Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Биылғы мезгіл былтырғыдан өзгерек...

Биылғы мезгіл былтырғыдан өзгерек...

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Қазгидрометтің» 2026-2027 жылдарға арналған маусымдық консультативтік болжамына сәйкес, желтоқсанда Қазақстан­ның барлық өңірінде орташа ауа температура­сы климаттық нормадан шамамен 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Қаңтарда еліміздің басым бөлігінде температура нормадан 1-2 градусқа жоғары болғанымен, Атырау облысында климаттық норма шамасында болады деп болжанып отыр.

Дегенмен маусымдық болжам қыс бойы ауа райы тұрақты болады дегенді білдірмейді. Температураның күрт өзгеруі, екпінді жел, тұман, көктайғақ және қарлы боран болуы ықтимал. Сондықтан қысқа дайындық тек ауа температурасына емес, әртүрлі ауа райы жағдайында коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталуға тиіс. «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директорының орынбасары Елдос Пазыловтың айтуынша, Атырауда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жаз айларынан басталған. 

– Қаладағы 1 174 көпқабатты тұрғын үйдің 1 025-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Олардың барлығы гидравликалық сынақтан өткізіліп, жылыту маусымына дайындалды. Ал жеке қазандықтардан жылу алатын тұрғын үйлердің жүйелерін 27 қызмет көрсетуші ұйым өз қаражаты есебінен тазалап, шаю және қысқы пайдалануға әзірлеу жұмыстарын жүргізді. 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға, 7 қазаннан бастап орталық­тандырылған жылу жүйесіне қосылған тұрғын үйлерге жылу берілді. Ықтимал ақауларды жедел жою үшін апаттық қалпына келтіру бригадалар құрылды, – деді ол.

Жылу жүйесінің сенімділігі тек қазандықтардың жұмысына емес, оны тұрғындарға жеткізетін құбырлардың жағдайына да байланысты. Осыған орай қалада жалпы ұзындығы 6,9 шақырым жылу құбырын ауыстыру жұмыстары қолға алынған. Жобаның жалпы құны – 481,2 млн теңге. Мердігер ретінде «Industry 2050» ЖШС анықталған.

Елдос Пазыловтың айтуынша, жаңарту жұмыстары Алмагүл шағынауданында, Канцев және Бейбарыс көшелерінде, Нұрсая тұрғын алабында жүргізілуде. Сонымен қатар «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС қарауындағы 13 жылу бекетін жөндеу және сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді. Тұлпар-1, Болашақ және Нұрсая тұрғын алаптарындағы жылу бекеттеріне төрт жаңа қазандық сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, 13 жылу бекетіне газ есептегіш құралдарын орнату көзделген.

Қалада тұрғын үй кешендерінің ин­женерлік желілерін түгендеу және комм­у­налдық меншікке қабылдау жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Қазір 26 тұрғын үй кешеніне мониторинг жүргізілуде. Тексеру барысында «Самал Таун», «Абырой», «Фемили» және «Мальтийский дворик» кешендеріндегі инженерлік инфрақұрылым­ның бірқатар мәселесі анықталған. Осыған байланысты қазандықтар мен кәріздік сорғы стансаларын жөндеуге қажетті құ­жаттар әзірленіп, конкурстық рәсімдер басталған.

Жалпы, алдағы қыс салыстырмалы түрде жылы болуы мүмкін. Дегенмен ауа райының құбылмалы сипаты коммуналдық инфра­құрылымға түсетін жүктемені жоққа шығар­майды. Сондықтан жылу желілерін жаңарту, қазандықтарды дайындау және инженерлік нысандарды ретке келтіру жұ­мыстарының маңызы зор.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 05:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары