Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Біздерде мынадай бар, мынадай бар...

Біздерде мынадай бар, мынадай бар...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгінде бірін бірі орынсыз қолпаштау, жалпақтап жал­ған мақтау, орынсыз мадақ­тау, асыра дәріптеу етек алып бара жатқан тәрізді. Тіпті құрметті атақтар мен марапаттар бірте-бірте құндылығын жоғалтып бара жат­қандай көрінеді.

Таяуда зейнет жасына жеткен танысым телефон шалып, жұмысы барын айтып, келетін болды. Көп уақыт өт­пей қолына бір бума қағазын кө­теріп жетті. Аман-саулықтан кейін: «Қызмет қуып жүріп, біраз жасқа келіппіз. Жан-жа­ғымдағылардың барлығының кеудесінде орден мен сан­даған медаль сыңғырлайды, оларға қоса пәленбай ауданның немесе облыстың құрметті азаматы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» сияқты төсбелгілері мен атақтарынан ат үркеді. Ойлап қарасам, бірнеше төсбелгіден басқа менде солардың бірі де жоқ екен. Расын айтсам, балаларым мен немерелерім­нің алдында ұяламын. Ертең немерелерімнің бірі «Ата, сізде неге бірде-бір марапат жоқ?» деп сұрап қала ма деп қысыламын. Әлеуметтік же­ліден байқап қалдым, таяуда «Қазақстанның құрметті қыз­меткері» деген атақ шығып­ты, ең болмаса сол атақты ал­сам деген оймен келіп отыр­мын. Талаптары мына қа­ғазда, танысып шықшы», деп бір­неше қағазды алдыма тастады. Білгенім, бұл «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүрген, жеңіл пайда табуға құныққан бірнеше адам­ның тірлігі екен. Тиесілі тең­гені есепшоттарына аударсаң бол­ды, белің ауырмай-ақ «Қа­зақстанның құрметті қыз­мет­кері» деген атаққа ие болып, кеудеңе жылтырақ темір тағасың. Танысымның көңі­лін жықпайын деп, «Жарайды, кәне жазылған өмірбаяның» деп, бір сағаттың ішінде керек қағаздарын талапқа сай реттеп, электронды пошта арқылы көрсетілген поштаға жібердік. Ертеңіне-ақ жауап жетті: «Құжаттарыңыз түсті. Рахмет. Комиссия қа­рап, шешімін шығарады. Жауабын күтіңіз». Ұзақ уақыт өтпей танысым телефон шалды. Көңілді. Әлгі жоғарыда аталған атақтың төсбелгісі мен куәлігін алу үшін ертең Астанаға жүрмекші. Сәт-сапар тіледім. Екі-үш күннен кейін уатсапқа төсбелгілерді тапсыру салтанатында түсірілген бірнеше фотосуреті, төсбелгі мен куә­лі­гінің көшірмелері келіп түс­ті. Телефон шалып, жаңа ата­ғымен құттықтадым. Кейін біл­дім, әлгі төсбелгі мен куәлік оған 100 мың теңге тұрыпты. Одан бөлек жол қаражаты мен қонақүй, дәмханада тамақ­тану, ол атақты жуу...

Орыстың атақты жазушы­сы А.П.Чеховтың «Орден» атты әңгімесі бар. Оны біреу оқыған, біреу оқымаған болар. Әңгіменің ұзын-ырға­сы төмендегідей: бай көпес Спичкиннің үйіндегі Жаңа жыл кешіне мұғалім Пустя­ков поручик Леденцовтан Ста­нислав орденін сұрап алып тағып барады. Үстел ба­сын­да бірге қызмет ететін әріп­­тесі Трамблянды көре сала Пус­тяковтың құты қашады. Өз-өзінен қымсынып, кеудесіндегі орденді қолымен көлегейлей береді. Бір қызығы, әріптесі­нің де жүзінен қысылып-қым­тырылу байқалады. Сөйтіп, оң қолымен орденін жауып­ отырған Пустяковтан бі­реу бокал беріп жіберуін сұ­райды. Сол қолында өз бокалы. Амал жоқ, оң қолын ұсы­на бергенде кеудесіндегі ор­дені жарқырап шыға келеді. Бақса, әріптесі Трямблин де кеудесіне Станислав орденінен де жоғары ІІІ дәрежелі Анна орденін тағып алыпты. Онысы Трямблин басқа бір бокалға қолын соза бергенде байқалып қалады. Мұны Спичкин де байқап, именшектеп барып тамағын бір қырнап қояды. Сол кезде Пустяковқа «ай, шіркін, Владимир орденін тағып келуім керек еді ғой» деген өкінішті ой келеді... Міне, бұл әңгіменің жазылғанына жүз жыл өтсе де, қазіргі өмір­де әлі де кездеседі. Ел алдында бір ерекшеленіп, көрініп, мақтанып қалуды жанымыз тілеп тұратыны несі?..

Біз неге осы марапатты сон­шама жанымыз сүйеді? Сәл қызметіміз көтерілсе, жөн-жо­сықсыз мемлекеттік наградалар, атақ алғымыз келіп-ақ тұрады. Саусағыңызды бү­гіп санап шығыңызшы, сіз тани­тындардың қаншасы мем­лекеттік мәртебесі жоқ ведомстволық атақтарға ие екен: «Құрметті мәдениет қызметкері», «Құрметті журналист», «Құрметті энергетик», «Құрметті құрылыс­шы», «Құрметті теміржолшы» (әзірше «Құрметті тракторист», «Құрметті дәнекерлеу­ші», «Құрметті сиыршы», «Құр­метті құс өсіруші», «Құрметті тас қалаушы» және де басқа атақтардың жоғына шүкір!), тіпті тізе берсек, атақтарынан жаңыласың. Сахнада бір-екі жыл ән айтып, «жұлдыз­ға» айналған әншілеріміз де «Еңбек сіңірген қайраткер» немесе «Мәдениет қайраткері» деген атаққа ие болып шыға келеді (көптеген елде ондай атақтар мүлдем жоқ, соған қарамай есімдері әлемге танылып жүргендері аз ба?). Жа­зу­шы-қаламгерлер арасында да «Алаш» халықаралық әде­­би сыйлығының кейінгі кезде оң­ды-солды таратылуы біраз сын­ға ілікті. Жазушылардың ұзын саны 850-ден асып жығылыпты. Көпшілік арасында танымалы санаулы. Иә, несін айтамыз, қалам ұстағандардың барлығы жазушы болғысы келеді. Бір-екі кітабы шық­са, Мемлекеттік сыйлықтан дәмеленеді. Әйтеуір, бір айтулы атаққа ие болғысы келіп жұтынып, ұмтылып тұрады...

Кейінгі кездері академиялар мен академиктер де қаптап кет­ті. Әлгі «академик» атанған жан­ның ғылыми мектебі, шә­кірттері, әлем мойындаған елеу­лі еңбектері (монография, оқулық, оқу құралдары, т.б.) бар болса жақсы ғой. Оны дәл қазір сұрап жатқан ешкім жоқ. Жалған атаққа ие болып жүрген жандардың өзгемен қатар өздерін алдап жүргендерімен ісі де жоқ. Ақшасын қоғамдық академия қорына, оның кассасы­на құйып, әдемі қатты қағаздың иесі болып шыға келу ешкімді таңғалдырмайды. Тіпті «Е-е, жарайды, бір жолын тауып алған екен ғой сабазың, құтты болсын!» деп жүре береді. Ин­кубатордан шыққандай шү­пір­леген академиктер, құр­­метті академиктер санынан жа­ңыласың... Ғылымға «үш қай­наса сорпасы қосылмайтын» адамдардың есімдеріне ілеспе етіп ғылыми атақ-дәреже, академик дегенді қосып алатынды әдетке айналдыруы бүгіннің көріксіз келбеті емес пе?

Әртүрлі сыйлықтың лау­реаты дегендерің дәл қазір аз емес. Баз біреулері рес­пуб­ликамыздың шеңбе­рі­нен шығып, көрші мемле­кет­тердің лауреаттығын «шәп­кімен қағып» алып жа­тыр. Оларға қабаттасып «Об­лыстың құрметті азаматы», «Ауданның құрметті азаматы» деген атақтар жыл сайын әр өңірде кем дегенде 5–10 адамға беріліп, есімдері мәрмәр тасқа қашалып көз жауыңды алып жарыса тізіліп тұр. Солардың барлығы сол атаққа сай ма? Тіпті арасында қызметке орналасқандары­на 20 жылдан аспағандары да бар. Сол мезгілде олар халқы­на қандай жақсылық жасап үл­гер­ді екен? Баз біреулері теріс қылықтарымен (мыса­лы, жем­қорлыққа бой беріп) істі болып, сотталып жатқанда­рын естігенде, әлгі мәрмәр тақтаға жазылған есімдерін елден қа-лай қалқалаймыз?

Жақында бір таныс профессор: «Ресейдің ғылымы мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ алдым, құттықта мені...» деді де, ерекше жылтыраған төсбелгі мен куәлік-кітапшасын көрсетті. Жылтырақ темірден жасалған төсбелгі көздің жауын алады. Кітапшасына үңілсем, бір қоғамдық ұйым басшысы қол қойып, мөр басыпты. Мына марапат – көлденең көкаттылардың қитұрқы, ақша табу жолындағы алаяқтық іс. Ортамызда осындай жалған атаққа ие болып мәз болып жүргендер қаншама?

Атақ дегеннен шығады, қазір «Құрметті ардагер» деген атақ та жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап барады: «Қазақстанның құрметті ардагері», «Облыстың құрметті ардагері», «Ауданның құрметті ардагері», «Қаланың құрметті ардагері», «Ауылдың құрметті ардагері». Олар аздай әртүр­лі мемлекет және қоғам қай­раткерлерінің юбилейлік медальдары, институт, университет, әртүрлі мекеме мен қоғам бірлестіктерінің 20–30-40–50 жылдықтарына да төсбелгі шығару «модаға» айналды. Тағы бір жеке басылымдар мезгіл-мезгіл телефон шалып: «Біз республикалық «Алтын кітап» энциклопедиясынанбыз. Сізді облыстық әкімшілік біздің кітапқа енгізуді сұрап еді. Өмірбаяныңыз бен фо­то­суретіңізді жіберіңіз. Редак­ция қызметкерлері өң­деп, кітапқа басамыз», деп үзі­ле сұрайды. «Оларың тегін бе?» деген сұраққа: «Жоқ, ағай. Не­гізі бізде 100 мың теңге, бірақ сізге 75 мың теңге деп баға­сын түсіріп отырмыз. Суве­нир кітап пен медалі бо­лады», деп адамды қызықтыра түседі. Әрине, кейде бозөкпе біреу­лер бұл ұсынысқа еш ойланбай келісе кетеді. Кейін «Ме­нің атым «Ал­тын кітапқа» ен­ді» деп мәз болып, қуанышы қойны­на сыймай, терісіне ­сыймай ісіп-кеуіп жүреді. «Алтын кітап­­тан» басқа пәленбай түр­лі түсті, сапалы жылтыр қа­ғаз­дарға басылған том-том кітап­тар («Кто есть кто в Казах­ста­не», «Облысымыздың бел­гілі тұлғалары», «Медицина саң­лақтары» және де басқала­ры) жыл сайын әртүрлі бас­падан жарыса шығады. Шындыққа келгенде, сондай жолмен пайда тауып жатқан баспаларды басқарып отырған алаяқтарға жем болып кеткенін көпшілік байқай бермейді. «Атың шықпаса, жер өрте» дегендей, біреулер атақ үшін астындағы атын беруге даяр. Бірақ сол жалған атақ, көзтартар жалған жылтыраған төсбелгі оған көпшілік алдында, жүрген ортасында абырой, бедел бере ме екен?

Заңғар жазушы Әбіш Кекіл­баевтың: «Өмір бойы алы­сып-жұлысып жүріп пысы­қай­лықпен табылатын өтірік даңқ араға жыл түспей жатып, көш­кен жұрттағы күл төккен төм­пектей жермен-жексен шө­гіп, жұтап шыға келеді» дегенін санаға тоқи бермейміз-ау...

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор

ТАРАЗ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары