Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бір чемоданды өткіземін деп... : 21 жастағы қазақ қызы Қытай түрмесіне қалай түсіп қалды?

Бір чемоданды өткіземін деп... : 21 жастағы қазақ қызы Қытай түрмесіне қалай түсіп қалды?

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесінде отырғанына 10 жылдан асты. 2014 жылдың көктемінде ол Гуанчжоу әуежайында ұсталып, жүгінен 4,5 келі амфетамин табылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Алайда қорғаушылар бойжеткен алданғанын, нигериялық есірткі тобының құрбаны болғанын алға тартып келеді. Осыған орай Masa.media басылымы Ақжарқынның ісін қайта саралап, оны елге қайтарудың мүмкіндігі бар-жоғын талдаған.

Қалай басталды?

Ақжарқын Тұрлыбай 1994 жылы 21 ақпанда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Кейін педагогикалық университетке түсіп, Алматыға көшкен.

Ол кезде 21 жастағы студент құрбысы Динарамен бірге тұрған. Динара Қытайдан брендтік киімдер әкеліп сатумен айналысқан. Ақжарқын да осы кәсіпке қызығып, 2014 жылдың наурызында Қытайға жол тартқан. Бұл – оның шетелге алғаш шығуы еді.

Алғашқы күндері ол ата-анасымен байланыста болып, Skype арқылы сөйлескен. Алайда көп ұзамай хабарсыз кеткен. Анасы Зухра Сейтімова қызының таныстарын аралап, іздей бастайды.

Кейін белгілі болғандай, Ақжарқын Гуанчжоу әуежайында ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған.

Чемоданда не болған?

Қорғаушылардың айтуынша, Ақжарқынға Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортуна байланысқа шығып, Гуанчжоудан Малайзияға әйелдер киімі салынған чемоданды жеткізіп беруді өтінген.

Кедендік тексеріс кезінде дәл сол чемоданнан 4,5 келі амфетамин табылған.

Ақжарқын қамауға алынып, бір жылдан кейін сот үкімі шықты – ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

"Нигериялық мафияның құрбаны"

Ақжарқын өз кінәсін мойындамайды. Ол чемоданда есірткі барын білмегенін айтады. Оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов те бұл нұсқаны қолдап, қазақ студенті нигериялық есірткі желісінің құрбаны болғанын мәлімдеген.

Бұл нұсқаны Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы да растаған. Ұқсас схема бойынша ТМД елдерінің бірнеше азаматы – Жібек Сакеева, Анастасия Яичникова, Шовкатбек Юсупжанов, Семён Соболь және басқалары алданғаны айтылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік Мария Дапирканың ісі де жиі мысал ретінде келтіріледі. Ол Вьетнамда өмір бойына сотталғанымен, 11 жылдық күрестен кейін бостандыққа шыққан.

Он жыл тар қапаста

Ақжарқынның ата-анасы адвокаттар мен сапар шығындарын өтеу үшін бар мүлкін сатуға мәжбүр болған. Анасының айтуынша, Қытайда сотталған адам тамақтану үшін қосымша төлеуі керек, әйтпесе ең арзан тағаммен шектеледі. Ақпараттарға сүйенсек, Ақжарқын осы жылдар ішінде қытай тілін меңгерген. Түрмеде йога мен ағылшын тілінен сабақ беріп жүргені де айтылған.

Елге қайтару мүмкін бе?

Ақжарқынның туыстары мен адвокаттары, сондай-ақ қазақстандық дипломаттар экстрадиция мәселесін бірнеше рет көтерген. Алайда Қытай тарапы оны өмір бойына сотталғандықтан, беруден бас тартқан.

Қазақстан жағы үмітін үзбей отыр. Егер Қытай соты жазаны нақты мерзімге қысқартса, оны Қазақстанға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал.

2025 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломаттар қолдарынан келгенін жасағанын мәлімдеді. Қазір бұл іс бойынша әрі қарайғы жұмыс Бас прокуратура құзыретінде.

Сонымен қатар, Қазақстан Ішкі істер министрлігі үш жылдан бері Адинду Нонсо Фортуна есімді Нигерия азаматын экстрадициялауға тырысып келеді. Оған Қазақстанда есірткі айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры – халықаралық есірткі трафигінің көлеңкесінде қалған күрделі іс. Он жылдан астам уақыт өтсе де, оның отбасына үміт оты әлі сөнген жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:249
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 18:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары