Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

Ғылыми тағылымдамаға жаңаша көзқарас керек

Ғылыми тағылымдамаға жаңаша көзқарас керек

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгінде халықаралық «Болашақ» бағдарламасы еліміздің білім брендіне айналып үлгерді. Білім мен ғылымы дамыған елдің бәсі биікте болатынын озық елдердің тәжірибесі көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына жоғары баға беріп: «Бұл – Қазақстанның әр түкпіріндегі дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарламаның мерейлі белесі. Осы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадрлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізді. «Болашақ» бағдарламасының мыңдаған түлегі бүгінде түрлі саладағы оң өзгерістің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр» деген еді. 

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Қазір қоғамда «Болашақ» арқылы білім алғандар елге пайда тигізіп жатыр ма?» деген сұрақ бар. Біз осы мәселені талқылауды көздеп, шетелде ғылыми тағылымдамадан өткен Астана IT университетінің ассистент профессоры Айнұр Сіләмғажы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Салтанат Төлеуқызы және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ветеринариялық санитария кафедрасында қауымдастырылған профессоры Әсел Паритованы әңгімеге тартып, «Ғылыми тағылымдама сіздерге не берді?» деген ортақ сұрақты қойдық.

Жас ізденушілер ғылымға дайындықсыз келеді

 

Айнұр Сіләмғажы:

– АҚШ-та біліктілігімді арт­тыру барысында мұндағы студенттердің өздігінен ізденуіне жасалған қолайлы жағдайға куә болдым. Академиялық еңбек­терге толық қолжетімділік, зерт­теу жүргізуге арналған ақы­лы бағдарламалардың тегін берілуі, сондай-ақ ғылымдағы эти­ка мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіні бай­қалды. Мысалы, университетте CITI Program (Collaborative Institutional Training Initiative) кеңінен қолда­нылады. Бұл курстың мақсаты – зерттеушілерді ғылыми адал­дыққа, деректерді дұрыс пай­далануға, адамға, жануарларға тәжі­ри­бе жүргізгенде этикалық қағида­ларды сақтауға үйрету. Көптеген АҚШ универ­ситетінде зерттеуші жобаға қатысу үшін осы курстан өтіп, сертифи­кат алуы міндетті. Мұндай тәжіри­бені еліміздегі жоғары оқу орындарында да енгізу қажет деп ойлаймын. Себебі ол жас ғалымдардың зерттеу мәдениетін көтеріп, ғылыми нәтижелердің сапасын арттыруға ықпал етер еді.

Қазіргі уақытта елімізді ака­де­миялық хабқа айналдыру мақсаты қойылып отыр. Бұл бағытта нақты істер де қолға алын­ды. Мәселен, жақында Cardiff уни­верситетінің еліміздегі филиалы ашылды. Бұған қоса, алдағы уақытта шетелдік беделді 40-қа жуық университеттің бө­лімшелері ашылмақ. Жыл сайын докторантураға бөлінетін грант саны да көбейіп келеді. Бұл – қуантарлық жайт. Алайда тек грант санын арттыру жеткіліксіз, докторантураға қадам басқан жас ізденушілерге дұрыс бағыт-бағдар беретін тәжірибелі ға­лымдар қатары көбейгені абзал. Егер ол ғалымдарды шетелден тартса да, бұл ғылым сапасын арттыруға зор үлес қосар еді. Жа­қында докторантураға қабыл­данғандардың тізімі жария­ланды. Сол уақытта әлеуметтік желіде «Докторантураға қабыл­дандым, қандай кеңес бе­ресіздер?» деген мазмұндағы жазбалар­ды көзім шалды. Бұл – жас ізденушілердің көбінің ғылымға дайындықсыз келетінін көрсетеді. Шын мәнінде докторантура – уақытыңды ғылымға толық арнауды қажет ететін жауапты кезең. Ол үшін іздену­шілер нақты бір тақырыпқа қызығып, сол бағыттағы еңбек­терді оқып, шабыттанып, ол қы­зығушылық (curiosity) олар­дың докторантураға қадам басуына түрткі болуға тиіс. Мұн­дай қызығушылықты оятып, ізденушіге түрткі болатын, көп жағ­дайда ғылыми жетекшілері, оқытушылары. Сондықтан білім беру тек білгеніңді үйрету емес, ол үнемі ізденісте болу, бейім­делу, халықаралық тәжірибе­лер­ді де ескеру, ой салу. Қоғам­да, медиада ға­лым­дардың сарап­шылық пікіріне сұраныс жоғары болуға тиіс. Себебі ғылы­ми көз­қарас тек академиялық ортада қалып қоймай, қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, саясат пен экономикада оң шешімдер қабыл­дауына ықпал етеді. Мәселен, мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы, мәдени байланыс, жұмсақ күш тақырыптарын он жылға жуық зерттеп келемін. Осы тақырып бойынша отандық БАҚ-та ғана емес, Түркия мен Қытайдың жетекші медиаларында да пікір білдіріп жүрмін. Ғалымдардың пікірлері жиі жарияланып, қоғам­дық талқылауға араласуы ғылыми еңбектің қоғаммен бай­ланысын арттырады әрі жас зерттеушілерді ғылымға ынталан­дырады.

