Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Биыл Қазақстанда шалғай жайылымдардағы мал шаруашылығына маманданған 200 шаруашылық құрылады

Биыл Қазақстанда шалғай жайылымдардағы мал шаруашылығына маманданған 200 шаруашылық құрылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл туралы Парламент Сенатында өткен отырыс барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Атап айтқанда, ірі қара мал саны 2,4%-ға артып, 7,977 млн бастан 8,167 млн басқа жетті, ал ұсақ қара мал саны 1,6%-ға өсіп, 20,224 млн бастан 20,551 млн басқа дейін көбейді. Сүт өндірісі 3,8 млн тоннаны құрап, 5%-ға артты, ал ет өндірісінің көлемі 1,2 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға өсті.

«Көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында Министрлік тарапынан мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Құжатта жеңілдетілген несиелеу, асылтұқымды мал шаруашылығын және ғылыми қамтамасыз етуді дамыту, азықтық базаны нығайту мен ветеринариялық қауіпсіздікті арттыру, саланың инвестициялық тартымдылығын күшейту, заманауи технологияларды енгізу, өткізу нарықтарын және экспорттық әлеуетті кеңейту жөніндегі ынталандыру шаралары көзделген», – деді Аманғали Бердалин.

Саланы жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі қолжетімді жеңілдетілген кредиттерді енгізу болмақ. Жоғары өнімді мал басын сатып алу үшін жылдық 6% мөлшерлемемен ұзақмерзімді жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын іске асыру жоспарлануда. Бұл қаржыландыру мал шаруашылығының барлық бағыттарын қамтып, мал басын жаңартуға және оның генетикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мен шалғай жайылымдардағы мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта жайылым инфрақұрылымын дамытуға арналған бірыңғай кредиттік өнім іске қосылады. Ол жайылымдарды суландыруды және мобильді қоныстарды сатып алуды қамтиды. Нәтижесінд,6 2026 жылы шалғай жайылымдардағы мал шаруашылығына маманданған 200 шаруашылық құру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мал шаруашылығы бағыттары бойынша шектеусіз түрде айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредит беру көзделген. Қаражат жемшөп, жанар-жағармай материалдары, ветеринариялық препараттар және басқа да ағымдағы шығыстарды сатып алуға бағытталады. Бұл бағыт бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 104 млрд теңгені құрайды.

Кешенді жоспардың басты міндеттерінің бірі — мал басының өнімділігін арттыру. Осы бағытта жасанды ұрықтандыруды қолдау шараларын кеңейту, оның ішінде жынысы іріктелген тұқымды пайдалану, сондай-ақ ірі қара малдың эмбриондық көбею зертханасын құру мәселесін пысықтау қарастырылған.

Саланың кадрлық әлеуетін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар да көзделген. Атап айтқанда, агросыныптарды енгізу, тәжірибеге негізделген оқытуды дамыту, ауылдық жерлерде міндетті түрде жұмыс істеу шартымен үшжақты келісімшарттар бойынша білім беру гранттарына квоталар бөлу, сондай-ақ аграрлық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту жоспарланған.

Ветеринариялық саланы нығайту мақсатында мамандардың еңбекақысын арттыру және нормативтік жүктемені төмендету көзделіп отыр. Сонымен қатар ветеринариялық зертханалар мен инфрақұрылымды жаңғырту, импортталатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту жұмыстары жалғасуда.

Экспорттық нарықтарды кеңейту аясында 2025 жылы 16 ветеринариялық сертификат келісіліп, қол қойылды. Бұл мал шаруашылығы өнімдерін Еуропалық одақ елдеріне, Ұлыбританияға, АҚШ-қа, Канадаға, Парсы шығанағы елдеріне және басқа да мемлекеттерге экспорттауға мүмкіндік берді. Биылғы жылы Қытай Халық Республикасына, Еуропалық одаққа, Пәкістанға және өзге де елдерге экспорттық өнім номенклатурасын кеңейту жоспарланып отыр.

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде ірі қара мал саны 12 млн басқа, ұсақ қара мал саны 28 млн басқа дейін ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар орташа тәуліктік салмақ қосу және бір сиырға шаққандағы орташа сүт өнімі 12 мың келіге дейін артады. Ет өндірісінің көлемі 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін өсіп, ет экспорты екі есеге ұлғаяды.

Отырыс барысында депутаттар жоспарды іске асыру тетіктеріне, фермерлерді қолдау шараларына және жеңілдетілген кредиттердің қолжетімділігіне қатысты сұрақтар қойды. Вице-министр барлық көзделген шаралар мал шаруашылығының тұрақты дамуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары