Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау: 2025 жылы не өзгерді

Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау: 2025 жылы не өзгерді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Негізгі қадамдардың бірі лауазымдық жалақылардың өсуі болды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап офицерлік құрамның жалақысы орта есеппен 20,3 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамдікі 33,9 пайызға артты. Сонымен қатар бұрын жойылған далалық төлемдер жүйесі қайта енгізілді. 1 шілдеден бастап әскери қызметшілерге далалық шығуларға, теңіз жорықтарына және оқу-жаттығуларға қатысқан әрбір тәулік үшін іссапар рәсімдемей-ақ, 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде далалық төлемдер төлене бастады. 

Алдағы уақытта да қосымша өзгерістер жоспарланған. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласы да елеулі түрде дамыды. 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап «Отбасы банк» тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілерге арналған арнайы ипотекалық өнімдерді іске қосты. Бастапқы жарнасы 20 пайыздық «Әскери баспана» бағдарламасы қайталама тұрғын үй нарығынан баспана сатып алуға бағытталған. Алдын ала қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 18 пайыз және тұрғын үй құнының 50 пайызы жинақталған кезде 5 пайызға төмендейді. «Наурыз әскери» бағдарламасы бастапқы жарнасыз жаңа құрылыстан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Астана мен Алматы қалаларында қарыздың ең жоғары сомасы 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін, ал бастапқы жарна 20 пайыздан асқан жағдайда 80 млн теңгеге дейін жетеді. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 9 пайызды құрайды. 

2025 жылы әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға да ерекше көңіл бөлінді. Әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығында демалып, денсаулықтарын нығайтты. Бұл Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігіне айналды. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар мерзімді әскери қызметтің беделін арттыру және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Sarbaz 2.0 цифрлық жобасы іске қосылғалы бері 9 мыңнан астам үздік әскери қызметші білім беру гранттарына ие болды. Оның ішінде 3 000-нан астамы жатақханаға басымдықпен орналастыру және шәкіртақы төлеу қарастырылған мемлекеттік гранттар екенін атап өту керек. Ел тарихында алғаш рет іріктеу толық автоматтандырылған форматта өтуде. Бұл жүйе сарбаздардың рейтингін тәртіп, дене дайындығы және жауынгерлік дайындық көрсеткіштері бойынша қалыптастырады. Ал алгоритм гранттарды таңдалған жоғары оқу орындары мен мамандықтар арасында өздігінен бөледі. 

Сарбаздар мен олардың отбасыларына түсетін қаржылық жүктеме де азайтылды. 20 мыңнан астам мерзімді әскери қызметші жалпы сомасы шамамен 8 млрд теңгені құрайтын «несиелік демалысты» пайдаланды. Сонымен қатар қызмет барысында сарбаздар еңбек нарығында сұранысқа ие ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, экскаваторшы, байланыс маманы, дизелист-электрик, парамедик және басқа да кәсіптер бойынша жұмысшы мамандықтарын тегін меңгере алады. Оқу аяқталған соң оларға сертификаттар беріледі. 

Әлеуметтік саясаттың жаңа бағыты – әскери қызметшілерді қызметтен кейінгі өмірге даярлау. Қорғаныс министрлігі зейнетке шығар алдында әскери қызметшілерді бейімдеу бағдарламасын іске қосты. Енді олар әскери жоғары оқу орындарының базасында мектептерде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беру үшін, сондай-ақ әскери кафедраларда жұмысқа орналасу мақсатында тегін қайта даярлаудан өте алады. Бұл шешім офицерлердің кәсіби әлеуетін сақтауға және азаматтық қызметке біртіндеп көшуіне мүмкіндік береді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталі жаңа жабдықтармен толыққанын жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 17:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары