Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мал шаруашылығына баса мән беруіміз керек

Мал шаруашылығына баса мән беруіміз керек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет басшысы: «Біз бұған дейін егін шаруашылығын дамыту бағытында біраз жұмыс жүргіздік, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Енді мал шаруашылығына баса мән беруіміз керек», – деді. Демек, бұдан былай мал шаруашылығын дамыту да өзекті бола түседі деген сөз. Ал кез келген саланы жетістікке жетелейтін  күш – адам. Сондықтан  мал шаруашылығы саласында  еңбек ететін азаматтардың  әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу – өмір талабы. Шамасы Үкіметте мұны ескерсе керек, биыл 29 шілдедегі отырысында малшы мәртебесінің өсуі, әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандырылуы бағытында тың ұстанымын байқатқан.  

Үкімет отыры­сында Ауыл шаруа­шылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ауыл шаруа­шылығы қызметкер­лерінің мәр­­тебесін көтеру, зей­­нет­кер­лік жасты төмендету сияқ­ты бірқатар әлеуметтік қам­­­сыз­­дан­дырудың кешенді жос­парын ұсынған болатын. 

– Ауыл шаруашылығы қыз­меткерлерінің мәртебесі де өсуде, оны жалақыны көтеру, зейнет­керлік жасты төмендету, ауыл тұр­ғындарының әлеуметтік тө­лем­деріне ұлғайтылған коэффи­циентті қолдану есебінен одан әрі көтеру қажет. Ұсынылған шаралар еңбек жағдайларын жақ­сартуға, жаңа кадрларды тар­туға, ауылдағы адамдарды бекі­туге мүмкіндік береді, – деген еді вице-министр.

Ал бұл өзгерісті ел-жұрт жақ­сылыққа балады. Мал шаруа­шы­лығына, малшыға жағдай жаға­сауға ниетті шаруақожалық басшысына субсидия беріп, бала-шағасының мектепке орналасуы, ЖОО оқуына жеңілдік жасау, қажет болса әскерге жібермей, сол салаға бейімдеу уақыт талабы көрі­неді. Бұл мәселелердің шы­найы орындалуына Абай облы­сын­дағы фермерлер қауымдас­тығы төра­ғасы Қуаныш Сү­­лей­менов алаң­даулы. Ол дамы­ған елдер тә­жірибесін ескеруді ұсынды. 

– Өзім мал шаруашылығымен 20 жылдан астам шұғылданып келемін. 150 бас мал алып кәсіп бастап істеп көрдім. Ветеринар да болып, кейіннен шаруақожалық ісін де жүргіздік. Бүгінде қоғам арасында осы саланың жай-жап­сарын айтып, шаруасын күйттеп жүрміз. Қой, жылқы, сиырмен айналысып, жем-шөбін дайын­дап, одан өнім алу оңай шаруа емес. Малдың соңынан жүрген адам да демалыс бола қоймайды. Бір сәт тыным жоқ. Сол себепті ең әуелі инфрақұрылым жасап, қора-қопсы салып, зейнет жасын төмендетіп қарасқаны – құптар­лық іс. Әйтпесе, мал бағу үшін тәуір тұрақ үй керек. Өйткені шаруаның әйел, бала-шағасы қыста тоңып, жазда ыстыққа күйіп жатпауға тиіс. Сол маңдағы малшылар қонысына жол салынса, жарық, жылу тартылып, су жеткізіліп тұрса ғана малшы­ның дәрежесі көтеріледі. Мал бағатын адамның айлығы ең жо­ға­ры жалақылар қатарында бо­лып, түгел қамтамасыз етілсе, делдал мәселесі реттелсе, ет пен сүт, азық-түлік мәселесі тұрақ­талар еді. Біз жиі айтатын АҚШ, Аустралияда фермерлік шаруа­шылықпен шұғылданатын ков­бой­лардың жағдайы өте жақсы. Қағаз жүзінде емес, шын мәнінде, қазақтың шаруа адамының бе­делін арттырсақ, елге көл-көсір пайда әкеледі, – деп ой қосты фер­мер.

Белгілі экономист Сапарбай Жобаев малшылардың зейнетке шығуы, балаларының тегін оқуы, әскерден босатылуын құптайды. Бірақ белгілі бір салаға басымдық беру, басқа мамандық иелерінің қытығына тимеуі керек және бұл қолдауды өзге емес, малшының өзі сезінуі қажет деп бағамдайды.

                                                                               коллаж: Елдар ҚАБА

– Малшының зейнетке шы­ғуы, балаларының тегін оқуы, әс­керден босатылуының мемле­кеттік саясатқа айналғаны – қош­тарлық бастама. бұл процесті дұрыстап қолдаған жөн. Сондық­тан цифрлық жүйеге енгізгенде әуелі Қазақстанда қанша шопан, бақташы, жыл­қышы, түйеші бар соны есептеп алайық. Ал бала­ларының тегін оқуға түсуі – мал­шыға зор қолдау. Өйткені көп малшы өз малын емес, жалданып, біреудің малын бағып жүр. Жа­райды, жалданған малшы құжат­пен дәлелденер, ал өзінше, ауыл­да мал бағып бала-шағасын асы­рап жүргендер на­зардан тыс қа­лып қоймаса екен. Міне, осын­дай детальдарға назар аударайық. Сонымен бірге, жеке бір саланы бөліп алып, зейнет жасын төмен­дету үрдісін жіті қарау керек. Өйткені басқа сала­ның маман­дары өз жұмысының қиын­дығыны айтып, ренжімей­тіндей етейік. Сондай-ақ ком­пью­­тердің пернесін басуды біл­мейтін адам, қайтіп платформаға тікеліп, өзінің малшы статусын ресімдеп, қолдау алмақ? Оның мекеме жағалап, құжат толтырып жүретін уақыты да жоқ қой. Бұл ойлан­тарлық жағдай! «Малшы­ның баласымын» деп кейбір қуақы қазекем құжат жасатып, тегін оқып кетпесіне кепілдік тағы жоқ. Сондықтан әбден оң-солын қарап, қоғам тарапынан жұмыс тобына әр саланың білікті ма­ман­дарын тартып, шопан­дармен тілдесіп, қажет болса өзін де ша­қырып, зейнетақы төлеу, бала­лар­дың тегін оқуы, әскерден бо­са­тылуы сияқты үлгерімдерді бар­лық жағынан ақылдасып реттеп алған жөн, – деді эко­номист сарапшы.

Жуырда медиада Үкіметтің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа «Мал шаруа­шылығын қолдау және дамыту» жоспарын даярлап жатқаны жөнінде ақ­па­рат тараған-ды. Шамасы жаздағы отырыстағы бастамаға тоқайлас болса керек-ті. Әрі малшының зейнетке шығуы, балаларының тегін оқуы, әскерден босатылуы төңірегіндегі, еңбек адамын қолдау үшін озық дамыған елдер тәжірибесін қол­дану жайындағы бастамалар аталған құжатқа енгізілмек екен. Біз жалпы бұл жос­пардың іске асыру механизмі ту­расында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мал ша­руа­шылығы департаменті дирек­торының міндетін атқару­шы Бағ­лан Аймұрзаевқа хабарласып, жөн-жосығын сұрадық.

–  Біз малшылардың статусын көтеруіміз керек. Осыған байла­нысты малшылардың зейнетке шығуы, балаларының әскерге баруы, оқу мәселесі жоспарда тұр. Өйткені қара еңбекті істеп, төрт түлікке қарап, жағдайын жасап отырған шаруа адамдары екені анық. Ендеше қолынан іс келетін шаруа адамы назардан тыс қалмайды. Мәселеде шикілік туып, пысықайлар малшыға арналған бастаманы теріс пайда­лану кетпеуі керек. Әлеуметтік қамсыздандыру тетіктері тиісті Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Қорғаныс сияқты тақылеттес ведомстволармен кеңе­сіліп, жұмыс тобында қара­лып, ортақ шешім шығару көзде­луде. Сондай-ақ мал шаруа­шылығын дамытқан Аустралия, Аргентина тәжірибесін де шолып шыққан артықтық етпейді. Осы­лайша, малшы жағдайы еске­ріледі. Егер осы мәселе оң ше­шіліп, игілігін еңбек адамы көріп жатса, бұл ел тіршілігіне кәделі іс болмақ, – деп түйді департамент басшысы.

Тоқетері, ресми деректерге сүйенсек, халқымыздың 37 пайызы, 7,5 млн адам ауылда тұрады. Биыл Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ауыл шаруа­шылы­ғында жұмыспен қамтылғандар саны – 10,8 пайыз. Сондай-ақ агроөнеркәсіптің 40 па­йызын мал шаруашылығы береді. Бірақ малшының арнайы мәртебесі, саны, әлеуметтік жағ­дайы бүгінге дейін нақты еске­рілген емес-тұғын. Малшының мәр­тебесінің кө­терілгені ел экономикасына зор септігін берері сөзсіз.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары