Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

“Бұл шынайы екеніне сенбеймін“. Шетелдік Қазақстан туралы видеосымен миллиондаған қаралым жинады

“Бұл шынайы екеніне сенбеймін“. Шетелдік Қазақстан туралы видеосымен миллиондаған қаралым жинады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал YouTube-блогері Joe HaTTab Қазақстанға сапарлап келіп, елден алған әсерін бөлісті. Ол сапар барысында бүркітшілермен жүздесіп, Бозжыра мен Байқоңырға барды, сондай-ақ қараусыз қалған "Боран" кешенін тамашалады. Оның ролигі бір күн ішінде 2,6 миллион қаралым жинады, деп хабарлайды Tengri Travel.

Joe HaTTab Қазақстанға жергілікті блогер Дастан Мұхамедрахымның шақыртуымен келген. Ол сапары барысында Алматы, Маңғыстау облысы, Астана және Байқоңырда болды.

Бүркіт, киіз үй және Қайыңды

Ролиекке қарағанда, саяхат Алматыдан басталған. Блогер тауға шығып, бүркітшілермен танысты. Оны ең алдымен құстардың алыптығы таңғалдырды.

"Құстардың бірі небәрі бес жаста болса да, өте үлкен көрінеді. Мына тырнақтарының өлшеміне қараңызшы", - дейді ол видеода.

Джо бүркітшімен бірге. Видеодан кадр

Бұдан кейін саяхатшы тобымен бірге өздері тіккен киіз үйде уақыт өткізіп, қуырдақ пісіріп көрді және Алматы маңындағы Қайыңды көліне барды.

Блогер су айдыны айналасындағы көріністі Канаданың табиғатына ұқсатты.

"Осыдан кейін біз Алматы маңындағы көркем көлге бардық. Оның пейзажы Канаданы еске түсіреді: таул, аңғар және судың таңғажайып түсі. Бір болжам бойынша, бұл жерде бұрын орман болып, өзен аққан, бірақ жер сілкінісінен кейін көл пайда болған", - деп бөлісті ол.

Қайыңды. Видеодан кадр

Маңғыстаудағы Бозжыра мен Қызылкөп

Келесі аялдама Маңғыстаудағы Бозжыра мен Қызылкөп шатқалы болды. Алматыдан ұшу шамамен үш жарым сағатқа созылған, бұл саяхатшыны таңғалдырды.

"Үш жарым сағат па? Біз әлі де бір елдің ішіндеміз бе?" - деп таңданды ол.

Жергілікті табиғаттың кереметтігі сонша, блогер оны Марс бетімен салыстырды.

Маңғыстаудағы Қызылкөп шатқалы. Видеодан кадр

Маңғыстау мен Байқоңыр аралығында Джо Астанаға соғып үлгерді. Онда саяхатшыны елорданың заманауи сәулеті, мұражайлары мен технологиялық нысандары қызықтырды.

Видеодан кадр

Елордада саяхатшы қаланың бас мешітіне барып, намаз оқыды. Мешіт ішінде блогер ғимараттың ауқымы мен безендірілуіне назар аударды: биіктігі 83,2 метрлік күмбез, ауданы 16 мың шаршы метр болатын әлемдегі ең үлкен кілем және 25 миллион шыны бөлшегінен жасалған алып қабырға оның назарынан тыс қалмады.

"Мұнда, Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт орналасқан, сондықтан біз оған барып, намаз оқуды ұйғардық. Мешіттің көлемі мен кеңдігі таңғалдырады", - деп атап өтті ол видеода.

Астананың бас мешіті. Видеодан кадр

Байқоңырда блогерді не таңғалдырды?

Сапардың негізгі жерлерінің бірі Байқоңыр болды. Блогер кезінде Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылған және ғарышқа алғашқы адам аттанған ғарыш айлағының нысандарын аралады.

"Біз зымырандарды құрастырып, ұшыратын старт алаңында болдық. Зымыранды ұшыру орнына жеткізіп, оны тік қалыпқа келтіретін тасымалдағышты, сондай-ақ кеңес дәуірінде салынған арнайы жерасты туннельдері мен бөлмелерді көрдік", - деді Джо.


Байқоңыр. Видеодан кадр

Блогерге әсіресе кеңестік "Боран" бағдарламасының кешені ерекше әсер етті. Ішінде әлі күнге дейін ондаған жылдар бойы ешкім тиіспеген ғарыш кемесі мен жабдықтар тұр.

Байқоңырдағы "Боран" кешені. Видеодан кадр

Шаттлды көргенде, Джо түсірілім алаңында емес, нағыз тарихи орында тұрғанына сенер-сенбесін білмеді.

Сондай-ақ жақын маңда "Боранды" ғарышқа шығаруы тиіс болған алып "Энергия" зымыраны сақталған.

Сапар барысында Джо Қазақстанның әртүрлі қырын көріп үлгерді - бүркітпен аң аулау мен тау көлдерінен бастап, Маңғыстау шөлдеріне, заманауи Астана мен Байқоңырдың кеңестік ғарыш нысандарына дейін тамашалады. Ролиектен саяхатшыны ең алдымен осы алуантүрлілік таңғалдырғаны байқалады.

Joe HaTTab туралы не белгілі?

Joe HaTTab - деректі фильмдер режиссері және тревел-видео авторы. Ол 2016 жылдан бері түрлі ел мен адамдар туралы хикаялар түсіріп келеді, оның YouTube-арнасына 21 миллионға жуық адам жазылған.

Қазақстанға келер алдында блогер әлемнің әр түкпірі туралы деректі роликтер шығарған. Кейінгі жұмыстарының арасында Филиппин, Куба және Эверест туралы видеолар бар.

Айта кетейік, Қазақстан шетелдік фотографтар мен креаторлар үшін жиі түсірілім орнына айналып келеді. Мәселен, ұлыбританиялық фотограф Джордан Қазақстанға келіп, түрлі хикаяны бастан өткерді. Оның суреттері әлеуметтік желілерде тез тарады.

Ал француз блогері әрі дизайнері Маңғыстау облысына жасаған бір апталық экспедициясынан кейін бұл өңір оның планета туралы түсінігін түбегейлі өзгерткенін айтты.

Тағы оқыңыз: “Бәрі дұрыс екеніне көз жеткізгісі келеді: Нидерланд блогері Қазақстан несімен таңғалдырғанын айтты

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 13:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары