2025 жылы Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді толық орындады
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: Ашық дереккөз
«Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған болса, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге жіберілді», деді М. Такиев.
Қаржы министрі Ұлттық жобалар шеңберінде 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ студенттерге арналған 10 мыңнан астам орынға 30 жатақхана пайдалануға берілді.
Қаржы министрлігі: Бюджет кірістері 21,4 трлн теңгеге жетті
«Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасып жатыр. 980,5 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желісі салынды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің 6,3 мың шақырым желісі салынды», деді министр.
Көлік инфрақұрылымына да қомақты қаражат жұмсалды. 13 мың шақырымға жуық автожол, оның ішінде 9 мың шақырым республикалық маңызы бар жол және 4 мың шақырым жергілікті маңызы бар автожол жұмыстың барлық түрімен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар теміржол және әуе бағыттарын қолдау жұмыстары жалғасын тапты.
Министр: Мемлекеттік қарыз деңгейі экономикаға қауіп төндірмейді
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 14:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