Тәжірибе теориямен емес, практикамен меңгерілсе...

 

Салтанат Төлеуқызы:

– Бұл тағылымдама кәсіби және ғылыми өмірімде ерекше кезең болды. Маған тек жаңа білім мен тәжірибе ғана емес, сонымен қатар әлемдік білім беру кеңістігін терең түсіну мен еліміздің жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру үдерісіне жаңа көзқарас қалыптастырды. Тағылымдама барысында мен білім беруді басқару сала­сындағы заманауи ғылыми тәсілдер мен аналитикалық құ­ралдарды мең­гердім. Джордж Вашингтон универ­ситетінің профессорлары мен ментор­ларының жетекшілігімен халықаралық жоғары білім берудің даму үрдістері, стратегиялық бас­қару модельдері және универ­ситеттердің жаһандық желілер­дегі орны туралы зерттеулер жүр­гіздім.

Зерттеу тақырыбым – «Жо­ғары білімді интернационалдандыру: заманауи үрдістер мен сын-қатерлер» деп аталады. Соның барысында АҚШ пен Қазақстанның жоғары білім жүйелерін салыстыра отырып, халықаралық серіктестік, академиялық ұтқырлық, және университеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі мәсе­лелерін талдадым. Сонымен бірге мен АҚШ Конгресс кітапханасында және Джордж Вашингтон уни­вер­ситетінің Гельман кітап­ханасында (Gelman Library) өткен ғылыми воркшоптар мен зерттеу семинарларына қатысып, академиялық ізденіс мәдениетін жетілдірдім. Бұл орталарда ғылыми ақпаратпен жұмыс іс­теудің заманауи әдістерін, дерек­терді визуализациялау мен биб­лиометриялық талдау тәсілдерін үйрендім.

Тағылымдаманың тағы бір маңызды қыры – тәжірибені тек тео­рия жүзінде емес, прак­ти­калық контексте мең­геруге мүмкіндік беруінде. Мен жобаларды басқару, институционалдық саясатты талдау, білім беру сапасын бағалау әдістерін иге­ріп, аналитикалық зерттеу жүр­гізудің халықаралық стандартын үйрендім. Бұл дағдылар бүгінде менің жұмысымда, нақты айтқанда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің халықаралық ынтымақ­тастық бағытындағы қызметін дамытуда нақты қолданыс тауып отыр. Еліміздің жоғары білімді интернационалдандыру стратегиясында көрсетілген­дей, еліміздің университеттері әлем­­­дік білім беру кеңістігіне терең интеграциялануға тиіс. Тағылымдамадан алған тәжі­рибем дәл осы стратегиялық бағытқа сай келеді және оның табысты жүзеге асуына өз үлесімді қосып отырмын. Аталған ғылыми тағылымдама маған кәсіби өсу, ғылыми ізденіс пен халықаралық деңгейдегі тәжірибе сыйлады.

Құс өнімінің физикалық-химиялық зерттеу әдісін игердім

 

Әсел Паритова:

– Мен Израиль елінде Негев және Тзафон ауылшаруашы­лық ғылыми-зерттеу орталығын­да 6 ай тағылым­­дамадан өт­тім. Осында Израиль еліне танымал көптеген профессор­дың дәрісін тыңдап, Сде Бокер құс шаруа­шылығында, азық өнді­ру зауы­тында, асшаяндар өсі­ретін стартап шаруа­шылықта, Бен-Гурион универ­си­теті­нің ауылша­руа­шы­лық биотехнологиясы зертханасында тәжірибеде болдым. Тағылымдама ветеринария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, тағам қауіпсіздігі сала­сындағы теориялық білімім мен прак­тикалық дағдымды шыңдауға көмек­тесті. Сонымен бірге халықаралық стандарттар­ға сай озық технологиялар мен әдістерді үйренуге, беделді ғылыми зертханаларда жұмыс істеуге, шетелдік ғалымдармен бірге зерттеу жұмыстарын жасап, рецензияланатын журналдар­ға ғылыми мақалалар жазуға мүмкіндік алдым. Тағылымдама өту барысында 1 ай азық өндіру зауытында азық өндірудің озық технологияларымен, құс, балық пен мал азығының сіңімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту үшін экструзия кезінде қорек­тену­ге қарсы факторларды жою арқылы қоректік заттарды оңтайландыру, жоғары құнды өнімдерді жасау үшін қайта өңдеу және өнімнің консистенциясын қамтамасыз ету үшін өндірістегі сапаны бақылаудың автоматтандырылған жүйе­ле­рінің қызметін меңгер­дім. Осыдан кейін үш ай бойы Сде-Бокер құс шаруашылы­ғын­да құс өнімдерін өндіру технологиясымен, соның ішінде құс ауруларын ерте анықтау үшін жасанды интеллектіні, тұрғын үй жағдайлары мен жемді бақылауға арналған интернеті (IoT) бар сенсорлы датчиктерді қолдану, бройлер өсіруге арнал­ған торға негізделген технологияларды, тазартылған суды және қалдықтарды кәдеге жарату үшін инсинераторларды пайдалану әдісін үйрендім. Бен Гурион университетінің Ауылшаруашылық биотехнология зерт­ханасында құс өнімдері­нің физикалық-химиялық зерттеу әдісін игердім. Соның ішінде еттің тағамдық құндылығын, аминқышқылдарының құра­мын хроматографиялық әдістер­мен зерттеуді үйрендім. Тағы қосып айтарым, Бен-Гурион уни­вер­­ситетінде өткен Су қауіп­сіздігі мен сапасы бойынша халықаралық конференциясына қатысып, өзімнің балық өнімдерінің қауіпсізідігі бойын­ша баяндамамды қорғадым. Сонымен қатар тағылымдама­дан өтіп келгеннен кейін 2023–2025 жылдары жас ғалымдарды грант­тық қаржыландыру бай­қауына қатысып, симбиотик рецептурасы негізінде жасалған экструдталған толыққұнды балық азығын өндіру бойынша ғы­лы­ми жоба ұтып алдым. Қазір ауылшаруашылық азық өндіру технологиясы, құс және балық шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы бойынша студенттерге дәріс оқып, магистранттар мен докторанттарға академиялық хат, тағам қауіп­сіз­дігінің заманауи әдістері пәндерінен сабақ беремін.

Түйін сөз: Қоғамды ілгерілететін басты қозғаушы күш – ғылым. Әлемдегі кез келген дамыған елдің тәжірибесі көрсеткендей, ғылым экономиканың дамуына тікелей әсер етері сөзсіз. «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы арқылы шетелден оқып келген әр ғалым өз саласы бойынша жаңалық ашып, ел ғылымына титтей де болса үлес қосса, құба-құп. Кешегі Алаш арыстары ынтызар болған озық елдерде білім алу арманы бүгінгі қазақ жастарының бағына бұйырып отыр. Ал сол мүмкіндікті қастерлеп, ел үмітін ақтау да сол жастардың жауапкершілігіне саятын іс. 

Дайындаған –

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН,

«Egemen Qazaqstan»

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see137

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see116

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see115

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

14 Сәуір 2026 20:03see113

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see113

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see113

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see113

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see112

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

14 Сәуір 2026 15:59see111

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see110

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see110

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

14 Сәуір 2026 14:15see110

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see110

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

14 Сәуір 2026 11:13see110

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see109

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

14 Сәуір 2026 12:40see109

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

14 Сәуір 2026 20:03see109

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see107

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

15 Сәуір 2026 17:20see107

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

14 Сәуір 2026 23:31see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары