Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Серік Егізбаев: Балық шаруашылығына байыпты көзқарас керек

Серік Егізбаев: Балық шаруашылығына байыпты көзқарас керек

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елімізде балық шаруашылығын индустриялық негізде дамыту, аквамәдениетті өркендету және су ресурстарын тиімді пайдалану – күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Салаға заманауи технологияларды енгізу арқылы өндіріс көлемін арттырып, эко­логиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Осы бағыттағы негізгі басымдықтар мен қолға алынуға тиіс шаралар туралы Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы
Серік Егізбаев айтып берді.

– Бүгінде технология қар­қынды дамып, жасанды интеллект дәуірі қалыптасқан кезеңде өндірістік балық шаруашылығын дәстүрлі тәсілдермен ғана дамыту жеткіліксіз екені анық. Осы тұрғыдан алғанда, саланы жаңа деңгейге көтеру үшін қандай озық технологиялар мен ин­новациялық шешімдерге басым­дық беру қажет?

– Әрине, дәстүрлі балық аулаудан заманауи, технологияға негізделген аквамәдениетке көшу – бүгінгі күннің талабы. Қазір балық шаруашылығы табиғи су қоймаларымен шектелмейді. Бұл сала дәл есепке, автоматтандыруға және жоғары технологияларға сүйенетін өндіріс деңгейіне өтті. Еліміз үшін де мұндай жаңғыру аса өзекті.

Өндірістік балық өсіруде жабық су айналымы жүйелері (RAS) маңызды рөл атқарады. Бұл тех­нология суды үздіксіз тазартып, қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, су үнемделеді, экологиялық жүктеме азаяды, ал өсіру үдерісі толық бақылауда болады. Еліміздің климаттық ерек­шеліктерін ескерсек, мұндай жүйе­лер жыл бойы тұрақты өндіріс жүргізуге жол ашады.

Сонымен қатар «Ақылды ферма» ұғымы да балық шаруашылығына батыл еніп келеді. Түрлі сенсорлар судың температурасын, оттегі мөлшерін, қышқылдығын үздіксіз бақылап, барлық деректі фермерге немесе басқару жүйесіне жеткізіп отырады. Егер қандай да бір көрсеткіш қалыптан ауытқыса, жүйе автоматты түрде әрекет етеді. Бұл өнімділікті арттырып қана қоймай, тәуекелдерді де айтарлықтай азайтады.

Жасанды интеллект пен үлкен деректерді пайдалану – тағы бір маңызды қадам. Бұрын балыққа қанша азық беру керек екенін тәжірибеге сүйеніп анықтаса, бүгінде арнайы алгоритмдер балықтың өсу қарқынын, мінез-құлқын талдап, нақты ұсыныс береді. Нәтижесінде, азық шығыны азаяды, ал өнім сапасы артады. Бұл – өндірістің тиімділігін бірнеше есе көтеретін мүмкіндік.

Автоматтандырылған азық­­­тан­дыру жүйелері де үлкен өзге­ріс әкеліп отыр. Камералар мен дат­чиктер балықтың белсенділігін бақы­лап, қажетті мөлшерде ғана жем береді. Артық азық су сапасын бұз­байды, демек экожүйе де тұ­рақты сақталады. Мұндай ұқыпты тәсіл әсіресе өнеркәсіптік көлемде өте маңызды.

Болашақтың тағы бір бағыты – көпдеңгейлі аквамәдениет. Бұл жүйеде балықпен бірге балдырлар немесе моллюскілір өсіріледі. Балық қалдықтары басқа организмдерге қорек болады, сөйтіп таби­ғи тепе-теңдік сақталады. Мұн­дай тәсіл экологиялық тұрғыдан да, экономикалық жағынан да тиімді. Сондай-ақ биотехнология саласының дамуы да назардан тыс қалмауы керек. Ғалымдар ауруға төзімді, тез өсетін балық түрлерін шығарып отыр. Бұл анти­биотиктерді аз қолдануға, өндіріс қауіпсіздігін арттыруға әрі өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Елімізге осы технологиялардың ішінде ең маңыздысы – су үнемдеу мен климатқа бейімделу. Сондықтан жабық жүйелер, автоматтандыру мен деректерге негізделген басқару шешімдері бірінші кезекте енгізілуге тиіс. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттырады.

– Балық шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайда­ла­нудың қандай жолдары бар?

– Балық шаруашы­лы­ғыда су сапасын бақылау шешуші мәнге ие. Оттегі деңгейі, температура мен рН көрсеткіші қалыпты болуға тиіс. Ластанған су өнімділікті төмендетіп, ауруды көбейтеді. Сондықтан суды тұрақты бақылап, сүз­гілеу, аэрация мен био­логиялық тазарту әдістерін қолдану қажет. Тағы бір маңызды бағыт – су үнемдеу технологияларын енгізу, әсіресе тұйық су айналымы жүйелері (RAS). Бұл тәсіл суды қайта өңдеп, бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде су шығыны азайып, экологиялық жүктеме төмендейді. Сонымен қатар табиғи тепе-теңдікті сақтау да өзекті. Артық жем қалдықтары мен химиялық заттар су сапасын нашарлатады. Сондықтан экологиялық таза жем қолдану, қалдықтарды тиімді басқару және биологиялық әдістерді пайдалану қажет.

Су ресурстарын тиімді пайдалану жүйелі жоспарлауды та­лап етеді. Су көздерін дұрыс таң­дау, маусымдық өзгерістерді ескеру және су көлемін нақты есептеу маңызды. Сонымен қатар бұл бағытта мемлекеттік реттеу, заңна­малық бақылау және ғылыми зерттеулердің рөлі зор.

– Балық аулаумен бірге оны қорғау, қорын молайту бағы­тын­да нақты қандай қадамға барған жөн?

– Балық қорын қорғау мен көбейту заң талаптарын сақтауды, яғни белгіленген маусымда ғана аулауды, рұқсат етілген құрал­дарды қолдануды және аулау мөлшерін шектен асырмауды талап етеді. Сонымен бірге су айдындарын ластанудан қорғау, өндірістік қалдықтарды бақылау мен су сапасын тұрақты тексеру маңызды. Балықты қолдан көбейту мақсатында шабақ жіберу мен балық өсіру шаруашылықтарын дамыту қажет. Браконьерлікпен күрес күшейтіліп, заңсыз аулауға қатаң тосқауыл қойылуға тиіс. Табиғи экожүйені сақтау және халықтың экологиялық сауатын арттыру да балық қорын сақтаудың негізгі тетіктерінің бірі. Тарқата айтсақ, ең алдымен, балық аулау кезінде заң талаптарын сақтау маңызды. Әрбір су айдынында балық аулаудың өз ережесі бар: белгілі бір маусымда ғана аулауға рұқсат беріледі, уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға қатаң тыйым салынады, белгіленген мөлшерден артық ауламау да табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Балық қорын қорғаудың ма­ңызды жолы – су көздерін таза ұстау. Өзендер мен көлдерге қоқыс тастау, өндірістік қалдықтарды төгу су жануарларына үлкен зиян кел­тіреді. Су сапасының төмендеуі балықтардың қырылуына немесе басқа аймақтарға көшуіне себеп болады. Сонымен қатар балық санын көбейту үшін қолдан өсіру шаралары да маңызды рөл атқарады. Арнайы шаруашылықтарда өсі­рілген шабақтарды табиғи су айдындарына жіберу арқылы балық қорының азаюын болдырмауға болады. Бұл әдіс көптеген елде тиімді нәтиже беріп келеді.

Әрине, бұл бағытта айтар мәселе көп. Егер біз бүгін балық қорына ұқыпты қарасақ, болашақ ұрпаққа бай табиғи мұра қалдыра аламыз.

– Балық шаруашылығы заңмен толық реттелген бе?

–  Елімізде  балық шаруашылығын реттейтін заңдық база бар әрі ол біршама жүйеленген. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жетілдіруі қажет тұстар бар екендігі де рас. Менің ойымша, бүгінде мәселе заңның бар-жоғында емес, оның қаншалықты тиімді жұмыс істейтінінде. Мысалы, кей­бір өңірлерде бақылау әлсіз, ал браконьерлік әлі де белең алған. Бұл – тек заңның болуы жеткіліксіз, оның орындалуын қадағалау да маңызды екенін көрсетеді. Сонымен қатар шағын балық шаруашылықтары­на қолдау көрсету мәселесі де өзек­ті. Көп жағдайда ірі кәсіпорындар­мен салыстырғанда, ұсақ шаруашы­лықтардың мүмкіндігі шектеулі ­болады. Ал бұл салада тұрақты даму үшін дәл осы шағын кәсіпкерлердің рөлі зор.

