ұғымын тек жоғары баға алатын оқушымен шектеу дұрыс емес.

Сегізіншіден  – қаржылық, тұрмыстық және өмірлік сауаттылық. Мектеп бітірген бала:

  жеке қаржысын жоспарлау;   кіріс пен шығысты ажырату;   пайыз, несие, жинақ ұғымдарын түсіну;   еңбек пен табыстың байланысын білу;   уақытын жоспарлау;   құжаттармен жұмыс істеу;   күнделікті өмірдегі құқықтары мен міндеттерін түсіну

сияқты қарапайым, бірақ өмірлік маңызды мәселелерді білуі қажет. Мектеп «өмірге дайын адам» шығаруы керек, тек «емтиханға дайын оқушы» емес.

Меніңше, «ХХІ ғасыр мектебінің идеалы – бәрін білетін оқушы емес, жаңа нәрсені өздігінен үйрене алатын, дұрыс сұрақ қоя алатын, ақпаратты талдайтын, технологияны саналы пайдаланатын, өз шешіміне жауап беретін және алған білімін өмірде қолдана алатын оқушы  болуы керек. Сондықтан қазіргі мектептің мақсаты: «көп білетін оқушы» тәрбиелеуден «білгенін дұрыс қолдана алатын, өздігінен ойлайтын, ақпаратты саралайтын, үйрене алатын тұлға» қалыптастыруға қарай ауысуы керек. Ал мұғалімнің басты міндеті — оқушыға дайын жауап беру емес, дұрыс сұрақ қоя алатын және жауапты өзі іздей алатын деңгейге жеткізу. Демек, оқыту бағдарламасы, оқыту мақсаттары, оқыту әдістері, оқулықтар мен әдістемелер де осыған сай жасалуы тиіс.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 09:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары