Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Биылғы бюджет бұрынғыдан өзгерек...

Биылғы бюджет бұрынғыдан өзгерек...

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті ұсынды. Құжаттың басты идеясы – ел экономикасын жаңғырта отырып, азаматтардың өмір сапасын арттыру. Бірақ нақты нәтиже қандай болмақ? Сарапшылар бұл жолғы бюджет бұрынғыдан қарағанда теңгерімді екенін айтады. Осы тұрғыда біз экономикалық саясаттың мәніне үңіліп, оның ұзақмерзімді әсерін сарапшылармен бірге талдап көрдік.

Қаржы министрі Мәди Такиев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын таныстыру барысында бұл құжат жаңа Бюджет кодексі негізінде дайындалған алғашқы стратегиялық жоспар деген болатын.

2026 жылға арналған бюджеттің жал­пы түсімі 23,1 трлн теңге деңгейінде бол­жан­ған. Оның ішінде (трансферттерді есептемегенде) кірістер 19,2 трлн теңге болды. Экономиканың өсіміне, жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты, осы жылмен салыстырғанда, кірістер 3,6 трлн теңгеге артып отыр. Ал бюджет шығыстары 27,8 трлн теңгеге жетті. Нәтижесінде, тапшылық ЖІӨ-нің 2,5 пайызын, ал 2028 жылға қарай 0,9 пайыз  болмақ.

Басым бағыттар қандай?

Мәди Такиевтің айтуынша, әлеуметтік сала бұрынғысынша бюджеттің негізгі бағыты болып қала береді. 2026 жылы осы бағытқа 10,7 трлн теңге қарастырылған. Оның 6,8 трлн теңгесі әлеуметтік төлемдерге, 3,9 трлн теңгесі адами капиталға инвестиция түрінде бөлінбек.

Денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге, яғни  биылғымен салыстырғанда, 107 млрд теңгеге артық қаржы қарастырылған. Бұл медициналық қызметтердің қолжетім­ділігін арттыруға бағытталады. Ал білім және ғылым саласына 901,7 млрд теңге жоспар­ланған. Бұл қаражат оқу сапасын арттыруға, дарынды жастарды қолдауға және ғылыми орталықтарды дамытуға жұмсалады.

Мәдениет, туризм және спортты дамытуға 263,5 млрд теңге бөлінбек. Сонымен қатар экономиканы ынталандыруға 1,2 трлн теңге, ал нақты секторды дамытуға жұмсалатын қаражат 3,7 трлн теңгеге жетеді. Министрлік өкілдері бұл шаралар «жаңа салалық драй­верлерді іске қосып, инвестициялық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді» дейді.

Өңірлерді дамыту – тағы бір басты бағыт. 2026-2028 жылдары аймақтарға 581 млрд теңге бағытталады, оның ішінде 2026 жылы 300 млрд теңге қарастырылған. Сонымен бірге әкімдіктердің дербестігін арттыру үшін 5,1 трлн теңге трансферт бөлінеді. Ал күштік құрылымдарға 3 трлн теңге, яғни биылғыдан 335 млрд теңгеге артық қаржы қаралған. Бұл қорғаныс саласының үлесін ЖІӨ-нің 1 пайызы деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Жоспардан ауытқымасақ, нәтижесін көреміз

Экономика сарапшысы Айбар Олжай биылғы бюджетке оң баға береді. Оның пікірінше, биылғы бюджет былтырғымен салыстырғанда, әлдеқайда теңгерімді. Бұрынғы жылдары бюджетті қарасаң, кіріс баяу өсіп, шығыс шарықтап кететін. Сол себепті мемлекет қарызға жиі жүгінетін. Ал 2026 жылғы бюджетте жағдай біраз түзелген. Ең басты оң өзгеріс – табыс шығыстан сәл де болса жоғары өсіп отыр.

А.Олжайдың айтуынша, келесі жылы бюджетке түсетін салық көлемі 19,2 трлн теңге болады деп жоспарланған. Оның жартысы қосылған құн салығынан, ал қалған бөлігі корпоративтік табыс салығы мен басқа да түрлерден түседі. Тапшылық – 4,6 трлн теңге, яғни ЖІӨ-нің 2 пайызына тең. «Үкімет бұл көрсеткішті 1 пайыздан да төмен түсіруді жоспарлап отыр», – дейді сарапшы.

Сарапшының пайымынша, бұл мақсатқа жетуге мүмкіндік бар. Себебі Ұлттық қордан алынатын трансферт азайып отыр – бұрынғыдай 4-6 трлн емес, 2,77 трлн теңге ғана алынады. 

– Ал Ұлттық қорға мұнайдан түсетін ақшаның өзі-ақ оны жаба алады. Сол арқылы Ұлттық қордың өсуіне осы бюджет мүмкіндік берейін деп тұр. Ең бастысы – бюджетте ешқандай форс-мажор жағдай болмай, тура сол күйі жоспарланған қалпында орындап шығу міндет. Демек, егер бәрі жоспарланғандай орындалса, Ұлттық қордың ақшасын тиіспей, керісінше көбейтуге жағдай туады. Сонда шамамен бір жарым жыл ішінде оның көлемін 70 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге мүмкіндік бар, – дейді ол.

Сарапшының пайымынша, бұл эко­номика «біртіндеп өз аяғына тұра бас­та­ғанының белгісі». Бірақ ол бұл процесті «шок­тық терапия» деп сипаттайды: «Әрине, бізге де, бизнеске де ауырлау тиіп жатқан шаралар бар, бірақ оларсыз болмайды. Өйткені бұрынғыдай жалғаса берсе, жағ­дайды кейін түзету қиын болар еді. Сон­дықтан 2026 жылғы бюджет – белгілі бір шоктық терапия, яғни қысқа мерзімде экономиканы дұрыс жолға түсіру әрекеті».

Айбар Олжай Үкіметтің жалпы қарызы жайлы да сөз қозғады. Оның сөзінше, сыртқы қарыздарды есепке алмағанда, тек Үкімет кепіл болған қарыздардың үлесі ЖІӨ-нің 22 пайызына тең. Бұл қауіпті деңгей емес, бірақ оны 15 пайызға дейін төмендету қажет. Себебі келесі жылы 3,5 трлн теңге қарызды өтеуге жұмсалады. «Бұл сома денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржыдан да көп. Егер осылай жалғаса берсе, болашақта бюджет қаражатының тең жартысы тек қарыз өтеуге кетіп, даму жобаларына мүмкіндік қалмайды», – дейді сарапшы.

Сондықтан ол басты міндет – қарыз жүктемесін азайту екенін алға тартты. Өйткені базалық мөлшерлеме жоғары болған сайын қарыз алу қымбаттайды, ал оны қайтару да қиынға соғады. 

– Иә, біздің қарыздың 76 пайызы ішкі нарықтан теңгемен алынған, сондықтан сыртқы тәуекел аз. Бірақ оны да қайтару керек. Егер оны жабу үшін ақша басып шығарсақ, инфляция күшейіп кетеді. Қазір Қаржы министрлігі облигациялар арқылы қарыз алуды азайту жоспарын қарастыруда. Бірақ әзірге толық қысқарту қиын. Себебі ескі қарызды жабу үшін жаңа қарыз алуға тура келіп отыр. Ал базалық мөлшерлеме жоғары болғанда, бұл біз үшін тиімсіз, – дейді Айбар Олжай.

Бөлінген қаржы қалай жұмсалады?

Сарапшының пікірінен байқауға болады: мемлекет қаржы саясатын біртіндеп түзетіп, бұрынғы тәуелділіктен арылуға тырысуда. Бірақ бұл оңай процесс емес – қысқа мерзімде ауыр шешімдер қабылдауды қажет етеді.

Ал Tengenomika арнасының авторы, экономист Ғалымжан Айтқазин әлеуметтік инвестициялардың тиімділігіне күмәнмен қарайды. Оның сөзінше, 2026-2028 жылдарға арналған бюджет елдің басты капиталы адамға инвестиция салу бағытын жалғастырып отыр. Бірақ бұл қаржының нақты тиімділігі әзірге күмәнді. Экономист атап өткендей, қаражат көбейіп жатыр, алайда нәтиже соған сай емес. Білім мен денсаулыққа көп қаржы бөлінгенімен, жүйелі бақылау мен нақты бағалау болмаса, бұл «қағаздағы басымдық» күйінде қалуы мүмкін.

Оның пікірінше, басты мәселе сандарда емес, олардың артындағы мазмұнда. Ол сондай-ақ әлеуметтік саланы дамытудағы басты көрсеткіш – сапа екенін еске салады: «Егер осы шығындар шынымен адам әлеуетін жақсартуға айналса, онда бұл инвестициялар өз жемісін береді. Ал әзірге бұл жай ғана үміт, бірақ нақты кепіл емес».

Экономистің пікірі қоғамда жиі ай­тылатын пікірмен үндес: мемлекет әлеу­меттік саланы басым бағыт деп жария­лағанымен, бұл бағыттағы жобалардың тиімділігін бағалау тетігі әлсіз. Сондықтан қоғам тарапынан бақылау мен ашықтық күшеюі қажет. Үкіметтің мәлімдеуінше, 2026-2028 жылдарға арналған жаңа бюд­жет экономиканы сауықтыруға және әлеу­меттік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы министрлігі бұл құжатты «нәтижеге негізделген жаңа үлгі» деп сипаттайды. Бірақ сандар қаншалықты әсерлі болса да, қоғамға олардың шынайы нәтижесі мен әсері қандай болмақ, сол маңызды.

Сарапшылардың сөзі бір жерден шыққандай, бірі – бюджеттің құрылымдық теңгерімін, екіншісі оның сапалық нәтижесін сөз етіп отыр. Экономистер ең бастысы салық түсімі өсіп, Ұлттық қордың тәуелділігі азайғаны қуантатынын айтып отыр. Алайда егер бұл қаржы азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартпаса, онда қай көрсеткіштің де еш маңызы болмайды.

Мәселен, 2026 жылы білім мен ғы­лым­ға бөлінген 900 млрд теңгенің қалай жұмсалатынына нақты жауап жоқ. Әлеу­меттік төлемдер мен жәрдемақыларды ци­фр­ландыру бюрократияны азайтуы мүмкін, бірақ бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі тағы да адам факторына байланысты.

Бюджет тұрақтылығын сақтау үшін Үкімет салық әкімшілендіруді күшейтуді жоспарлап отыр. Бірақ бизнес өкілдері мұны қосымша қысым ретінде қабылдауда. Қалай болғанда да, 2026-2028 жылдарға арналған бюджет – экономикалық саясаттағы жаңа кезеңнің бастауы. Бір жағынан, Үкімет қаржыны нақты есеппен бөлуді, Ұлттық қорға салмақ салмауды үйреніп келеді. Екінші жағынан, әлеуметтік бағыттағы шығындардың тиімділігіне сенім аз. Айбар Олжай айтқандай, бұл уақытша ауыртпалық, бірақ қажет қадам. Яғни, алдағы үш жылда басты сынақ – қаржының саны емес, сапасы. Егер бөлінген триллиондар шын мәнінде адам өмірін жақсартуға қызмет етсе, онда Қазақстан экономикалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеріледі. Ал егер бұл тек бұған дейінгі бюджет жобалары секілді «жоспарлы көрсеткіштер» күйінде қалса, онда теңгерімді бюджет тек қағаздағы теңгерім болып қала бермек.

Кәмила ДҮЙСЕН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 06:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары