Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Көші қон үдерісіне кешенді көзқарас керек

Көші қон үдерісіне кешенді көзқарас керек

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Былтыр қазақ жеріне қоныстануға 23 761 адам келген. Ал 7 608 азамат елден кеткен. Сырттан келгендер мен кеткендердің негізгі үлесі – 35–39 жас аралығындағы азаматтар. Олардың арасында техникалық және экономикалық білім алғандар басым. Мұндай миграциялық ағынға не себеп?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Кәсіби миграция дегеніміз не?

Ұлан-ғайыр аумақты иеленген елі­міз үшін көші-қон үдерісін тиімді реттейтін мемлекеттік саясатты ұстану – экономикалық әрі демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да аса маңызды міндет.

Ұлттық статистика бюросының кейінгі (2025 жылғы) жариялаған миграциялық көрсеткіштеріне назар аударсақ, көші-қон алмасуының негізгі бөлігін ТМД елдері жүзеге асырған. Барлық келушілердің – 81,8, ал кеткендердің 71,8 пайызы осы елдерге тиесілі. Оған қоса Қазақстанға Қытай, Моңғолия және Германиядан келушілер жиілесе, елден көшкен азаматтар көбіне Германия, Польша және АҚШ-ты таңдаған.

2024 жылмен салыстырғанда, Қазақ­станнан шығушылар саны 40,2 пайыз­ға азайып, ал елге келгендер саны 18,9 ­па­йызға төмендеді. Дей тұрғанмен, ашық дереккөздерде шекара асып, елден көшкендердің арасында жоғары және орта кәсіптік білімі бар отандастарымыз басым екені жазылған. Олардың қатарында техникалық, экономикалық, педагогикалық бағыттағы мамандар бар.

Экономист Рахымбек Абдрахманов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақ­ша­сында елден білікті кадрлардың кетуі жай ғана көші-қон үрдісі емес, бұл елдің зияткерлік әлеуетіне, экономикалық дамуы­на және болашақ бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін алаңдатарлық құбылыс екенін атап өтеді.

«Егер 90-жылдары халықтың көші-қоны көбіне этникалық сипатта болса, яғни негізінен орыстар, немістер және басқа да этнос өкілдері қоныс аударса, бүгінде бұл экономикалық әрі кәсіби миграцияға айналды. Елден енді этнос­тар емес, білікті кадр мен капитал кетіп жатыр. Оның үстіне шығын көлемі де айтарлықтай: кейінгі 20 жылда ел 336 мың техникалық маманды, 130 мыңнан аса педагогті, шамамен 70 мың медицина қызметкерін жоғалтты. Дәл осы мамандар экономика мен әлеуметтік жүйенің негізін құрайды. Бұл енді жай ғана халықтың көші-қоны емес, бұл – адам капиталының жүйелі түрде кетуі. Азаматтардың Қазақстаннан көшуге ниеттенуінің себебі – экономикалық тетік. Яғни жоғары жалақы, мансаптық өсу мүмкіндігі, сапалы медицина мен білімге қолжетімділік, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендігі», дейді сарапшы.

Парадокс дүние бар. Мәжіліс де­путаттарының кейінгі үш жалпы отыры­сын­дағы сауалдарын зерделеп қарасақ, басым көпшілігінде кадр тапшылығы проблемасы көтерілген. Мәселен, депутат Темір Қырықбаев ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді қаузай келе, агросекторда малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың жетіспеушілігі бар екенін жеткізеді. Мәжілісмен Ұласбек Сәдібеков мүгедектігі бар жандарды жан-жақты қолдау тетігін айта келе, логопед, дефектолог секілді бейінді мамандар тапшылығын алға тартады. Ал Ерлан Сайыров депутаттық сауалында елдегі моноқалаларда дәрігерлер қажет екенін көрсетеді. 

Иммиграция – экономикалық қажеттілік емес

Тағы бір мәселе: Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай еңбек миграциясын әлі де реттеу керек екенін айтады. Оның мәлім­деуінше, еліміздегі ең ірі аудандарда жұмысшылардың жетіспеушілігі сезіледі.

«Ұлытау ауданы – аумақтық көлемі бойынша еліміздегі ең ірі аудандардың бірі. Соған қарамастан, аудан халқы өте сирек орналасқан, жалпы саны – шамамен 11 мың адам. Осындай кең аумақта ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін еңбек ресурсының жетіспеушілігі негізгі мәселелердің біріне айналды. Шаруалар көршілес мемлекеттерден, атап айтқанда, Өзбекстан мен Қыр­ғыз­­станнан еңбек мигранттарын тарту тә­жірибесін қолданып отыр. Бұл тәжіри­бе шаруашылықтардың өндірістік көле­мін сақтауға және арттыруға оң әсерін тигізген. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы өз атына ең көбі 5 шетел азаматтарын ғана тіркей алады және олар тіркелген мекенжайда ғана жұмыс іс­теу­ге құқылы. Мысалы, еңбек мигранты ауылдағы тұрғын үй мекенжайына тіркелсе, шаруашылықтың егістік алқап­тарында немесе жайылымдарында жұмыс істеуі заңнамалық тұрғыдан қиындық туғызады», дейді мәжілісмен.

Депутат Ауыл шаруашылығы ми­нис­тр­лігінің сұранысы бойынша маусымдық жұмысшыларға арнап беріл­ген 6 мың квотаның тек 3,5 мыңы иге­­рілуі­не осындай жағдайлар себеп болып отырғанын атап өтеді. Мұны ескере келе, Аманжол Әлтай сұранысқа негізделген икемді квота жүйесін енгізуді ұсынды.

Халықаралық тәжірибеде, бұл оңтай­лы тетік саналады. Есесіне, саладағы нақ­ты қажеттіліктер жабылады. Бізде де шетелдік жұмыс күшінің елдегі бос жұмыс орындарын толықтырғаны еңбек нарығы үдерісінің үздіксіз ілгерілеуіне көмектеседі. Экономикалық өсімді ынталандырады. Десек те жергілікті халықпен бәсекелестік күшейетінін, әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме артатынын есте ұстау керек.

Себебі иммиграция мен эмиграция – тек экономикалық қажеттілік емес, ол саяси және әлеуметтік факторлармен, демографиямен тығыз байланысты күрделі үдеріс. Сондықтан бұл мәселе мемлекетке нақты екі міндетті жүктейді. Алдымен білікті кадрларды елде ұстап қалу, екіншісі – шетелден келетін еңбек мигранттарын тиімді интеграциялау.

Көлеңкелі еңбек нарығы реттелсе игі...

Олай деуімізге еңбек миграция­сын­дағы заңбұзушылықтар себеп болып отыр. ІІМ Көші-қон комитетінің өкілдері берген мәліметке сүйенсек, сыртқы миграцияда көші-қон заңнамасын бұзу дерегі жиі кездеседі. Мәселен, өткен жылы бұл дерек 91 мыңнан асса, биылғы үш айда 15,5 мыңға жеткен.

– Қазақстан еңбек мигрантта­рын қабылдауда ТМД елдері арасында екінші орында, ал Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде 190 мемлекеттің арасынан 25-орынға жайғасты. Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты Қазақстанға келетін шетел­діктер саны жыл сайын артып келеді. Ізінше еңбек мигранттарының саны да өсіп отыр. Көші-қон қызметі мен еңбек инспекциясы олардың заңды жұмыс істеуін тұрақты тексереді. Жыл басынан бері елге 3 млн 184 мыңнан аса шетелдік келді. Оның ішінде 124 мыңнан астамы жұмыс істеу мақсатында уақытша тұруға рұқсат немесе еңбек визасы негізінде болды. Оларды бақылауда ұстау үшін «Мигрант» және «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шаралары тұрақты өткізіледі. Нәтижесінде, еңбек қызметін бұзғаны үшін 2 772 шетелдік жауапкершілікке тартылды (2025 жылы – 16 651), – деді Көші-қон қызметі комитеті Сыртқы көші-қон басқармасының аға инспекторы Азария Шүкібаева.

Миграциялық ағындағы мәселенің­ бірі – көлеңкелі еңбек нарығы. Кейбір жұ­мыс берушілер шетелдік жұмыс­шы­лар­ды заңды түрде рәсімдемейді. Бұл бақылауды қиындатады. Жақында ғана «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 500-ден аса кәсіп­кер шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайда­ланғаны үшін жазаланды. Жалпы айып­пұл көлемі 200 млн теңгеден асты.

Рейдтің күшімен 1 500 шетел аза­матының елде болу мерзімі қысқар­тылып, 1 200-іне елден шығару туралы сот шешімі қабылданды. Олардың 121-і мәжбүрлі түрде депортацияланды. Арасындағы сегізі радикалды ағым өкілдері ретінде танылды. Барлығына 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Қатты алаңдатарлығы – іздеуде жүрген 22 шетел азаматының ұсталғаны. Олар түрлі қылмысқа қатысты  көрші елдерде іздеуде болған.

– Қазақстан заңсыз көші-қонға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңызын түсінеді. Бұл бағыттағы тиімділік халықаралық және ұлттық деңгейдегі бірлескен әрекеттерге байланысты. Соның негізінде еліміз 22 мемлекетпен 20 реадмиссия (заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі тиімді шаралардың бірі) келісіміне қол қойған, ал тағы 28 жоба – келісу сатысында. Жалпы республикамызда еңбек мигранттарының құқықтары Конституция, халықаралық келісімдер, «Халықтың көші-қоны туралы» заңы және Еңбек кодексі негізінде қорғалады. Негізгі қағидалар – тең еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен әлеуметтік сақтандыру. Алайда өткен жылы заңды белшесінен басқан 18 830 шетелдік, жыл басынан бері 4,2 мыңнан аса адам елден депортацияланды, – деді Азария Шүкібаева.

Алдағы уақытта көші-қон үдерісі одан әрі күшеюі мүмкін. Себебі цифр­лан­дыру, қашықтан жұмыс істеу жолы азаматтардың географиялық тәуелділі­гін азайтып отыр. Сондай-ақ аймақтың кли­маттық ахуалы да жаңа миграция­лық тол­қынға қуат болуы ықтимал. Демек эми­грация һәм иммиграция мәселе­сін жан-жақты зерттеп, теңгерімді саясат қа­лып­тастыру – кезек күттірмейтін мәселе.

Соңғы жаңалықтар

Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер

Еңбек • Бүгін, 08:17

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Технология • Бүгін, 08:15

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Апатты баспаналар азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 08:10

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Экономика • Бүгін, 08:07

Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы

Ата заң • Бүгін, 08:05

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Туристік нысандардың дайындығы тексерілді

Туризм • Бүгін, 08:00

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Ағаш өндірісіндегі игі бастама

Өндіріс • Бүгін, 07:55

Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық

Саясат • Бүгін, 07:53

Көмір саласы кешенді дамуға бет алды

Саясат • Бүгін, 07:50

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды

Президент • Бүгін, 07:47

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see161

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see119

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see118

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see117

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see116

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see115

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see115

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see115

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see114

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see114

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see113

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see113

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

21 Тамыз 2026 10:36see112

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

20 Тамыз 2026 23:10see112

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

21 Тамыз 2026 11:18see111

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see111

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

20 Тамыз 2026 23:09see111

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

21 Тамыз 2026 09:29see109

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see109

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары