“Бірегей кадрлар“ Абай облысында қонжығы бар аю видеоға түсірілді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аю мен қонжығының сирек кадрларын көрсетті. Видео БАҚ назарын аударды, деп хабарлайды Tengri Travel.
"Тау тұрғыны" - видео
Ұлттық парк фототұзаққа түскен кадрларды Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда тау беткейімен жүріп бара жатқан аю мен оның қонжығы бейнеленген.
"Күз - Тарбағатай тауларының табиғаты үшін ерекше кезең. Күн суытып, өсімдік жамылғысы өзгерген шақта таудың тағы бір тұрғыны - Тянь-Шань қоңыр аюы мұнда белсенді тіршілігін жалғастырып жатыр", - деп хабарлады ұлттық парк өкілдері.
"Қонжығы бар аюлар өте сақ келеді"
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Ұйым өкілдері күзде аюлардың қорек іздеп, таулы және орманды алқаптарды кезіп жүретінін еске салды. Олар қысқы ұйқыға дайындалып, азық қорын белсенді түрде жинайды.
"Аюлар негізінен жалғыз жүріп тіршілік етеді. Қонжығы бар ұрғашы аюлар өте сақ келеді және адамдардан аулақ жүруге тырысады. Бұл - жабайы табиғатта ұрпағын қорғаудың табиғи жолы. Тарбағатай тауларында мекендейтін әрбір аю табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі", - деп атап өтті мекеме мамандары.
Ұлттық парктің мәліметінше, Тянь-Шань қоңыр аюы - табиғи парк аумағында мекендейтін сирек түрлердің бірі. Сондай-ақ ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Аю шошқаны сүйреп әкеткен: ШҚО тұрғындары қорқынышты видеоны талқылап жатыр
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 11:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