– Балық өнімдерін экспорт­қа шығарудың қазіргі жай-күйі, болашағы жөнінде не айтасыз?

– Бүгінде елде өндірілетін балық өнімдерінің дені – мұздатылған балық, балық филесі және әртүрлі өңделген өнімдер. Соның ішінде көксерке филесі шетелдік нарықта сұранысқа ие. Отандық өнімдер Еуропа елдеріне, Ресей мен Қытайға жеткізіледі. Бұл – отандық балық шаруашылығының сыртқы нарыққа бейімделе бастағанының айқын белгісі. Бүгінде елімізде 72 балық өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, олардың жылдық қуаты 120 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 20 кәсіпорын өнімін экспортқа шығарады. Дегенмен бұл жетіс­тіктерге қарамастан, еліміз әлі де балық өнімдері жөнінен импорт­қа тәуелді. Әсіресе теңіз балық­тары шетелден әкелінеді, себебі елдің географиялық орналасуы бұл тұрғыда белгілі бір шектеу­лер қояды. Әлемдік нарыққа көз жүгіртсек, балық және теңіз өнімдері саудасы қарқынды дамып келе жатқанын көреміз. Бұл салада Қытай, Норвегия, Вьетнам сияқты елдер көш бастап тұр.

Қазақстанда «Аквашаруашылық туралы» заңның күшіне енуі салаға біршама серпін беріп, балық шаруашылықтарының саны мен өндіріс көлемі айтарлықтай артты. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттыруға жол ашады.

Тағы бір маңызды артықшылық – Қазақстанның географиялық орналасуы. Еліміз Еуропа мен Азия­ның түйіскен жерінде орналас­қандықтан, ірі нарықтарға шығу мүмкіндігі бар. Ресей мен Қытай сияқты алып көршілердің болуы да экспортты дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Егер логистика мен инфрақұрылым дұрыс жолға қойылса, бұл мүмкіндіктер одан әрі кеңейе түседі.

Осы орайда айта кетерлігі, Мем­лекет басшысының тапсырмасын на­зарға ала отырып, «Ауыл» пар­тиясы балық шаруашылығы сала­сындағы қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалану, нәтижелі жұмыс атқару мақсатында «AUYL FEST. Балық шаруашылығы» бірін­ші халықаралық фестивалін өткізді. Оған Франция, Дания, Чехия, Ресей, Өзбекстан және Қырғыз­станнан келген әлемдік деңгейдегі сарапшылар мен 1000-нан астам кәсіпкерлер қатысып, саланы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық индустрияға айналдыру жолдарын талқылады. Фестиваль қорытындысында «AUYL FEST – 2026» қатысушылары балық шаруашылығын цифрландыру, «E-fish» жүйесін енгізу және браконьерлікпен күресті күшейту арқылы саланы ашық әрі табысты бизнес ортасына айналдыру туралы ортақ шешімге келді. Фестивальдың қорытынды қарары тиісті мемлекеттік органдар мен Үкіметке жолданды.

Әңгімелескен –

Қуат ӘУЕСБАЙ,

«Еgemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында 11 келі есірткімен шетелдік ұсталды: Ол өмір бойына сотталуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 09:59

Қазақстан мұнай өндірісін тағы арттырады: OPEC+ жаңа келісімге келді

Экономика • Бүгін, 09:50

Шымкентте кәсіпкерден 25 млн теңге алған жалған тексеруші ұсталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Астана мен Санкт-Петербург арасында әуе рейсі қайта жанданады

Қазақстан • Бүгін, 09:32

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:27

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Қоғам • Кеше

Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді

Жасанды интеллект • Кеше

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды

Әлем • Кеше

Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр

Экономика • Кеше

Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Оқиға • Кеше

Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Спорт • Кеше

Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды

Оқиға • Кеше

Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді

Президент • Кеше

Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 10:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see130

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see125

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see125

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see124

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see123

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see122

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see121

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see121

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see121

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see121

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see120

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see118

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see118

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see118

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see118

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары