Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Британдықтар Johnson & Johnson компаниясын қауіпті балалар ұнтағын сатқан деп айыптады

Британдықтар Johnson & Johnson компаниясын қауіпті балалар ұнтағын сатқан деп айыптады

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Олардың мәлімдеуінше, америкалық фармацевтикалық компания ізбеспен ластанған тальк негізіндегі балалар ұнтағын әдейі сатумен айналысқан, деп жазады The Guardian газеті.

Талапкерлердің сөзінше, өздері немесе туыстары Johnson’s Baby Powder балалар ұнтағын қолданғаннан кейін аналық без обыры немесе мезотелиома (ізбес әсерінен пайда болатын қатерлі ісік түрі) дертіне шалдыққан. Олар Англия соты арқылы өтемақы талап етіп отыр.

Мезотелиома — көбіне ізбестің әсерінен пайда болатын қатерлі ісік түрі. Ол, әдетте, өкпеде дамиды, себебі адам минералдың микроскопиялық талшықтарын жұтып қояды.

Адвокаттардың айтуынша, Johnson & Johnson ондаған жыл бойы бұл тәуекел туралы ақпаратты жұртшылықтан жасырған. Кейін компания өнім құрамындағы талькты жүгері крахмалына ауыстырған, алайда тальк негізіндегі ұнтақ өндірісін және сатылымын Ұлыбританияда және бүкіл әлемде тек 2023 жылы ғана тоқтатты, яғни АҚШ пен Канадада сатылымнан алынғаннан кейін үш жыл өткен соң.

Johnson & Johnson барлық айыптауды, соның ішінде ізбеспен ластанған ұнтақты әдейі сатты деген мәлімдемелерді жоққа шығарып отыр. Компанияның бұрынғы бөлімшесі болып, екі жыл бұрын жеке құрылымға бөлініп шыққан және АҚШ пен Канададан тыс талькке қатысты істермен айналысатын Kenvue өкілінің айтуынша, пайдаланылған тальк нормативтік талаптарға сай болған, құрамында ізбес болмаған және қатерлі ісік туғызбайды.

Johnson & Johnson өнімдерінде қолданылған тальк табиғи минерал, ол көбіне ізбес кен орындарының маңынан өндіріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, ізбестің кез келген түрі бірнеше түрлі қатерлі ісік ауруын тудыра алады және созылмалы тыныс алу жолдары ауруларына әкелуі мүмкін.

Адвокаттар өздерінің талап-арыздарында өндірістік ауқымда өңдеуге жарамды әрі ізбестен толық таза тальк кен орындары әлемде өте аз екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, жауапкер компанияға тальк жеткізген барлық шахта ізбеспен ластанған.

Сондай-ақ осы шахталар бойынша жасалған есептер, компанияның өз зерттеулері мен ғылыми жарияланымдар Johnson & Johnson-ды тальктің ізбестен ластану қаупі туралы хабардар етуге тиіс болған. Алайда компания, талапкерлердің айтуынша, балалар ұнтағының қауіпті болуы мүмкін екендігін көрсететін ақпаратты әдейі жасырып келген.

Сонымен қатар Johnson & Johnson реттеуші органдарға қысым жасап, өнім сатылымын жалғастыруға тырысқан және адамның денсаулығына қауіптің төмен екендігін көрсету мақсатында зерттеулерді қаржыландырған деп хабарланады.

Ұлыбританиядағы бұл оқиға АҚШ-тағы ауқымды сот істерінің жалғасы іспеттес, онда да Johnson & Johnson компаниясына қарсы осындай мазмұндағы көптеген талап-арыз берілген. Кей жағдайларда талапкерлер миллиардтаған доллар көлемінде өтемақы алса, компания кей апелляцияларда өз пайдасына шешім шығартуға қол жеткізген.

Адвокаттардың бағалауынша, Ұлыбританияда өндіріліп алынуы мүмкін өтемақы сомасы жүздеген миллион фунт стерлингке жетуі ықтимал. BBC атап өткендей, бұл іс ел тарихындағы өнім сапасына қатысты ең ірі сот процесі болуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ соты Johnson & Johnson компаниясын балалар ұнтағының қатерлі ісік тудырғаны үшін шамамен 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеген еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 23:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары