Бурабайда астаналық 22 жастағы бойжеткен квадроциклмен апатқа ұшырап, мерт болды
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бурабайда квадроцикл аударылып, Астананың 22 жастағы тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде Зеленый Бор және Бурабай кенттерінің арасындағы жолда болды. Алдын ала ақпарат бойынша, квадроцикл мінген бойжеткен басқаруға ие бола алмай, техника аударылып кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Квадроцикл жолаушысы – елорданың 19 жастағы тұрғыны жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді.
Қайғылы оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар квадроцикл жалдау пунктінің жұмысы тексеріліп жатыр: техниканы жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы және мұның ажалды апатқа себеп болу-болмауы анықталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 08:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















