Биыл 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Биыл бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жаңа 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді, деп хабарлады үкімет.
2025 жылы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен барлық санаттағы 13 мың шақырымға жуық автожолдар қамтылды, оның ішінде:
2,2 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау;
6,6 мың шақырым республикалық желіні күрделі және орташа жөндеу;
4,1 мың шақырым жергілікті жолдарды жаңарту жұмыстары бар.
"Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын жаңа 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді. Нәтижесінде ақылы күре жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды", - деп жазылған хабарламада.
Жыл соңына дейін 6,1 мың шақырымдық жол жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Олар – құрылыс және реконструкциялау (847 шақырым), күрделі және орташа жөндеу (2,2 мың шақырым) және жергілікті маңызы бар жолдарды (3,1 мың шақырым) жөндеу жұмыстары.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 08:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















