Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Бразилиядағы қантөгіс халықты дүрліктірді

Бразилиядағы қантөгіс халықты дүрліктірді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Рио-де-Жанейрода есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтарға қарсы ауқымды полиция операциясы барысында 100‑ден астам адам мерт болған.

Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Өйткені жұрттың мынадай сорақы жағдайдан соң тыншуы да қиын.

Рио-де-Жанейрода есірткіге қарсы рейд кезінде 119 адам мерт болды. Оның төртеуі полиция қызметкері. Бұл әзірге белгілісі ғана. Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, құрбандар саны 130-дан асуы мүмкін. Қала полициясының баспасөз хатшысы Фелипе Кури бұл әрекетті сот шешімі бойынша жүргізілген заңды рейд деп мәлімдеді.

Фелипе Кури, Рио-ДЕ-Жанейро полициясының баспасөз хатшысы:

- Біз тек заңға сай әрекет жасадық. Бізге қарсы шыққандар залалсыздандырылды. Ешқандай заңсыздық болған жоқ. Полиция тек қылмыскердің әрекетіне жауап береді. Барлығы тиісті ережелер шеңберінде жасалды.

Операцияға шамамен 2 жарым мың әскери және полиция қызметкері жұмылдырылған. Олар Пенья және Алемао фавелаларында әрекет еткен «Қызыл команда» деп аталатын ірі есірткі тобының ісін тоқтатуға тырысқан. Нәтижесінде 118 қару мен жарылғыш заттар тәркіленді. 113 күдікті ұсталды. Оның ішінде 10 жасөспірім бар.

Алайда қанды рейдтің арты жаппай көтеріліске ұласты. Ашулы жұрт Рио штаты әкімшілігінің алдына жиылып, полицияның ісіне наразылық білдірді.  Тұрғындар Бразилия туын қызыл бояумен бояп, «Қанішерлер!» деп айғайлады.

Рут Салес, шеруге қатысушы:

- Полицияның мұндай қатыгездігіне қалайша адамдар бейжай қарай алады? Тағы қанша ана өз баласын жоқтап жылай беруі керек? Ертең дәл сондай қайғы кез келген отбасының басына түсуі мүмкін. Осындай жағдайдан кейін біз өзімізді қалайша болашағымыз бар елміз деп айта аламыз?

Рейдтің салдары күткеннен де ауыр болды. Қаза тапқандар саны алғаш айтылғаннан әлдеқайда көп болып шықты. Тергеу барысында орманнан мәйіттер табылған. Тіпті кейбірінде пышақ жарақаттарының белгілері бар екені анықталды. Осыған байланысты, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі өкілі Марта Уртадо да жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Бразилия үкіметін адам құқықтарын сақтауға және оқиғаны жан-жақты тергеуге шақырды.

- Марта Уртадо, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі өкілі:

- Біз «Қызыл команда» сияқты қауіпті әрі жақсы ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрестің оңай еместігін жақсы түсінеміз. Кейінгі жылдары мұндай операциялар көптеген адамның, соның ішінде қара нәсілді тұрғындардың өліміне жиі себеп болып отыр. Бұл жағдай бізді қатты алаңдатады. Осыған байланысты БҰҰ Бразилия билігін елдегі зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, полицияның іс-әрекеті халықаралық заңдар мен адам құқықтары талаптарына сәйкес болуын қадағалауға шақырады.

Рио-де-Жанейродағы бұл операция Бразилия тарихындағы ең қанды рейдтердің қатарына енді. Бұған дейін де елдің түрлі аймақтарында есірткі саудасына қарсы қақтығыс кезінде адам шығыны болған. Алайда бұл жолғысы соның бәрінен асып түсті.

Авторы: Динара Орынтай

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 07:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары