Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Биыл Таза Қазақстан чат ботына 26 мыңнан астам өтініш түскен

Биыл Таза Қазақстан чат ботына 26 мыңнан астам өтініш түскен

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2025 жылы «Таза Қазақстан» чат-ботына азаматтардан 26 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бейжайлық танытпаған табиғат жанашырларының арқасында миллион гектар аумақтағы заңсыз қоқыс орындары тазартылды.

Ал Шығыс Қазақстан өңірінде 16 мыңнан астам экологиялық заңбұзушылық тіркелді. Негізінен олар спутниктік мониторинг және бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

Еліміздің шығысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауқымды көлемде өткізілді. Әр жобаға шамамен 5 мыңға жуық адам қатысты. Негізінен олар студенттер және әлеуметтік сала мамандары. Алайда қоғамдық белсенді Роман Честныхтың айтуынша акцияның бұқаралық сипат алуы, оның тиімділігін көрсетпейді. Романның пікірінше экологиялық мәдениеттің маңыздылығын креативті шешімдер қолдана отырып, қарапайым тілмен көпшілікке түсіндіре білу қажет.

Роман Честных, қоғам белсендісі:

- Чаттар болсын, әкімдікпен кері байланыс құралдары болсын оның бәрі өз деңгейінде жұмыс істемейді.

Соңғы төрт жылда шығысқазақстандықтар 42 миллион көшет еккен. Бірақ өкінішке орай, бір жағынан табиғатқа нұқсан келтіріп жатады. 2025 жылы өңірде 289 заңсыз қоқыс орындары анықталған. Ол үйінділердің дені полиция тексерісі барысында мәлім болды. Ғарыштық мониторинг барысында да бірнеше заңсыз қоқыс алаңдары табылды. Солардың нақты орынын көрсетіп, «Таза Қазақстан» чат-ботына жолдадық. Бұл тиісті мемлекеттік органдармен тікелей байланыс жолы.

2025 жылы өңірдегі 270 заңсыз қоқыс алаңдары тазартылған. 10 мыңнан астам адамға айыппұл салынған. Солардың заңсыз әрекеттерін кейбіреулер көріп, біліп жүрсе де, айтып, хабарламайды. Басым бөлігі табиғат тазалығын сақтау үшін ашылған чат бар екендігін де білмейді. Қала тұрғындары арасында жүргізілген шағын сауалнама соны көрсетті.

Облыста чат-боттың жедел байланыс желісі 2024 жылы ашылды. Содан бері 200-ден астам өтініш қабылдапты. Көп деуге келмейді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы өтініш түссе, шұғыл шаралар қолдануға әзірміз, - дейді.

Ержан Ыбыраев, ТКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Заңсыз қоқыс алаңдары туралы ақпарат әдетте бізге «Таза Қазақстан» платформасы арқылы түседі. Оны мамандар зеттеп, сосын тазарту жұмыстарына кіріседі. «Таза Қазақстан» чаты негізгі ақпарат көзі болғандықтан, кез-келген тұрғын ол жерде хабарлама қалдыра алады.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы елімізде 10 млн-нан астам белсендіні біріктірді. Атқарылған жұмыс - ауқымды. Алайда чат-бот сияқты жобаларды аймақтарда насихаттау жұмысы мардымсыз. Іс жүзінде тұрғындар «Таза Қазақстан» чат-боты жайында біле бермейді. Сондықтан  қоршаған ортаның ластану деректерін көре тұра,  тиісті органдарға шағымданбайды.

Авторлары: Мағауия Қалиев Вячеслав Ветлугин и Дмитрий Пыхтин

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 23:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары