Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Біртұтас QR мен стейблкоин: 2025 жылы Қазақстанның қаржы жүйесі қалай өзгерді

Біртұтас QR мен стейблкоин: 2025 жылы Қазақстанның қаржы жүйесі қалай өзгерді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ұлттық банк неге жоғары пайыздық мөлшерлемені ұстап отыр?

2025 жылдың басты оқиғаларының бірі – ақша-кредит саясатының қатаңдатылуы. Наурызда Ұлттық банк негізгі пайыздық мөлшерлемені 16,5%-ға көтерсе, қазанда ол 18%-ға жетті. Осы деңгей жыл соңына дейін сақталды.

– Базалық мөлшерлемені 18%-ға көтеру шешімі жаңартылған экономикалық болжамдарды ескере отырып қабылданды. Бұл шара инфляцияны тежеу және экономикалық белсенділіктің шамадан тыс баяулауына жол бермеу үшін қажет болды, – деп хабарлады Ұлттық банк Kazinform агенттігінің ресми сұрауына берген жауабында.

Дегенмен, жоғары пайыздық мөлшерлеме сұранысты толық басып тастады деуге келмейді, себебі экономикаға мемлекеттік және квазимемлекеттік бағдарламалар арқылы әлі де айтарлықтай қаражат түсіп жатыр.

Сондықтан банк басқа да шараларды қолдануда. 2025 жылы Ұлттық банк жүйедегі еркін ақша көлемін мақсатты түрде қысқартуды бастады. Банктер үшін минималды резервтік талаптар 0,8 трлн теңгеден 2,7 трлн теңгеге дейін көтеріліп, бұл қаражат Ұлттық банкте сақтық резерві ретінде орналастырылды. Сонымен қатар, алтын сатудың арқасында тағы 2,7 трлн теңге экономикадан шығарылды. Яғни, Ұлттық банк ақша массасын біртіндеп «қысқартып», бағаның өсуіне қысым жасайды.

Сонымен қатар, несие беру ережелері қатаңдатылды. Банктер несие бергенде қарыз алушының қаржылық жағдайын мұқият бақылайды, ал тұтынушылық кредиттердің өсуіне шектеу қойылды. Бұл шаралар экономиканың «қызып кетпеуін» қамтамасыз етуге бағытталған. Соның өзінде жылдық өсім қарқыны 6%-дан асып отыр.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Ұлттық банк нарыққа нақты сигнал берді: 2026 жылдың ортасына дейін негізгі пайыздық мөлшерлеме жоғары деңгейде қалуы мүмкін. Қазір Қазақстанда «қымбат ақша» дәуірі басталды, яғни несие қымбаттап, ақша алу қиын болады. Мұндай жағдайда бизнес тиімділігін арттырып, кредит алуда аса сақтық танытуы керек.

Нарыққа жаңа банктер шықты

2025 жылы Қазақстанда екі жаңа банк – «БиЭнКей Коммерциялық Банкі» және «KMF Банк» ашылды. Олардың бірі еліміздегі ең ірі микрокаржы ұйымын қайта құру арқылы құрылды. Бұл қадам Президенттің банк нарығында бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға арналған.

«БиЭнКей Коммерциялық Банкі» (BNK Commercial Bank) нарыққа қатаң ақша-кредит саясаты жүріп жатқан кезде қосылды. Банк жоғары пайыздық мөлшерлемені ескере отырып өз қызметін ұйымдастырып отыр және шағын орта бизнеске қызмет көрсетуге екпін қояды.

Цифрлық теңге: эксперименттен нақты қаржылық жүйеге дейін

2023 жылы тәжірибе күйінде іске қосылған цифрлық теңге биыл нақты қаржылық жүйеде қолданылуға кірісті. Енді ол Қазақстанның ұлттық валютасының қолма-қол және есептік ақшадан кейінгі үшінші формасы ретінде қосымша құралға айналды.

Ұлттық банк атап өткендей, цифрлық теңге криптовалюта емес және банктердің қызметін алмастырмайды. Бұл – мемлекеттің ресми ақшасы, ол банк қосымшалары арқылы қолжетімді.

– Цифрлық теңге – Ұлттық банк эмиссиялайтын ақша және оның міндеттемесі. Ал криптовалюта ақша болып саналмайды, олардың артында ешқандай мемлекеттік міндеттеме жоқ, – деді Ұлттық банк өкілдері.

Цифрлық теңгенің басты ерекшелігі — оны тек нақты мақсатқа жұмсауға болады. Ақша тек белгілі жобалар мен бағдарламаларға ғана жетеді, оны басқа нәрсеге қолдануға болмайды. Сондықтан цифрлық теңге алғаш рет бюджет пен мемлекеттік бағдарламаларда енгізілді. Мәселен, Павлодар мен Атырау облыстарында жол жөндеуге, «Достық–Мойынты» теміржолын салуға, ҚҚС қайтару жобаларына, фермерлерге субсидия беруге және несие ұсынуға, сондай-ақ Астанада мектеп оқушыларына тегін ыстық тамаққа арналған ваучерлерді төлеуге пайдаланылды.

Бұл қаражатты ешкім өз қалауы бойынша пайдалана алмайды. Ақша тек мердігерге жетеді, ал маркерленген белгісі шарттар толық орындалған соң ғана алынады.

Экономикалық тұрғыдан цифрлық теңге жаңа ақша шығармайды. Яғни, ол өздігінен инфляцияны асқақтатып, ақша-кредит саясатының негізгі қағидаларын өзгертпейді. Оның басты артықшылығы — қаражат қозғалысын ашық және бақылауға болатын етіп ұйымдастыруында.

Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

2025 жылдың соңына дейін пилоттық жобаларда цифрлық теңгенің жалпы көлемі шамамен 270 миллиард теңгені құрады. Платформаға жеті қаржы ұйымы қосылды, олардың қатарында ірі банктер, «Қазпошта» және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті бар. Жақын арада цифрлық теңге республикалық және жергілікті бюджеттерде, сондай-ақ мемлекеттік холдингтердің қаржысын басқаруда белсенді қолданылмақ. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов бұл құралды көлеңкелі экономиканы азайтудағы маңызды механизм деп атады.

Сонымен қатар, цифрлық теңге 13,5 триллион теңге жалпы бюджеті бар «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасында да пайдаланылатын болады. Мұнда қаражаттың нақты мақсатқа жұмсалуын қатаң бақылау аса маңызды.

Цифрлық теңге платформасын толық іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланған. Қолжетімділік кезең-кезеңімен кеңейтіліп, болашақта оны БАӘ, Қытай және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық есеп айырысу үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Теңгелік стейблкоин: жеке қаражат – қадағалауда

2025 жылы Қазақстанда алғашқы пилоттық теңге стейблкоины іске қосылды. Оның цифрлық теңгеден айырмашылығы — жеке компания шығарған цифрлық актив, нақты ақша арқылы қамтамасыз етілген және реттеуші органның бақылауында болады.

– Цифрлық теңгені, кәдімгі қолма-қол ақша сияқты, Ұлттық банк шығарады және оның құны мемлекеттің кепілдігімен қорғалған. Ал теңге стейблкоины — жеке компанияның шығарған цифрлық ақшасы, ол теңгеге байланған және нақты ақша арқылы қамтамасыз етілген. Бұл стейблкоин - компанияның өз міндеттемесі, — деп хабарлады Ұлттық банк Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.

Қарапайым тілмен айтқанда, цифрлық теңге — мемлекет ақшасы, ал стейблкоин — жеке компания ақшасы, бірақ ол теңгеге байланған және мемлекет бақылауында болады.

Бірінші теңге стейблкоинын реттеушінің тәжірибелік жобасына қатысушы Intebix компаниясы Solana, Mastercard және Еуразиялық банкпен бірлесіп іске қосты. Бұл жүйе криптовалютаны дәстүрлі банк жүйесімен байланыстырады. Пайдаланушы криптовалютасын стейблкоинге айырбастап, онымен тауар мен қызмет үшін, арнайы криптокарталар арқылы да төлем жасай алады.

2025 жылы сонымен қатар криптокарталар жобасы да басталды. Олар арқылы пайдаланушы тауар мен қызмет үшін криптовалютамен төлей алады, бірақ төлем сәтінде қаражат бірден теңгеге ауыстырылады. Есеп айырысу әрдайым нақты ақша арқылы жүргізіледі, бірақ бастапқы қаражат — цифрлық активтер.

— Теңгеге байланған стейблкоинге деген сұраныс жақын арада арта береді. Болашақта оны халықаралық төлемдерде, яғни шекаралық операцияларда қолдану да қарастырылуда, — делінген Ұлттық банк жауабында.

Әзірге оны қанша мөлшерде пайдаланғаны туралы нақты мәліметтер жарияланған жоқ.

Біртұтас QR-төлем жүйесі іске қосылды

13 қарашада Қазақстанда банктер арасындағы біртұтас QR-төлем жүйесі ресми түрде іске қосылды. Жүйенің басты артықшылығы — сатып алушы қай банктің клиенті болсын, сатушы қай банкпен жұмыс істейтіні де маңызды емес.

Фото: Nano Banana Pro

Ұлттық банктің түсіндіруінше, қазақстандықтар әдетте 3–4 банк қосымшасын пайдаланады, ал сауда орындарында әртүрлі банктердің терминалдары бар. Олар кейде сәйкес келмей жатады. Біртұтас QR осы бөлшектенген инфрақұрылымды бір жүйеге біріктіріп, төлемді жеңілдетеді.

Жүйе іске қосылған сәтте бірнеше миллион қолданушыны қамтыды. Қазір Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Freedom Bank, Home Credit, RBK және Altyn Bank жүйеге қосылған. Қалған банктер қосылу үстінде, толық іске қосу 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Қазақстан бұл бағытта жалпы өңірлік үрдісті жалғастырып отыр. Мысалы, Қырғызстан бұл жолдан сәл бұрынырақ өткен, нәтижесі жаман емес. QR-төлемдер саны ондаған есе артқан, ал қолма-қолсыз төлем көлемі күрт өсті. Ресей де Қазақстаннан кейін біртұтас QR жүйесін іске қоспақ.

Келесі кезең — шекарааралық QR-төлемдер.

– Біз қазір Орталық Азия елдері, Түркия және БАӘ орталық банктерімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Алғашқы пилоттық жобаларды келесі жылдың екінші жартысында іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді Ұлттық банктің цифрлық трансформация департаментінің директоры Бинұр Жаленов.

Реттеуші орган шекарааралық есеп айырысуларда банктер мен финтех компаниялары арасында қақтығыс жоқ екенін атап өтті.

– Банктер мен финтех компаниялары трансшекаралық төлемдерде өз орындарын таба алады деп есептейміз. Олар қызметтерін бірігіп көрсетудің жолын да іздей алады, – делінген Ұлттық банктің редакция сауалына берген жауабында.

Қазақстан халықаралық цифрлық рейтингтерде өсім көрсетіп, өңірде заманауи технологияларды енгізуге дайындық бойынша көшбасшы болып отыр. Мысалы, Oxford Insights халықаралық аналитикалық орталығы жариялаған Government AI Readiness Index 2025 бойынша еліміз 195 елдің ішінде 60-орынға көтеріліп, бір жылда 16 сатыға алға шықты. Біртұтас QR жүйесі осы көшбасшылықты тек идеялар мен концепциялар деңгейінде емес, күнделікті өмірде де жүзеге асырып жатқанын айғақтайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 14:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see153

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see151

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see144

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see129

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see127

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see124

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see123

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see121

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see120

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see120

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see120

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see119

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see119

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see117

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see117

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see117

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see117

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see116

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары