Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Болашақта 15 сағаттық жұмыс аптасы болады, бірақ ол адамдарға жеңілдік әкелмейді

Болашақта 15 сағаттық жұмыс аптасы болады, бірақ ол адамдарға жеңілдік әкелмейді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Bloomberg агенттігінің шолушысы Адриан Вулдридждің (Adrian Wooldridge) талдауындағы негізгі тұжырымдармен Aikyn.kz таныстырады.

Қазіргі макроэкономиканың негізін қалаушы, көрнекті британдық экономист Джон Мейнард Кейнс 1930 жылы сол дәуір үшін батыл әрі арандатушы көрінген эссе жариялайды. Онда ол 100 жылдан кейін адамзат аптасына небәрі 15 сағат жұмыс істейтін болады деп болжайды. Кейнстің пайымынша, машиналар еңбектің негізгі бөлігін өз мойнына алып, адамдар шығармашылыққа, демалысқа және өзін-өзі дамытуға көбірек уақыт бөледі.

Көп жылдар бойы бұл болжам утопия ретінде қабылданды. Алайда жасанды интеллект экономиканы түбегейлі өзгертіп жатқан кезеңде Джон Кейнстің сөзі өте өзекті естіледі. Тура бір ғасыр өткенде оның болжамы қорқынышты шындыққа жақындағандай.

Бұған дейінгі технологиялық революциялар негізінен физикалық еңбекті автоматтандырды. Бу машиналары, конвейерлер, роботтар – бұлардың бәрі зауыт жұмысшыларын алмастырды. Бірақ ойлау, талдау және қарым-қатынас жасау қабілетін қажет ететін мамандықтарды көп жағдайда сақтап қалды.

Жасанды интеллект осы шекараны алғаш рет бұзды. Бүгінде алгоритмдер мәтін жазады және құжаттарды талдайды, бағдарламалық код жасайды, бухгалтерлік есеп жүргізіп, заңдық қорытындылар дайындайды. Бұдан басқа экономика салалары мен логистиканы басқарып, бизнес үдерістерді оңтайландырады. Бұрын тек адамға тән деп есептелген шешімдерді енді ЖИ қабылдайды.

Бұл – жұмыстың жай ғана жеделдеуі емес. Бұл – алмастыру. Джон Кейнс «технологиялық жұмыссыздық» туралы айтқанда, дәл осы құбылысты ескерткен болатын. Яғни, машиналардың өнімділігі экономика жаңа жұмыс орындарын құруға үлгергеннен де жылдамырақ өсетін жағдай туады.

Өнімділік өседі, ал адамның жұмыс күшіне сұраныс артпайды. Бұл жерде экономикалық логика қарапайым: егер компания аз қызметкермен көп өнім өндіре алса, ол дәл солай істейді. Осылайша, ЖИ – персонал шығынын қысқартуға, қателер санын азайтып, міндеттерді жылдам орындауға және бизнес процестерді стандарттауға жол ашады. Бірақ мұнымен бірге еңбекке деген сұраныс та төмендейді.

Бүгінгі офистерде кеше ғана алмастыру мүмкін еместей көрінген қызметтер жоғалып барады. Аналитиктер мен ассистенттерге, орта буын менеджерлер мен құжат айналымы мамандарына сұраныс жоқ.

Индустриялық дәуірде жоғалған жұмыс орындарының орнына жаңа салаларда жұмыс орындары пайда болатын. Ал бүгінде бұл механизм жұмыс істемейді. Жаңа мамандықтар пайда болып жатыр, бірақ олардың саны жоғалып жатқан қызметтерден аз. Оның үстіне, олар әлдеқайда жоғары біліктілікті талап етеді.

Джон Кейнс еңбектен босау адам әлеуетінің гүлденуіне әкеледі деп сенді. Бірақ шынайы өмір басқаша дамуда. Өнімділік өссе де, адамдар бұрынғыдай, тіпті кейде одан да көп жұмыс істеуде. Мұның себептері технологияда емес, қоғамның құрылымында жатыр. Өмір сүру құны табыстан жылдамырақ өсіп жатыр, экономикалық пайда әділетсіз бөлінеді, корпорациялар жұмыс уақытын қысқартудан гөрі пайданы барынша арттыруға ұмтылады.

ЖИ осы үрдістерді одан әрі күшейтіп жіберді. Ол орасан экономикалық құндылық тудырады, бірақ сол құндылықтар технология иелерінің қолында шоғырланған. Нәтижесінде, біз парадоксқа тап болдық. Еңбекке қажеттілік азайып келеді, бірақ адамдарға аз жұмыс істеу мүмкіндігі берілмейді.

Егер ЖИ ақыл-ой еңбегінің көп бөлігін орындай алатын болса, онда маңызды сұрақ туады. Қазіргі экономикалық модель мынадай: адам жұмыс істейді, жалақы алады, сол жалақыға өмір сүреді.

ЖИ бұны түбегейлі өзгертті. Егер машиналар тапсырмалардың көп бөлігін орындай алса, онда табысты кім алады? Пайда қалай бөлінуі керек? Қоғамның тұрақтылығын қалай сақтаймыз?

Бұл сұрақтарды экономистер қазірдің өзінде талқылап жатыр. Бірақ саяси шешімдер технологиялық шындықтан әлі де артта қалып келеді. Сондықтан болашақтың мынандай нұсқалары болуы мүмкін. Сарапшылар бірнеше сценарийді бөліп көрсетеді.

1-сценарий – бос уақыт қоғамы. Технологиялар жоғары өмір сапасын қамтамасыз етеді, жұмыс аптасы қысқарады. Адамдар шығармашылықпен, ғылыммен, отбасымен айналысады. Бұл – Кейнстің оптимистік нұсқасы.

2-сценарий – теңсіздік қоғамы. Көпшілік тұрақты жұмыспен қамтылу мүмкіндігін жоғалтады. Ал байлық ЖИ жүйелерінің иелерінің қолына шоғырланады. Жұмыс аптасы қысқармайды, керісінше өмір сапасы төмендейді.

3-сценарий – қайта бөлу қоғамы. Мемлекеттер жаңа механизмдерді енгізеді. Оның ішінде базалық табыс, автоматтандыруға салық, азаматтардың ЖИ әкелетін пайдаға қатысуы бар.

4-сценарий – гибридті қоғам. Кей салалар толық автоматтандырылады, кейбірі жартылай ғана өзгереді. Сөйтіп, еңбек қажеттілік емес, біртіндеп таңдау сипатына ие болатын жаңа әлеуметтік құрылым қалыптасады.

Осы 4 сценарийдің қайсысы өмірде жүзеге асатыны технологияға емес, саяси шешімдерге байланысты болып отыр. Бүгін бір нәрсені анық айтуға болады.

Атақты экономист Джон Кейнс басты нәрсені дұрыс болжады. Технологиялар адамдарды толық жұмыс күні (8-10 сағат) істеу қажеттілігінен босата алады.

Бірақ ол бір мәселеде қателесті. Бұл бостандық автоматты түрде келмейді. Технологиялық прогресс өздігінен бос уақыт қоғамын құрмайды. Ол тек мүмкіндік береді. Ал сол мүмкіндікті шындыққа айналдыру үшін қазірдің өзінде еңбек нарығын реформалап, табысты бөлудің жаңа модельдерін жасау керек. Яғни, адам өміріндегі еңбектің рөлін қайта ойластыру маңызды. Бұның бәріне, әрине көрегендік пен саяси ерік қажет. 

Біздің ойымызша, ЖИ – Кейнстің 15 сағаттық жұмыс аптасы туралы болжамын орындауға берілген мүмкіндік қана. Бірақ оны беталды жібермей, саналы түрде жүзеге асыру керек. Сонда ғана адам еңбектің қадірін жоғалтпай, адамдығын сақтап қалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:293
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 15:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары